400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Айгөлек байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Темірастау орта мектебі













Өткізген: тәлімгер Мұхтарова Гүлшат Жарасқызы







2011-2012 оқу жылы

«Айгөлек» байқауы

Гүлшат Мұхтарова,

Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Жаныс би ауылы

Темірастау орта мектебі



Мақсаты: Оқушыларды елін, жерін, отынын сүюге , өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу, танымдық қабілеттерін арттыру, өнерлерін шыңдау

Көрнекілігі: слайд шоу, бейне ролик, шарлар т.б.

Барысы:

(Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары сөз сөйлейді)



А йболған:

Самғасын бейбіт құсы көгімізде,

Жат елдік тиіспесін жерімізге

Туымыз желбіресін мәңгілікке

Ер есімі сақталсын ел есінде.

Тек сіздерге арнаймыз нәзік үнді

Жанып тұрған оттаймыз біз жалынды,

Әнші де бар, биші де бар, ақында бар,

Қазақстан жастарымыз дарынды,- дей келе тәуелсіз, егемен еліміздің көк туын көкке желбіретіп биік ұстар, өнерлі өрендеріміздің өнерлерін сынға салатын «Айгөлек» байқауына қош келіпсіздер ағайын!

Қонысбек: Келді міне бүгін бағын сынауға,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға

Салты бар өнерлі осы ортада

Берер деп әділ қазы әділ баға- деп бүгінгі сайысқа түсуге келіп отырған бір бірінен асып түсетін өнерлі оқушылардың әділ бағаларын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Қонысбек:Бірінші әділқазы мүшесі мектебіміздің оқу-ісінің меңгерушісі, география пәнінің мұғалімі Жарас ағай

Айболған: Келесі әділқазы мүшесі ата аналар арасынан Оралхан апа

Қонысбек: Әділқазылардың келесі мүшесі көрші ауылдан арнайы қонақ болып келіп отырған, ән айтуды бес саусақтай білетін өнерлі ағамыз Жаңбырбаев Бейбітәлі. Қошемет көрсетіп қойыңыздар.Әділқазылар алқасы әр кластың сайыскерлері өнерлерін көрсеткен соң пікірлерін білдіріп отырады, сайыс соңынан бағалайды.

Айболған: Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде

Үлкен кіші жасымыз бәрімізде

Төрлетіңдер қадырменді сайыскерлер

Гүл гүл жайнап мына біздің төрімізге-деп тағатсыздана сахнаға шығуды күтіп тұрған сайыскерлерімізге кезек берейік

Қонысбек: Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайыластыра ұйымдастырылып отырған, бұл байқаудың шымылдығын алғашқы болып ашқалы отырған сайыскеріміз «Өз елім» әнімен келіпті. Экранға назар аударайық

Айболған: Олай болса 1-ші сайыскерімізді ортаға шақырайық. «Өз елім » әнімен Сардана. Қошеметпен қарсы алайық..

Айболған: Сен білесің бе Қазыбек би атамыз достықтың екі түрін атап көрсеткен. Ол қандай?

Қонысбек: Әрине білем. Адал достық және амал достық. Амал достықтың өмірі қысқа болдады. Адал достықтың өмірі ұзақ болады. Ендеше адал достықты паш ететін кейіпкеріміздің кім екенін білу үшін экранға назар аударайық!

Айболған: Қарсы алыңыздар алдарыңызда «Жан досым » әнімен Аңсаған

Қонысбек: Айболған мен сені енді тарих пәнінен сынағым келіп отыр. Сонааау ертеде біздің жерімізде тайпалар, қағанаттар мекен текен тұста ақшамен тең дәрежеде жүрген еееең бағалы зат не екенінбілесің бе?

Айболған: Бәлкім, жібек матасы болар, сол кезеңдегі сауда-саттықтың ұлы жолы да «Ұлы Жібек жолы» деп аталмаппа еді..

Қонысбек: Дұрыс айтасың, Бұл сұрақты қойған себебім келесі сахнаға шыққалы отырған жібектей нәзік аруымыздың есімі де Жібек. Олай болса экранға назар аударайық

Айболған: Алдарыңызда испан биімен Жібек!!!! Қарсы алыңыздар!!

Айболған: Әділқазылар алқасы пікірлеріңізді біліп жіберсек....

Айболған: Қонысбек сені жолдастарың қандай жігіт деп атайды?

Қонысбек: Ооооооооооой мен деген жігіттің сабазы нағыз ер жігітпін ғой.

Айболған: Келесі сахнаға шыққалы отырған кейіпкеріміздің есімі Ербол Сыпатаев ағасы сияқты ер болсын деген ниетпен қойылған екен. Назар салыңыздар!

Қонысбек: Қошеметпен қарсы алыңыздар «Ақбұлақ» әнімен сахнада Ербол!

Қонысбек: Айболған білесіңбе бастуыш сыныпта оқып жүргенімізде апайларымыз бізге ертегі оқып беруші еді ғой. Ертегін тыңдағанда ертегілер әлеміне еніп кеткендей болатынмын. Туф, сол кездер қайтып келсе ғой шіркін?

Айболған: Қонысбек, онда бүгін сенің жолың болды. Себебі келесі сахнаға шыққалы отырған кейіпкеріміз ертегілер әлеміне ертіп келер ханшайымымыз болмақ. Экранға назар аударайық...

Қонысбек: олай болса сахнада «Ертегілер» әнімен Ханым!!

Қонысбек: Балауса қыз едің бір кезде

Шашыңа ақ бантик байлаған

Өзгеріп кетіпсің бұл күнде

Көркіңе көз тастап ойланам- Айболған осы «балауса» сөзінің мағынасы не?

Айболған. «Балауса» деген жас, жас шыбықтай жаңа өсіп келе жатқан қыздар, балалар деген ғой

Қонысбек: олай болса келесі сахнаға шыққалы отырған тобымыз «Балауса» деп аталады. Кейіпкерлеріміздің кім екенін білу үшін экранға назар аударық.

Айболған: Алдарыңызда қазақ биімен «Балауса» би тобы!!

Қонысбек: Әділқазылар алқасы бағаларыңызды біліп жіберсек....

Айболған: Сайдың серке тасындай қатар тізілген

Шеру тартқан көркіңе елім сүйсінген

Ән салшы сарбазым

Назданып салған өзіңе әнім.......

Қонысбек: Айболған мен сені осы байқауға қатысады деп ойламаппын....

Айболған: Жооооқ, мен емес, еліміздің қауіпсіздігін сақтап, бейбітшілікке ұйытқы болып жүрген сарбаздарымызға арнап келесі әншіміз ән салмақ, экранға назар салайық...

Қонысбек: Қарсы алыңыздар «Сарбаздар» әнімен Гүлсаржан сахнада........

Айболған: Көрермендер мен сіздерге бір жұмбақ жасырғалы отырмын

Түнде көөөөөөөөөп

Таңда тұрсаң жоқ-ол не?.........................Дұрыс

Қонысбек: Келесі сахнаға шыққалы отырғанбишілерімізде «Жұлдыз» деп аталады екен, олай болса экранға назар аударайық.

Айболған: алдарыңызда «Жұлдыз» би тобы корей халқының биімен!!!

Қонысбек: Әділқазылар алқысы пікірлеріңізді біліп жіберсек....

Қонысбек: Әлемдегі ееееееең асыл жан кім деп ойлайсың айболған?

Айболған: Әрине анамыз

Қонысбек: Келесі сахнаға шыққалы отырған бүлдіршініміз деніңіз сау болсың, 100 жасаңыз деген ниетпен анасына арнап, «анашым» әнін алып келіпті, экранға назар аударйық.........

Айболған: Ендеше алдарыңызда «анашым» әнімен Ақбота

Айболған: Қонысбек сен тағы да маған сұрақ немес жұмбақ қойғалы отырған жоқсың ба?

Қонысбек: Жоқ, енді көрермендерге қойғым келіп отыр..... Нағыз қазақ қазақ емес, нағаз қазақ............. Әрине домбары.! Қазақ халқы домбырасыз күй шертпеген, ән айтпаған, тіпті домбыраны әнге қоспаған сазгер, өлеңге қоспаған ақын кемде кем...

Айболған: Әрине дұрыс айтасың, олай болса келесі кейіпкерімізде «Домбыра сазы» әнімен келіпті ....назар салыңыздар....

Қонысбек: Ендеше қарсы алыңыздар алдарыңызда «Домбыра сазы» әнімен Ердәулет

Айболған: Көрермендер келесі сахнаға шыққалы отырған бишілер тобы, еліміздің белгілі, аты аңызға айналған би ансамблімен аттас Жауабын білесіздер ме?

Қонысбек: Жауабымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін экранға назар аударайық.......

Айболған: Қарсы алыңыздар сахнада «Көбелек» биімен «Гүлдер» би тобы.........

Қонысбек: Әділқазылар пікірлеріңізді біліп жіберсек........

Қонысбек: Түн ұйқысын төрт бөліп,

Әлдилесе әлем тербеткен

Сан мың рет оянып, «Ақ боташым»- деп өткен жан кім?

...........Дұрыс айтасың, келесі сахнаға шыққалы отырған бүлдіршініміз «анама» әнімен келіпті назар аударайық

Айболған:сахнада «анама» әнімен Бейбарыс. Қарсы алыңыздар!!!

Айболған:Қонысбек менің саған қояр сұрағым бар. Сахнаға шығатын ендігі кейіпкеріміздің есімі екі сөзден тұрады. Бірінші сөзі түсті білдірсе, екінші тіркесі сәби, нәресте сөзімен мағыналас. Ал, шешіп көр.

Қонысбек:............ооооо таптып, Ақбөпе ғой.

Айболған: ендеше экранға назар аударайық

Қонысбек: Алдарыңызда қазақ биімен Ақбөпе!!!

Қонысбек: Әділқазылар алқасына сөз кезегін берсек....

Қонысбек: Айболған сен«Арай» дуэтін білесің бе?

Айболған: Ия, жақында ғана «Шіркін life» жобасына қатысқан белгілі әншілер ғой

Қонысбек: Міне сол «Арай » дуэтінің біздің мектебіміздегі ізашарлары , бүгінгі байқауымыздың кішкене бүлдіршіндері «Арай» дуэтін қарсы алыңыздар!!!

Айболған: Келесі кейіпкеріміз «Айгөлектің ең жас қатысушысы» . Ол үйдің де кенжесі. Бір қызығы оның есімі де кенже сөзімен мағыналас. Ол кім?

Қонысбек: ООО таптым өзіміздің Ерке ғой. Экранға назар аударайық

Қонысбек. Алдарыңызда «испан » биімен Ерке!!!

Айболған: Әділқазылар алқасы пікірлеріңізді біліп жіберсек.....

Айболған: Қонысбек сен осы бал-балалық, балдәурен шақ дегенді қалай түсінесің?

Қонысбек: Ол бір қайтып келмес бақытты шақтарымыздың бірі гой. Біздің балдәурен шағымыз осы кезең деп білемін

Айболған: Ия, олай болса балдәурен шаққа саяхат жасатар келесі әншімізге назар аударайық.

Қонысбек: Сахнада «Балдәурен» әнімен Айзат!! Қарсы алыңыздар!!

Қонысбек: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес

Халқының сақтай білген ізгі салтын

Айболған: Қонысбек кімді айтып тұрсын?

Қонысбек: Келесі сахнаға шыққалы отырған аруымызды айтамын. Біле алмай тұрсаң көмек жасайын, ол қызды тіпті Асқар Жүнісбеков әнге қосып шырқайды

Айболған: Толғанай!!!

Қонысбек: Дұрыс айтасың, Толғанай қандай әнмен келгенін білу үшін экранға назар аударайық....

Айболған: Алдарыңызда Толғанай, «Алтын бесік» әнімен........

Қонысбек: Сүйсінтеді бишілердің қимылы

Шеттерінен жайнап тұрған қыр гүлі

Билерінен мін таппайсыз бірде бір

Құдайдың шын ғажайып сыйлығы-дей келе сахна сыртында кезегін тағатсыздана күтіп тұрған бишілерге берсек... Назар аударыңыздар........

Айболған: Ортада «өзбек» биімен «Ерке » би тобы

Қонысбек: Әділқазылар пікір айтып жіберсеңіздер........

Айболған: Сайыскерлеріміздің алға қойған мақсаты не деп ойлайсың?

Қонысбек: Жеңіп шығу

Айболған: Ол да дұрыс, бірақ одан да маңызды ең негізгі мақсаттарын сұрап тұрмын ғой

Қонысбек: Әрине бүгін биленіп жатқан биде,айтылып жатқан әнде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына деген тартулары, сыйлары ғой

Айболған: Дұрыс айтасың, келесі сайыскеріміз еліміз, Қазақстанымыз көркейе берсін, жасай берсін деген ниетпен «Жаса, Қазақстан!» әнімен келіпті, экранға назар салайық.....

Қонысбек: Алдарыңызда Жансая!!!Қарсы алыңыздар!!!

Айболған:Әділқазылар алқасы пікір айтып жіберсеңіздер......

Қонысбек: Мына үкіні саған тағып қояйыншы Айболған:::.......міне енді үкілі қыз болдың

Айболған: Рахмет

Қонысбек: Біздің сыйлығымыз біткен жоқ келесі сахнаға шыққалы отырған кейіпкеріміз «Үкілі қыз» әнімен келіп отыр екен. Экранға назар салайық........

Айболған: Алдарыңызда Асқарбек «Үкілі қыз» әнімен!!!

Айболған: Әуезі ән, жаны раушан, күй жүрегі

Шет басқан сезімді де идіреді

Билесе Ақниет мың бұралып

Жер тербеліп, көгімде күн кұ\үледі-келесі сахнаға шыққалы отырған мектебіміздің бишісі Ақниет

Қонысбек: Айболған Ақниет қай елдің биін билер екен деп ойлап тұрғаным, Ақниет биін билеменген ел бар ма екен өзі.........

Айболған: Білгің келсе экранға назар салайық....

Қонысбек: «Түрік» биімен Ақниет!!!

Қонысбек: Әділқазылар алқасы пікір айтып жіберсеңіздер.....

Қонысбек: Жан досым үстем болсын мерейің

Әрқашан жеңісіңді көрейін...

Айболған: Қонысбек сенде байқауға қатысқалы жатырсың ба?

Қонысбек: Жоооооооооқ менің бүгін жан достарым қатысқалы жатыр ғой

Айболған: Алдарыңызда Қонысбектің жан досы Талаптан «Арман-ай» әнімен!!!

Айболған: Қонысбек осы «өмірдің гүлі» дегенді қалай түсінесің?

Қонысбек: Өмірдің гүлі ақша. Ақша болса бәріде болады.

Айболған: Жоқ Қонысбек, өмірге сән беріп тұратын кімдер деймін

Қонысбек: Әрине мен сияқты жігіттер

Айболған: Туууу Қонысбек сенің қай жерің гүлге ұқсайды

Қонысбек: Ренжіме, кластасымсың сосын ойнай бермеймін бе, әрине өмірдің гүлі қыздар!!!

Айболған: Дұрыыыыыс, алдарыңызда «Қыздар-ай » әнімен келіп отырған кейіпкерімізге назар салайық...

Қонысбек: «Қыздар-ай» әнімен Жақсыбек!!! Қошеметпен қарсы алыңыздар!!!

Айболған: Әділқазылар алқасы пікір айтып жіберсеңіздер.....

Қонысбек: Келесі сайыскеріміз «Құтты болсын тойларыңыз» әнімен барша қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтап келіп отыр, назар салайық...

Айболған: Алдарыңызда «Құтты болсын тойларыңыз» әнімен Гүлсезім!!!

Айболған: Сайысымызды «өз елім» әнімен бастап едік байқауымыздың соңғы сайыскеріміз «Қазағым» әнімен аяқтағанды жөн көріп отыр. Экранға назар салыңыздар::::

Қонысбек: Алдарыңызда соңғы сайыскеріміз Маржан!!! Қарсы алыңыздар!!!

Айболған: Әділқазылар алқасы пікір айтып жіберсеңіздер.....

Қонысбек: Бүгін келген сыныптар ылғи талантты

Өнерімен жұртты өзіне қаратты

Ендігі кезек сыйы сайысымыздың

Дұрыс таңдап бере білу бағаны –деп сайыскерлерімізді ортаға шақырып, сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік....

Айболған: Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Бізбен бірге «Айгөлекті» бірге шырқасаңыздар!!!

Екеуі бірге: Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі жүздескенше дейміз!!!!!!





























































































Ғасырға бергісіз 20 жыл!

Гүлшат Мұхтарова,

Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Жаныс би ауылы

Темірастау орта мектебі



Мақсаты: Оқушыларды елін, жерін, отынын сүюге , өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу, танымдық қабілеттерін арттыру

Көрнекілігі: слайд шоу, бейне ролик, суреттер т.б.

Барысы:

Мұғалім: Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету исі қазақ азаматтарының игі борышы.
Құрметті Ұстаздар , мектеп оқушылары!
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Шұғыла» балалар ұйымының «Ғасырға бергісіз 20 жыл» атты мерекелік кешін бастауға рұқсат етіңіздер!

Ақтоты: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір-ақ ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Тәуелсізбін,егеменмін, дербеспін.

Досболат: Тәуелсіз ел болу дегеніміз- кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін.

Ақтоты: Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Тәуелсіздік қазақ халқының сан ғасырғы арманы мен қайсар рухының жемісі. Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік.......

(«Тарих шежіресі» бейне көрініс көрсетіледі)

Досболат: Міне ата бабаларымыздың сан ғасырға созылған тәуелсіздік үшін күресіне, көтерілісіне нүкте қойған «Желтоқсан оқығасы» болатын....

Ақтоты: Желтоқсан айы...

Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.
Досболат: Иә, ол күн Тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңартеңгі сағат 10-да Республиканы үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаевты қызметінен босатылып, орнына Г.В. Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

Ақтоты: Осы кезде аяқ астынан Пленум болатындығы туралы хабар – сыбыс тез тарады. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Пленумы 1986 жылғы 16 желтоқсанда өтті. Пленумда Д.А. Қонаев жолдасты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық пленумында бірінші хатшысы қызметінен босатты. Оның орнына сол уақытқа дейін Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.В. Колбинді сайлады.
Досболат: 1986 жылы желтоқсанның 17 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Бұл кеңес өкіметі тұсында бұрын – сонды кездеспеген құбылыс. «Алматыда демонстрация», «Брежнев алаңында қаптаған жұрт», «Көшеде сап түзеп бара жатқан жастар» деген лебіздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсіне алмай дал болды.
Ақтоты: Республика жұртшылығының өмірлік мүдделеріне қатысты мәселені шешудегі Орталықтың әділетсіз әрі өктем бұл қадамы қорланып қалған халық наразылығының жанартаудай атылып сыртқа шығуына түрткі болды.1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңына халық жинала бастады.Кешке қарай жиналғандардың саны шамамен 25-30 мыңға жетті.
Жиналған көпшілік республика басшылығындағы мұндай өзгерісті Д.А. Қонаевтың өзінің келіп түсіндіруін талап етті. Орталық аландағы жағдай бірден Мәскеудегі Бас хатшыға және басқа билік орындарына баяндалды.
Өз ретінде билік алдына қатаң тарамайтындықтарын қойған бейбіт шеруге жиналушылар нанымды жауап алмайынша алаңнан тарамайтындықтарын мәлімдеді.
Досболат: Аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер ойы халықтың құқықтары мен көкейтесті мәселелері туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай-сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт – шыт болып ұшып жатыр.
Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын-1986» дейін оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.

Ақтоты: Аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә, жас аға апаларымыз қыршын кеткен ызғарлы желтоқсан оқиғасынан үзінді, экранға назар салыңыздар......

(бейне көрініс көрсетіледі)

Нұргелді: Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның

Айналайын, алтын әнім

Жас өркені халқымның

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеменді

Ел болсақ деп талпындың

Кеудеңде әлі сызы жатыр

Сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайраты,

Жас өркені халқымның!....

Асқарбек: Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала жапқан күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қырандар қуылып көгінен

Қарғалар билік құрған күн...

Досболат: Ия, «Желтоқсан» десе, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болды. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естіледі.

Ақтоты: Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадағы» «Елім-ай» секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына айналып кетті.

Досболат: «Қарабауыр қасқалдақ» әні

(«Қарабауыр қасқалдақ» әні орындалады)

Ақтоты: Ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырып өтуі хақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай, толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігерлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішіндер... одан кейін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт-сұрт айқасы...
Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып ыңырси құлаған қазақ бозбаласы... Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар... Алаңға шыққан қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап, бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды...Олар Сәбира Мұхаметжанова

Досболат:Қайрат Рысқұлбеков

Ақтоты: Ләззат Асанова

Досболат: Ербол Сыпатаев... Осындай ержүрек аға-апаларымыз қыршын кеткен желтоқсан оқиғасының тағы бір көрінісіне назар аударайық...

( екінші бейне сюжет)

Ақтоты:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула,лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы ,-

Деп Мұхтар шаханов жырлағандай өр намысты аға апаларымыздың арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік..

Мархабат: Аяулы қырандарым, қыршындарым!

Ақ еді, анық еді шын сырларың

Ел үшін құрбан болған боздақтарым

Төрінде жұмақтың жүрсін жаның

Өткірдің жүзіндей боп қылшылдадың

Сынаққа түскен кезде бір сынбадың

Қараймын сағынышпен сендер жаққа

Сөнбейтін шырқ болып тұрсың бәрің!

Ақтоты:

Тәуелсіздікке жету жолында қасық қаны қалғанша күрескен құрбандарды 1 минут үнсіздікпен еске алып,тағзым ету борышымыз деп санаймыз.

(1 минут үнсіздік, барлығы тұрып тұрады)

Ақтоты: 1986 жылы желтоқсан көтерілісі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жолындағы үдерістің дамуына жол салып берді.

Досболат: 1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан шын мәніндегі тәуелсіз және демократиялық мемлекет болды. 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Н. Ә. Назарбаевты еліміздің Президенті етіп сайлады.

Ақтоты: Тәуелсіздік күні-қазақтың жеке мемлекеттік жалауы, қалауы желбіреген тарихи күн. Бұл-еліміз үшін үлкен мәртебе. Міне биыл сол азаттық таңның арайлап атқанына 20 жыл толып отыр...

Досболат: Келесі 7-класс оқушыларының орындауында «Елім менің» әні

(«Елім менің» әні орындалады)

Ақтоты: Осы ғасырға бергісіз 20 жыл ішінде еліміз өткен өткелдер, бағындырған белестер мен жеткен жетістіктер өткен күннің жемісі болып табылады. Олай болса «Тәуелсіздік шежіресіне» назар аударайық...

(«Тәуелсіздік шежіресі » көрсетіледі)

Гүлсезім:

Тәуелсіз 20 жыл!

Сенің нұрын сөнбесін.

Ашық аспан жарық күн.

Келешегі өрлесін қазақ деген халықтың.

Тәуелсіз 20 жыл!

Туыңды биік ұстадың,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын,

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа

Жасай бер, жаса, тәуелсіз Қазақстаным

Ақтоты: Келесі 9-класс оқушыларының орындауында «Жаса, Қазақстан!» әні

(«Жаса, Қазақстан!» әні орындалады)

Ақтоты: Жігерлі шат көңілмен, мақтанышпен айтамыз,

Өзіңде айбын, қуаныш, өзіңнен қуат аламыз

Ашық аспан, бейбіт күн-жалғаса берсін салтымыз,

Тәуелсіздікке тән белгі-шырқасын мәңгі халқымыз

Жан азығым, қалықтай бер, шарықтай бер Әнұран!

Салтанатты асқақ саз, гүлдене бер кең далам

Жүректерде жаңғырады кеудені кернеп Әнұран

Елімізде рух, мән берген иесі оның мен болам!

Досболат:Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын!

(Әнұран тұрып орындалады)

Мұғалім:Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпаққа аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Оны ішкі-сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ. Жердің де, елдің де иесі, оны көркейтетінде өздеріңіз екенін ұмытпаңыздар дей отырып бүгінгі «Ғасырға бергісіз 20 жыл» атты «Шұғыла » балалар ұйымының мерекелік кешін аяқтаймыз.Қатысқандарыңызға көп көп рахмет!!!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі