АИДАНЫҢ
АРМАНЫ
қазақ мәдениетін әлемге паш
ету
Дизайн өнеріне ерекше
көзқараспен қарайтын шығармашыл жас – Аида Багзатханова. Оның
сызбалары мен эскиздері ұлттық нақышты заманауи стильмен шебер
ұштастырады. Аида – болашақ сән әлемінде өзіндік қолтаңбасын
қалдыруға дайын жас дизайнерлердің
бірі.
Бүгінде Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінде сурет-дизайн саласы бойынша бітіруші курс
студенті.

– Қайырлы күн, Аида ханым
сұхбатымызды бастамас бұрын мамандықты таңдауыңызға не түрткі
болғанын білсек?
– Қайырлы күн Бала кезімде
түрлі-түсті суреттер салып, айналамдағы заттарды өз қалауымша
өзгертуді ұнататынмын.Қолымнан келгенше өзіме әр түрлі қызықты
дүниелер жасап алушы едім.Кейінірек дизайнер мамандығы шығармашылық
пен практикалық жұмысты үйлестіруге мүмкіндік беретінін
түсіндім.
– Қазір қандай жобалармен
айналысып жатырсыз?
– Қазіргі басты мақсатым –
дипломдық жұмысымды сәтті аяқтау. Жобамда қазақы ою-өрнектерді
заманауи графикамен үйлестіруді көздеймін. Сонымен қатар, киім
дизайнын жасауға да уақыт табамын. Бұл мен үшін шығармашылық
еркіндік алаңы. Осы жұмыстарым арқылы өзімнің стилімді
қалыптастыруға тырысамын.
(Суретте көріп
отырғандарыңыздай, түрлі киім үлгілерінің эскиздері –
шығармашылығымның бір бөлшегі. Әр түстің үйлесімі, әр сызық –
мұқият ойластырылған детальдар.).
– Ең
ерекше жобам – «Ұлттық нақыштағы заманауи интерьер» атты жұмысым.
Бұл жобада мен қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерін дизайнында
қолдандым. Оның заманауи үйлесімі, және бұл жоба менің
шығармашылығымның жаңа қырын ашты. Бүгінде қазақи нақыштағы киімдер
сән де көп сұранысқа ие. Өзімнің жеке
брендімді қалыптастырғым келеді.
– Сурет өнерімен де айналысатыныңызды байқадық.
Бұл сіздің дизайнерлік жұмысыңызға қалай әсер
етеді?
– Иә, графикалық және
академиялық сурет салу – менің негізгі құралым. Сурет салу менің
қиялымды дамытып, идеяларымды қағазға түсіруге көмектеседі. Сіз
көріп отырған гипс элементтерінің эскиздері – менің техникалық
машығымды жетілдіру жолым. Бұл да шығармашылық үдерістің маңызды
бөлігі.Суретте гипс элементтерінің нақты және көркемдік тұрғыдан
орындалған эскиздері көрсетілген. Мұндай жұмыстар – қолдың
шеберлігін арттыруға арналған жаттығу ғана емес, сонымен қатар
шығармашылық идеяларды толыққанды жеткізудің
құралы.

-Қазір экологиялық дизайн,
минимализм және ұлттық стильді қайта жаңғырту трендте. Бұл бағыттар
маған да жақын. Алайда, трендке қарағанда өзіңнің ерекше стиліңді
табу маңызды деп ойлаймын. Тұтынушыға сапалы әрі сәнді дүниені
тұтыну кәсібилігімізді артырады сондықтан трендтегі үлгілерді
байқап өзімде тренд дүние шғаруға
тырысамын.
– Алға қойған қандай
жоспарларыңыз бар?
–
Оқуды аяқтаған соң, ұлттық
нақышты сақтау арқылы европалық заманауи дизайн саласында жұмыс
істегім келеді. Болашақта жеке дизайн студиямды ашып, қазақ
мәдениетін әлемдік деңгейде насихаттағым келеді. Қазіргі кезде
өзімнің жасаған жұмыстарымды Instagram ,TikTok, Kaspi shop
қосымшалары арқылы парақша ашып сатылымға шығарып жүрмін. Көптеген
көрмелермен, жәрмеңкелерге қатысып тұрамын.Сапалы жұмыс, тың дизайн
үлгілерін шығарып мемлекеттік бағдарламалар арқылы грант ұтып алып
жұмыс бастасам деймін.
– Болашақ дизайнер
мамандығына түсуші талапкерлерге қандай кеңес берер
едіңіз?
– Ең бастысы – ешқашан өзіңізді
шектемеңіз дер едім. Дизайн – шекарасы жоқ әлем. Әрдайым жаңа
идеялар іздеп, шабыт алыңыз. Табиғат, музыка, өнер, технология –
кез келген нәрсе сізге тың ойлар беруі мүмкін.Трендтерді біліңіз,
бірақ оларға байланбау керек. Трендтерге сәйкес келумен қатар,
уақыттан тыс өзекті болатын ерекше, тұрақты дизайн жасауға тырысу
маңызды. Әрбір қателік – сіздің кәсіби өсуіңізге қадам. Жаңа
техникалар мен материалдарды қолданып көріңіз, эксперимент жасаудан
қорықпаңыз. Кез келген сәтсіздік – жетістікке апаратын тәжірибе.Сол
себептен қателік жасаудан еш қорықпаған
жөн.
Қазіргі дизайн индустриясы технологиясыз мүмкін
емес. Photoshop, Illustrator, Blender немесе басқа бағдарламаларды
меңгерсеңіз сұраныстағы маман болатыныңыз анық.Қандай қиындық
кездессе де, өз мақсатыңызға сеніңіз. Егер жүрегіңізбен сүйетін
жұмысыңызбен айналыссаңыз, жетістікке жетуіңіз
сөзсіз.
– Сұхбатыңыз үшін көп
рақмет.
Сізге шығармашылық табыс
тілейміз!
Сұхбаттасқан: Жансая
Сәрсенәлі
Журналистика мамандығы
4-курс студенті