«Жеңіл өнеркәсіп және сервис
колледжі», Өндірістік оқыту шебері:Құрбан
Н.К.
Әйел көйлегін
пішу
Көйлектік маталардың
түрлері: жартылай жүнді, мақта матасы, синтетикалық маталар болып
келеді.
Жүн
мата –қалың немесе жұқа, жылу қасиеті өте
жоғары, төзімді, берік және кез-келген түске оңай бояуға болады,
қыртысталмайды. Бірыңғай жүннен немесе
басқа талшықтар қосылып аралас тоқылған маталар. Жүн маталар таза
жүн Мата (6 – 10% ғана өзге талшық қосылған) және жартылай жүн мата
болып бөлінеді. Жартылай жүн матаға жасанды және синтетикалық
талшықтар көбірек қосылған. Бұл оның сапасын арттырады, яғни тез
тозбайды, мыжылмайды, үтіктеуді қажет етпейді. Көйлекті тігуге
жартылай жүн маталар қолданылады.
Матаның оң жағын,
түгінің бағытын, ақауын
анықтау. Жүн маталарды орағанда
оңын ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің томпиған
жағы оң жаққа қарайды. Қолданудың алдында матаның екі жағында
мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе ине
шаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді
немесе онша көрінбейтін бөліктерге
жібереді.
Мақта
мата –
бұл барынша төзімді мата. Кез
– келген бояуға ыңғайлы. Бірнеше рет жуған соң да түсі оңып
кетпейді. Жаздың ыстық күнінде ауаны жақсы өткізеді, өте жеңіл, әрі
тігуге ыңғайлы. Мақтадан тігілген киімдерді үтіктеу
қиын. Аздап жүнге ұқсас, бірақ
жұмсақ. Сондай-ақ басқа да артықшылықтары: суға төзімді, созылыңқы
емес. Гигроскопиялық қасиеті - теріні салқындатады, ылғалды сіңіріп
алады. Біздің киімдердің көбісі осы мақта матасынан тігіледі. Жақсы
дем шығарады, тітіркенбейді, тіпті ең сезімтал теріге қаупі жоқ. 40
° C дейін температурада қолмен жуылады. Теріс жағынан, марлымен
немесе басқа матамен үтіктеу керек. Мақта матасын суық сумен шайып,
кейін жылы матамен үтіктесе ол жақсы
пішіледі.
Синтетикалық
маталар – жасанды талшықтардан жасалған, тозуға төзімділігі жақсы,
күн сәулесіне тұрақсыз.. Қайталап жуса да түсі оңып кетпейді, тез
кебеді. Синтетикалық маталардың бірқатар жақсы қасиеттері бар:
иілімділігі жоғары, берік, жууға, пішінің өзгертетін әсерлерге,
химиялық және биологиялық факторлардың әсеріне төзімді. Бірақ,
бірқатар кемшіліктері де бар, соларға байланысты іш киімдерді
дайындау үшін синтетикалық маталарды қолданбайды. Денеге аллергия
беруі мүмкін. Бұл кемшіліктеріне ең алдымен, төмен гигроскопиялық
қасиеті. Ылғалды сіңіруі қиын, денеге ауа жібермейді. Сондықтан да
адам денесінің жаз уақытында тез қызуына, ал қыста - тез
салқындауына әкеп соғады. Қазіргі заманда
синтетикалық маталар көптеп шығарылуда. Үтікті қажет етпейді
мыжылмайды, сол үшін мата шетін тексеріп
көреміз
Біздегі көйлектің моделі
осындай, осыған лекаломыз дайын.


Техникалық
сипаттамасы: әйелдің күнделікті киюге
арналған көйлегі. Жартылай қыналған пішімді, синтетикалық талшығы
бар, ақ түсті матадан әзірленген. Көйлек жеңді. Алдыңғы бойында
рельеф тігісті бедерлерімен модельденген. Көйлектің ұзындығы тізеге
дейін келген.
Алдыңғы бойы – симметриялы
пішілген, оң жақ бөлігінде рельеф тігісі бар.
Артқы бойы – ортаңғы тігісі
және рельеф тігісі бар, жасырын сыдырма түймелікпен
өңделген.
Көйлектің мойын ойындысы
әдіппен өңделген.
Көйлектің қолтық ойындысы бір
тігісті жеңмен өңделген.
Лекалдардың 2 түрі
бар:
-
Тігіс еніне
берілген;
-
Тігіс еніне
берілмеген.
Біздегі лекаломыз бірден тігіс
еніне берілген масштаб көлеміндегі лекалдар жиынтығы.
Лекалдар жиынтығы дегеніміз
– алдыңғы
бойдың бірінші бөлшегі, алдыңғы бойдың екінші бөлшегі, артқы бойдың
бірінші бөлшегі, артқы бойдың екінші бөлшегі, жең, мойын
ойындысының әдібі.
Бұл лекалымызда иық еніне 1
см, бүйір тігісіне 1 см, етегі мен жеңіне 2,5 см
беріледі.
Негізі шынайы өлшем
лекалдарында тігіске иық еніне 1см, бүйір және артқы тігістеріне
1,5 см, етегіне 3-4 см беріледі.
Материалдарды
пішу деп оларды төсемге арналған
жекелеген жаймаларға қию (төсемдерді дайындаған кезде), бұл
төсемдерді бөліктерге қию және бөлшектерді пішу түсініледі. Пішу
өндірісінің келесі міндеттеріне пішілген бөлшектерді тігуге
дайындау (нөмірлеу, суретті реттеу, көмекші сызықтар, кертпелер
салу), бөлшектерді жинақтау, пішімді тігін цехына жіберу
жатады.
Бұйым бөлшектерін пішуді төсем
жаймасының беткі жағында бормен не қарындашпен салынған лекало
суреттемесі бойынша орындайды. Көйлек және басқа да жұқа әрі жылтыр
маталарда лекало суретін салу үшін қағазды пайдаланады. Лекало
контурларын қағазда қарындашпен жүргізеді, суреттемені төсемге
қысқыштармен бекітіп, төсемді онымен бірге пішеді. Суреттеме алу
үшін лекало контурларын бормен не қарындашпен жүргізу көп уақытты
алады, ал оны бір-ақ рет қана пайдалануға болады. Бұл тәсіл
берілген бұйымға арналған материалды бір рет пішкен жағдайда немесе
пішу үшін әртүрлі енді жаймаларды пайдаланған жағдайда ғана өз-өзін
ақтайды. Бірақ егер жайылмалар көп рет пайдалануға арналса және
тұрақты енді материал пішілуі тиіс болса (көбінесе бұл астар мен
қолданбалы материалдарды пішкен кезде болады), онда төсемнің
үстіңгі жаймасында лекало контурларының суретін салу үшін
трафаретті пайдаланады.
Егер материалда текстильді
ақау болса, онда оны жалпы төсемде пішуге болады, тек бұл жерде
орындалуы тиіс шарт – ақау бұйымды пайдаланған кезде көзге
көрінбейтін бөлшектерге (астыңғы жағаға, өңірастының астыңғы
бөлігіне және т.б.) немесе лекалоаралық бөліктерге түсуі тиіс. Егер
бұл іске аспаса, онда мұндай жаймада бөлек лекало жайылмасын
жасауға тура келеді. Егер ақаулы бірнеше жайма бар болса, оларды
төсем жасай отырып, бірге пішуге болады. Ақаулы жаймаларды төсеу
кезінде ақаудың орналасқан жерін астыңғы жаймадан келесі жаймаға
ауыстырады. Үстіңгі жаймада барлық ақаулардың орындары белгіленеді.
Одан кейін жайылманы жүргізуге болады. Жаюшының шеберлігі барлық
ақауларды лекалоаралық бөліктерге орналастырудан және бұл ретте
материал шығысының белгіленген нормаларынан асып кетпеуден
тұрады.
Сонымен, лекало контурларын
материалға көшірудің бірнеше тәсілдері бар. Қандай да бір тәсілді
таңдау тігін бұйымдарының сұрыпталымын, пайдаланылатын
материалдарды, кәсіпорынның қуаттылығын, оның жабдықталуын ескере
отырып жүзеге асырылады. Бұл таңдаудың мақсаты жоғары сапалы пішім
алу болып табылады.
Маталарды төсеу кезінде
мынадай техникалық талаптар сақталады:
■ жаймаларды керілген, қиғаш,
босаң жерлерсіз (қыртыстарсыз) орналастырады;
■ жаймаларды төсемнің алдыңғы
шеті бойынша және жиектерінің бірін бойлай
теңестіреді;
■ торлы не жолақты ірі суреті
бар материалды беткі жағын беткі жаққа қаратып төсеген кезде жұп
жаймаларда суретті сәйкестендіреді;
■ түкті маталарды төсеген кезде
түктің бағыты барлық жаймаларда бірдей болуын
қадағалайды;
■ бірнеше түсті (артикулды)
материалдарды төсеген кезде әуелі бір түстегі (артикулдағы), одан
кейін басқа түстегі және т.б. материалдарды
төсейді.
Пішудің алдында барлық матаны
дерлік декатирлейді. Декатирлеу
(тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта,
мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды),
бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала
кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді.
Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке
немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра
үтіктейді.
Пішу
түрлері:
Түкті маталарды (барқыт,
вельвет, велюр) тігін өндірісінде пішу күрделі болып келеді. Түкті
маталарды пішу кезінде барлық бөлшектер төменнен жоғары бағытталуын
қадағалау керек. Лекалды матаға қойып, ағылшын инелерін қадаған
кезде, мата тесіліп қалуы мүмкін.
Тор көзді
маталарда матаның көлденең қималарын
бірдей етіп, оң жағынан ішке қарай бүктейміз. Сонымен қатар,
жиектер бір-біріне сәйкес келуі қажет емес, бәрі тор көзді суреттің
сызықтарына байланысты болады.
Көлденең қималарын тордың
сызығы бойынша ағылшын инелерімен қыстырамыз. Лекалдар жиынтығы тор
көзді маталарда тордың сызықтары бойынша дәл орналасуы
қажет. Тор көзді маталарда
сызықтардың асимметриялық немесе симметриялық екенін анықтаңыз.
Егер ассимметриялы болса, тек бір бағытта пішу
орындалады.
Осы жағдайларды есепке ала
отырып, тор көзді және түкті маталардан дайындалатын бұйымдарда
мата шығыны көптеу болады.
Гүлді маталарды пішкен кезде
суреттің, яғни гүлдің төменге қарай емес, жоғары бағытталуын
қадағалайды.
Ал біз, көйлекті пішуге
габардин матасын таңдап алдық, себебі үтіктеуді көп қажет етпейді,
пішуге және тігуге өте ыңғайлы мата болып
келеді.
Әйел көйлегін пішудегі нұсқаулық
картасы
-
Матаны
декатирлеу;
-
Матаның
оң бетін, түгін, суретін және негізгі жібінің бағытын
анықтау;
-
Мата
ақауларын белгілеу;
-
Матаны өң
бетін ішке қарата екі бүктеп жаю, мата қиықтарын пішу үстелінде
шеберге жақын орналастыру;
-
Лекалоларды орналастыруды үлкен бөлшектен бастаймыз (артқы
бой, алдыңғы бой, жең). Барлық майда бөлшектерді солардың арасына
орналастырамыз;
-
Лекалоларды мата жылжымас үшін ағылшын инелерімен
қыстырамыз;
-
Тігістікті сызуды өткірленген сабын немесе бормен лекало
жиегінен және тігістік арқылы жүргіземіз;
-
Сызық ені
0,1-0,2 см;
-
Матаны
екінші сызықпен өткір қайшымен қырқамыз;
Мынандай
қалыпта тігістікке берілетін қосымшалар:
Қайып
тігу – 1 см;
Қолтық
ойындысы – 1 см;
Бүйір
қиығы – 1 см;
Шынтақ
қиығы – 1 см;
Ортаңғы
қиық – 1 см.
Құрастырып тігу – 1 см;
Қайыру
тігістері – 2,5 см;
Жеңнің
төменгі қиығы – 2,5 см;
Бұйымның
етегі – 2,5см
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерімен
қайта таныстыру, Ы.Ж.Ө кездегі техникалық қауіпсіздіктерді
қайталау.
Үтіктеу жұмыстарын орындауда атқарылатын
қауіпсіздік техникасы:
-
Үтікпен жұмыс істегенде, оның ыстық теріс
үстіртіне қолды тигізуге
болмайды;
-
Термореттегішпен қамсыздандырылмаған үтікті
шамасынан тыс ысытпау, оны үнемі кезеңдік суыту үшін өшіріп
тұру;
-
Тоқ желісіне қосылған үтікті бауынан ұстап
өшірмеу;
-
Тоқ жүргізу сымның үтікке тимей, кронштеинде
орналасуын бақылау жасау;
-
Бұйым және бөлшектерді тек пульверизатормен
ылғалдандыру;
-
Жұмысты тек тұрып, оқшауланатын құралдар,
құрғақ ағаш еденіндегі диэлектрлі кілемшеде
орындау;
-
Үтікті жерге құлатпау, бауының оралмауына,
онда түйіндінің пайда болмауына бақылау
жасау;
-
Жұмыс орнын тазалықта және тәртіпте
ұстау.
Ағылшын инелерімен
жұмыс істеу кездегі қауіпсіздік
ережелері:
1. Үнемі арнаулы
қобдишада сақтау керек;
2. Инені тістеп отыруға
болмайды;
3. Инемен ойнап отыруға
болмайды;
4. Инені бастағы орамалға немесе үстідегі
киімге қыстыруға
болмайды.
Қайшымен жұмыс істеу
кездегі қауіпсіздік
ережелері:
1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау
керек;
2. Қайшыны біреуге бергенде үшкір ұшымен
беруге болмайды;
3. Қайшыны ашық қалдыруға
болмайды;
4. Студент қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде
көңілін бөлуге болмайды;
5. Қайшының ұшын жоғары көтеруге
болмайды;
6. Қайшылар өткір болуы керек және жабық
сақталуы қажет.
-
Оқушылардың өзіндік жұмысы
және шебердің нұсқауы.
1) Бірінші
айналым:
Жұмыс
орнын ұйымдастыруды тексеру;
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау шараларының сақталуын
тексеру;
Оқушылардың практикалық жұмысын орындауға дайындығын
тексеру.
Матаның негізгі жіп бағытының
дұрыс анықталғанын тексеру;
Лекалдардың мата бетіне дұрыс
орналасуын тексеру
2)
Екінші айналым:
Жұмыстың
уақытылы аяқталуын тексеру;
Оқушылардың практикалық жұмысының дұрыс орындалуын
тексеру;
Оқушылар
практикалық жұмысының сапасын бақылау.
3)
Үшінші айналым:
Оқушылардың жеке нұсқауы;
Практикалық жұмыстар
көрсету.
Лекалдардың дұрыс қиылғанын
тексеру
Керітпелердің дұрыстығын тексеру;
5. Қорытынды
брифинг
Оқушылар орындаған жұмыстарына
талдау жасау;
Әр оқушының жұмыс сапасына
баға беру;
Ең жақсы нәтижелерге қол
жеткізген студенттерді және өндірістік оқыту кезінде орындалған
жұмыстың сапасын атап өту;
Әр оқушының жұмысындағы ең көп
кездесетін қателіктерге (кемшіліктерге) талдау
жасау.
Сабақ бойынша
рефлексия
Сабақ соңында «Таңдау»
рефлексиясы қолданылды. Оқушыларға өздерінің оқуға көзқарасы мен
сабақ үстіндегі қатысу деңгейін білдіретін сөздердің тұсына +
таңбасы қою ұсынылады.
1.Мен
сабақ қызықты_____________жалықтыратындай болды деп
ойлаймын.
2.Мен көп
нәрсе үйрендім___________ештеңе меңгермедім.
3. Мен
өзгелердің жұмысына мұқият
қарадым________зейінсіз.
4.Пікірталасқа мен белсенді қатыстым жиі
________сирек.
5.Сабақтағы өз жүмысыма көңілім толды___________көңілім
толмады.
Барлық
студент сабақты түсініп, өз жұмыстарына көңілдері
толды.
6. Үйге
тапсырма
Нұсқау карталарымен жұмыс
жасау және қайталау.
7. Тазалау
жұмыстары
Технологиялық - нұсқаулық
картасы
Әйел көйлегін
пішу
№
|
Жұмыс
атауы
|
Жұмысты орындау кездегі
техникалық шарттар
|
Графикалық
көрсетілуі
|
1
|
Матаны декатирлеу
|
Матаны пішпес бұрын Ы.Ж.Ө-ден
өткізеді. Кейбір маталар отыруы мүмкін.
|

|
2
|
Матаның оң бетін, түгін, суретін және негізгі жібінің
бағытын анықтау
|
Мата жиегіндегі түйрелген
іздердің томпиған жағы оң жаққа қарайды. Қолданудың алдында матаның
екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен
немесе ине шаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді
айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге
жібереді.
|

|
3
|
Дайын лекалоны матаға
орналастыру
|
Дайын лекалоны үлкен бөлшектен
бастап орналастырамыз: алдыңғы бой, артқы бой, жең. Сосын майда
бөлшектерді ортасына орналастырады.
|

|
4
|
Ағылшын инелерін
қыстыру
|
Мата жылжымас үшін ағылшын
инелерімен лекало үстінен қыстырады.
|

|
5
|
Бормен сызу
|
Тігістікті сызуды өткірленген
сабын немесе бормен лекало жиегіненжәне тігістік арқылы 0,1-0,2 см
жүргізеді.
|

|
6
|
Пішім бөлшектерін
қырқу
|
Матаны екінші сызықпен өткір
қайшымен қырқады.
|

|
7
|
Керітпе орнын
белгілеу
|
Кесілген бөлшектерге керітпе
сызығы арқылы қайшымен қырқып белгілейді.
|

|
8
|
Дайын пішім
бөлшектері
|
Келесі операцияға пішім
бөлшектерге дайын.
|
|