400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әйгерім дастарқанды әзірлеп жатыр

Материал туралы қысқаша түсінік
дастарқан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

№2 «Балдырған» ортаңғы тобына арналған

Білім беру саласы: Комуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Әйгерім дастарқанды әзірлеп жатыр

Мақсаты:

Білімділік: Өз тәжірибесіне сүйене отырып, әңгімелеуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға , әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.

Тәрбиелік: Бір –біріне жақсылық тілеуге тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекі құралдар: Суреттер, плапкаттар, тіл дамыту дәптер; қазақы дастарқан үнтаспадан қолдану. Мазмұнды рөлді ойын құралдары,

Сөздік жұмыс: нан, май, тұз, қант, жемістер.

Қостілдік компонент: Нан – хлеб, май – масло, тұз – соль, қант – сахар, жемістер – фрукты.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

2.Өткен сабақты еске түсіру.

3.Жаңа сабақтың мазмұныментанысу.

Дастархан суретін көрсету.

-Балалар, бұл не?

«Қ» дыбысына дыбыстық жаттығу орындату.

Қа-қа-қа-қан

Қа-қа-қа-қат

Қан-қан-қан-дастарқан

«Қ» дыбысы дауыссыз дыбыс екендігін айту.

 «Қазақы дастарқаным» әнін тыңдату.

Әні: М. Ілиясов

Сөзі: Ж. Боранбаев

Бүгінгі ел ішінде

Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісі ме,

Жағалай малдас құрған?

Қ-сы:

Ей, менің асқар тауым,

Қазақы дастақаным

Өзіңсің бақ-берекем,

Ақ қайнар бастауларым.


Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Жаңа сабақтың тақырыбымен танысады.

Балалар қызығушылық танытады.

-Дастарқан.

Жаттығуды орындайды.





Балалар тәрбиешінің соңынан сөзін қайталап, әннің ырғағына қарай әндетеді.








Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сұрақ-жауап:

-Балалар дастарқанды не себепті берекелі деп атайды?

Нақыл сөз:

«Ас атасы -нан» деген сөз бар, нанды немесе жалпы тамақты тебуге немесе басуға бола ма?

«Нан –ардақты, асыл ас» өлеңін оқу.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп, алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Сергіту сәті

Ал, балаалр, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық

Мазмұнды –рөлді ойыны:

«Дүкенші»

Мақсаты: баланы мамандыққа үйрету.

Сұрақтарға жауап береді.






Нақыл сөзді жаттап алады.

Нанды және жалпы барлық тағам түрлерін қадірлеу керектігін айтады.


Сергіту сәтін қимыл – қозғалысы мен орындайды.









Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақтар беріп, оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Жаңа сөздердің дыбыстарын дұрыс айтуға ұсыныс білдіру.


Сөздерді анық айтуға тырысу.

Күтілетін нәтиже

Нені біледі: жай сөйлем мен күрделі сөйлемдерді қолдануды;

Қандай түсініктерді игерді: жаңа сөздерді, ізгі сөздерді айту;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: дастарқан әзірлеуді біледі.

Тәрбиешінің аты-жөні: Айгерім Мухамметқызы.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
3491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі