400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Айгерімнің туған күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда қуыршақ Айгерімнің туылған күні туралы айтылады. Балалар қуыршақ Айгерімнің туған күнін тойлап, мәз-мейрам болады. Түрлі ойындар ойнап, дастархан жайып, көңілдерін көтереді. Балалар үшін өте қызық болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні, айы, жылы: 17. 01. 2018

Білім беру саласы: "Таным"

Оқу қызметінің түрі: "Жаратылыстану"

Өтпелі тақырыбы: "Бізді қоршаған әлем"

Апта тақырыбы: "Қуыршақтың ыдыстары"

Тақырыбы: Айгерімнің туған күнінде"

Мақсаты: Балалардың ыдыстар туралы түсініктерін бекіту: олардың пайдалану жолдарын әнгімелеп айтуға, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

Білімділігі: Балалар ыдыстар туралы олардың түрлерін ажыратып үйрену.

Дамытушылық: сұрақ-жауап, ыдыстар туралы түрлерін ажыратып балалардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды ыдыстар туралы түсініктерін кеңейтіп, бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Айгерімінің туған күнінде

Көрнекліктер: Қуыршақ Айгерім, ыдыс-аяқтар демонстрациялық материалдар.

Белингвалдық компонент: туған күн-день рождения, ыдыстар-посуды;

Әдіс тәсідері:

  • 1.Шаттық шеңбері

  • Сұрақ-жауап

  • Жұмбақ шешу

  • Жаңа тақырып: «Айгерімнің туған күнінде»

  • Дидактикалық ойын: «Артығын тап»

  • «Салат» саусақ жаттығуы

  • Қимылдық ойын: «Дастархан жаю»

  • Қорытынды

Шаттық шеңбер:

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламыз.

-Кане, барлығымыз келген қонақтармен амандасып алайық.

-Сәлеметсіздер ме!

-Здраствуйте!

-Good morning!

-Балалар, көңіл-күйлерің қалай?

Бүгінгі жаңа оқу қызметіне дайынсыңдар ма?

-Ендеше, мен сұрақтар қоямын, сол сұраққа жауап берейік.

Сұрақ-жауап:

-Балалар, казір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап өтейікші.

Балалар жауабы: Қыс мезгілі үш айдан тұрады.

Күн суық, қар жауады, күн боран болады.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ:

Кесе шыны пиала,

Оларсыз шәй құяма?

Қасықсық тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз? шешуі: Ыдыс-аяқ

-Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. Бұлардың барлығын ыдыс-аяқтар деп атайды.

-Ендеше балалар біздерге бүгін ерекше күн!

Жаңа тақырып "Айгерімнің туған күнінде"

Сондықтан қуыршақ Айгерімінің көңілін көтеру мақсатында Айгерімге арнап дастархан жаямыз ба?

-Ол үшін ыдыс-аяқ қажет. Ыдыс-аяқ күнделікті тамақты дайындап, ішіп жеу күнделікті тамақты дайындап, ішіп жеу барысында пайдаланылатын тұрмыстық заттар жиынтығы. Ыдыс-аяқ қолдану жағдайына байланысты тамақ дайындайтын: кострөлдер, табалар, қазан, ожау, тәрелкелер, табақ, қасық, шанышқы, кесе, стакан деп бөлінеді. Біз бүгін қуыршақ Айгерімге дастархан жаямыз. Дастархан жаю ретін көрсетеді, түсіндіреді.

-Мынау шай шығаратын шәйнек.

-Мынау кішкентай қасық. Ол не үшін керек?

-Мынау кесе. Онымен шәй ішеміз.

-Дастархан басында өзіңді қалай ұстау керек?


Дидактикалық ойын: "Артығын тап"

Ойын шарты: Ыдыстардың арасынан артық суретті тауып ажырату.

-Жарайсыңдар, балалар, сендер ойынға өте жақсы қатыстыңдар.

Балалар, шаршаған боларсыңдар, кәне барлығымыз орнымыздан тұрып, саусақ қимылын жасау арқылы сәбізден дәруменді салат жасап үйренейік.

Саусақ жаттығуы."Салат"

Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үкіштен үгіп майдалаймыз(екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қантты сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді)

Дәруменге бай тағам. (алақанымен іштерін сипалап, тойғандарын көрсетеді.)


Қимылдық ойын: "Дастархан жаю"


Ойын шарты: Ортаға екі бала шығады. Үстел үстіндегі ыдыстар мен тағамдарды алып, екеуі жарыса дастархан жаю ұсынылады. Дастарханды кімге арнап жайғанын айтып түсіндіреді.

Ойын жалғасын табады.

-Балалар, ендеше қуыршақ Айгерімге арнап кім жақсы тілек немесе тақпақ айта алады?

-Жарайсыңдар балалар!

Қорытынды:

-Балалар , біз бүгін кімнің туған күніне дастархан жайдық?

-Шай ішу үшін дастарханға қандай ыдыстарды қоямыз?

-Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Педагог балаларды мақтап мадақтайды.




















































































Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламыз.

-Қане, барлығымыз келген қонақтармен амандасып алайық.

-Сәлеметсіздер ме!
-Здраствуйте!
-Good morning!

-Балалар,көңіл-күйлерің қалай?

Бүгінгі жаңа оқу қызметіне дайынсыңдар ма?

-Ендеше, мен сендерге сұрақтар қоямын,сол сұраққа жауап берейік.

Сұрақ-жауап:

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап өтейікші.

Шаттық шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды.





- Сәлеметсіздер ме!
-Здраствуйте!
-Good morning!

-тамаша


-иә,дайынбыз


-Қыс мезгілі.

-Күн суық, аяз, боран болады. Даланың бәрі аппақ қарға малынған.


Ұйымдастырушылық

ізденістік

Жұмбақ:

Кесе шыны пиала,

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз?

-Жарайсыңдар,балалар!Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.Бұлардың барлығын ыдыс-аяқтар деп атайды.

-Ендеше,балалар біздерге бүгін ерекше күн!

Жаңа тақырып: «Айгерімнің туған күнінде»

Сондықтан қуыршақ Айгерімнің көңілін көтеру мақсатында Айгерімге арнап дастархан жаямыз ба?

-Ол үшін ыдыс-аяқ қажет. Ыдыс-аяқ күнделікті тамақты дайындап, ішіп жеу барысында пайдаланылатын тұрмыстық заттар жиынтығы. Ыдыс-аяқ қолдану жағдайына байланысты тамақ дайындайтын: кастрөлдер, табалар, қазан, ожау, тәрелкелер, табақ, қасық, шанышқы, кесе, стақан деп бөлінеді. Біз бүгін қуыршақ Айгерімге дастархан жаямыз. Дастархан жаю ретін көрсетеді, түсіндіреді.

- Мынау шай шығаратын шәйнек.

- Мынау кішкентай қасық. Ол не үшін керек?

- Мынау кесе. Онымен шай ішесіз.

- Дастархан басында өзіңді қалай ұстау керек?


Дидактикалық ойын: «Артығын тап»

Ойын шарты: Ыдыстардың арасынан артық суретті тауып ажырату.

-Жарайсыңдар, балалар, сендер ойынға өте жақсы қатыстыңдар.

-Балалар,шаршаған боларсыңдар,қане барлығымыз орнымыздан тұрып,саусақ қимылын жасау арқылы сәбізден дәруменді салат жасап үйренейік.

 «Салат» саусақ жаттығуы.

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды  жұдырыққа түйіп, сол қолдың  алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп  майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа  түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың  ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып  көрсетеді).

Дәруменге бай тағам. ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

Қимылдық ойын: «Дастархан жаю»

Ойын шарты: Ортаға екі бала шығады.Үстел үстіндегі ыдыстар мен тағамдарды алып,екеуі жарыса дастархан жаю ұсынылады.Дастарханда кімге арнап жайғанын айтып түсіндіреді.

Ойын жалғасын табады.

-Балалар,ендеше қуыршақ Айгерімге арнап кім жақсы тілек немесе тақпақ айта алады?

-Жарайсыңдар балалар!





-Ыдыс- аяқ






Балалар қуана келіседі.

-иә


Балалар сабаққа қызығушылық танытады. Қуыршақ Айгеріммен амандасады



Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.


Кішкентай қасықты шай ішкенде қолданамыз.

Дастархан басында сөйлеуге болмайды. Ыдыстарды тарсылдатпау керек.


Тақтаға түрлі ыдыстар суреттері көрсетіледі.Сол ыдыстардың ішінен артық суретті тауып қоршап сызады.



Балалар қимыл арқылы саусақ жаттығуын жасайды.










Балалар,ойынға қызығушылықпен жарыса қатысады.





Балалар өз тілектерін айтады.


Рефлексиялық-

түзетушілік

Қорытынды:

  • Балалар, біз бүгін кімнің туған күніне дастархан жайдық?

  • Шай ішу үшін дастарханға қандай ыдыстарды қоямыз?

  • Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Педагог балаларды мақтап мадақтайды.



Балалар педагогтың қойған сұрақтарына жарыса жауап беріп отырады.


Балалар риза болады.


Күтілетін нәтижелер:

Нені білу керек:Ыдыстардың түрлерін;

Қандай түсініктерді игереді: Әрбір ыдыстың қолдану жағдайына байланысты атауларын;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады:Ыдыстарды пайдалану жолдарын әңгімелеп айтуға,байланыстырып сөйлеуге,дастархан жаю іскерліктерін;

Технологиялық картаны толтырған: Орынбаева Жадыра Еркинқызы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
752
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі