400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әйелдің рөлі, орны 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып, сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: №60 ЖББОМ

Күні: 23.11-26.11.20

№11 сабақ

Мұғалім: Н.Б.Сейітжан

Сыныбы: 9 а, д

Тақырыбы: Әйелдің рөлі, орны

Құндылығы: сүйіспеншілік

Қасиеттері: сыйластық, мейірімділік, кеңпейілділік

Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы және қоғамдағы әйел, әйел – риясыз сүйіспеншілік бастауы,бойжеткен қыздың адамгершілік бейнесі екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға мейірімді болу керек екендігін үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы сыйластық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды кеңпейіл болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. https://bilimland.kz

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу.


2. Сабақтың дәйексөзі

Не іске де әйел араласса, бәрі жақсы аяқталатынына сенімдімін. Әйел әлемді басқаратынын түсіндім.



Габриэль Гарсиа Маркес

-Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

дәптер

3.Жаңа ақпарат

Әйелдің қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі ұшан-теңіз. Әйел-ана – ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке-ырысы ғана емес, ол ел мен елді елдестіруші, араздықты бітістіруші, ол іскер. Әсіресе қазақ қоғамында аналардың алар орны ерекше болған. Сонау ерте замандардағы наным-сенімдердің түп-тамыры да Ана. Ата бабаларымыз аспанда Тәңірі, жерде Ұмай ана деп табынатын. Ұмай ана қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, отбасының пірі. Түркілер әйел ананы отбасының құты мен ырысы, ұйытқысы мен жылуы деп таныған. Сондықтан да болар түркі дүниесін терең зерттеген тарихшы-ғалым Лев Гумилев «Көне түріктер» деген іргелі зерттеуінде «Түркілер әйелдерді сал серілердей әдейі қатты құрметтейті. Баласы үйге кіргесін әуелі шешесіне иіліп, тәжім еткен, содан кейін барып әкесіне сәлем берген» – деп жазған. Қазақ халқының болмысындағы, дүниетанымындағы бар игі қасиеттерді тілін, дінін, әдет-ғұрпын баласынан немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дарытушы, дамытушы әйел ана деп санаған.

слайд

4. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма

Төменде берілген мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып, айтылған басты идеяны табыңыздар.

Халық даналығы: «Гүл өссе – жердің көркі, Қыз өссе – елдің көркі.

Халық даналығы:«Жақсы қыз – жағадағы құндыз, Жақсы жігіт – төбедегі жұлдыз»

Халық даналығы:«Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

Мұхтар Әуезов: «Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді»

Пьер де Бомарше: «Табиғат әйелге былай дейді:қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды болуға міндеттісің».

2-тапсырма. Төменде берілген мәтін үзіндісін оқып, қазақ қызының тәрбиесі, оның адамгершілік бейнесі туралы өз ойларыңызды ортаға салыңыздар. Айтылған ойдың бүгінгі өмірімізбен байланысы туралы әңгімелеп беріңіздер.

дәптер

5. Сабақтың қорытынды сәті

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
688
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі