Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Айгөлек" балалар шығармашылық байқауы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«АЙГӨЛЕК» балалар шығармашылық байқауы
Дайындаған: Раушанова Г.
Байқаудың мақсаты: Балалардың өз болашағын айқындап, өнерге біртабан жақындату, әншілік қабілетін, орындау шеберлігін арттыру. Сахна мәдениетін үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру.
(Фанфар ойналады, ортаға жүргізуші шығады)
Жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, құрбы —
құрдас,
Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті
өнер сүйер қауым!
Қадірменді «Көкірегінің көзі ашық,
көңілі ояу» ұстаздар және балалар!
Баршаңызға бүгінгі «Айгөлек» балалар
шығармашылық байқауына қош келдіңіздер
демекпін.
«Болар адам — бала шағынан».Талантты балаларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол — сахна. «Шағала» бөбекжай – бақшасындаМектепалды мен Ортаңғы, Ересек топтар аралығында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Айгөлек» балалар шығармашылық байқауына балалардың оқу қызметінен тыс бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп отыр.
Сонымен бүгінгі кешімізді ашу
үшін сөз кезегін бақшамыздың
директорыДжанжолова Гүлмира
Айтқалиқызынасөз
береміз.
(Айтқалиқызының
сөзі)
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым бүгінгі «Айгөлек» балалар шығармашылық байқауының кезеңдерімен таныстырып өтсем.
Байқау, балалар шығармашылығының төмендегі бағыттарын бейнелейді:
1.ВОКАЛ
2.САЗ АСПАБЫНДА ОЙНАУ
3.МӘНЕРЛЕП ОҚУ
Енді, бүгінгі байқауымызға төрелік ететін, әділ — қазылар алқасымен таныстырып өтсем:
Бақшамыздың директоры: Джанжолова Гүлмира Айтқалиқызы
Бақшамыздың әдіскері: Нұржанова Сания Үржімбайқызы
Бақшамыздың психологы:Изтілеуова Майра Тілекқабылқызы.
Ал енді кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір
құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы
– мұң. Әсем әуезді ән – адам өмірінің тамаша
бейнесі.
Талаптының айтқанын мен
қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
«Ән көңілдің ажары» деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,
- дей келе сахнаға Ортаңғы №1 «Ботақан» тобының тәрбиеленушілері: Алтынбекқызы Айза, Серік Мансия, Жалғаспай Нұрай, Зейнеден Әселді сахна төріне шақырамыз.
Кезең: «Вокал» номинациясы
Ән: Бота Бейсенова «Отанымның ертеңі»
Аспаптарсыз ән қайда,
Аспаптарсыз сән қайда.
Ән мен сәнді жырлаған,
Естіген жан тамсанған
-дей келіп, Ортаңғы №1 «Ботақан» тобының бір топ бүлдіршіндерінің орындауында «Сылдырмақты полька» шығармасын қабылалыңыздар!
Кезең «Сазды аспапта ойнау»
Шығарма: «Сылдырмақты полька»
Жүргізуші:
Музыка — ырғақ, нәзік әуен,
асқақ үн.
Музыка — өзен, дала, аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.
- деп жеткізеді ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын. Сонымен Ортаңғы № 2 «Қошақан» тобының тәрбиеленуші өнерпаздарымызға сәттілік тілеп, сахнаға шақырайық.
Ең кішкентай мәнерлеп оқитын, «Қошақан» тобының тәрбиеленушісі
Сатыбалды Құралайды қарсы алайық.
Кезең «Мәнерлеп оқу»
Фариза Оңғарсынова «Қамаудағы аңдар»
Жүргізуші: Келесі кезекті Фариза Оңғарсынованың «Өзім жайлы» - атты өлең сөздерін мәнерлеп жатқа оқуға Ортаңғы № 2 «Қошақан» тобының тәрбиеленушісі Қуанышбекұлы Рамазандықарсы алыңыздар!
Кезең «Мәнерлеп оқу»
Фариза Оңғарсынова «Өзім жайлы»
Жүргізуші:
Өнерлі бала ол біздің,
Өнері бойда тасыған.
Қалыбай Мұзафарды,
«Қонақтар келгенде» өлеңімен
Қарсы алыңыздар!
Кезең «Мәнерлеп оқу»
Фариза Оңғарсынова «Қонақтар келгенде»
Жүргізуші:
Қыз сұлу көрінеді
өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен
— деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі талапкерлеріміз
Ортаңғы № 2 «Қошақан» тобының бір топ сұлу қыздары: Нұрдана Сайлаубай, Нұрай Ерланқызы, Құралай Сатыбалды, Хабиба Жәнібек,
Гүлзат Дулатқызы, Қарақат Мухинді ортаға шақырамыз.
Кезең: «Вокал»
Бота Бейсенова «Балабақша»
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды
алар,
Аспапта ойнаған тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,
— дей келе, «Саз аспабында ойнау» номинациясы бойынша
Ортаңғы № 2 «Қошақан» тобының тәрбиеленуші балаларын қарсы алыңыздар.
Кезең: «Саз аспабында ойнау»
Халық әні: «Еркем – ай» әнін аспаптармен сүймелдейді.
Жүргізуші:
Әннің әсері де әрқилы. Тәтті әуеннің әрбір ырғағында ұялаған терең мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады да оның жан дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай әлдилеп оятады. Ендеше келесі кезекті Ересек №1 «Күншуақ» тобы жалғастырады.
«Балабақша бағында» деп ән салған,
Тыңдаған жұрт тамсанған.
Шығады қазір ортаға
Амантаева Айзере!
— сахнағаЕресек №1 «Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі
Амантаева Айзерені шақырамыз.
Кезең «Вокал»
Ән:И.Нүсіппаев «Балабақша бағында»
Жүргізуші:
Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Өлең оқып, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де кем.
- деп Ересек №1 «Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі
Есей Арайлымды Фариза Оңғарсынованың «Тәрбиеші» өлеңін мәнерлеп оқуға сахнаға шақырамыз.
Кезең: «Мәнерлеп оқу»
Фариза Оңғарсынова «Тәрбиеші»
Жүргізуші:
Балғын тәтті бөбектер,
Ата – анаң сені суреттер.
Аспаптарда ойнаған билерің,
Көрген жанды елітер
-депсахнаға Ересек №1 «Күншуақ» тобының бір топ балаларын шақырамыз.
Кезең: «Саз аспабында ойнау»
«Көңілді полька»
Жүргізуші:
Бал – балалық балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Алтын бесік ұлан – байтақ елімде.
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз – деп,
«Айгөлек» балалар шығармашылық байқауына, Ересек № 2 «Еркемай» тобының балапандарыда өнер көрсетуге келді.
Біз көңілді ұланбыз,
Өлең оқимыз сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап -
деп, сахнаға өнерлі балапан Ересек № 2 «Еркемай» тобының тәрбиеленушісі Өтеш Ағатайды«Отан» өлеңін мәнерлеп оқуға шақырамыз.
Кезең: «Мәнерлеп оқу»
Жарасқанұлы Әбдірашов «Отан»
Жүргізуші:
Рахмет, Ағатай! Тамаша көңіл – күй сыйладың. Ендеше келесі өлеңді мәнерлеп оқуға Ересек № 2 «Еркемай» тобының өнерпазы Қангерей Зеренішақырамыз.
Кезең: «Мәнерлеп оқу»
Абай Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
Жүргізуші:
Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,
Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.
Алибекқызы Азизаән шырқаса,
Жан барма екен қызығып тамсанбаған
– деп, біз әрі қарай жалғастырамыз, сайысқа түсетін кім екен?
Келесі тамаша әншімізге, өнерпазымызға сәттілік тілеп,
Ересек № 2 «Еркемай» тобының тәрбиеленушісі
Алибекқызы Азизаны«Біз көңілді қуыршақпыз» әнімен қарсы алайық.
Кезең: «Вокал»
Б.Ботбаев «Біз көңілді қуыршақпыз»
Жүргізуші:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан –
деп, «Саз аспабында ойнау» номинациясы бойынша
Ересек № 2 «Еркемай»тобының тәрбиеленуші балаларын қарсы алыңыздар.
Кезең: «Саз аспабында ойнау»
Нұрбибі Оразбаева «Аспаптарда ойнаймыз»
Жүргізуші:
Құрметті көрермендер, «Айгөлек» балалар шығармашылық байқауы әлі де жалғасуда, бізбен бірге болыңыздар. Ендеше Мектепалды «Айгөлек» тобының өнерпаздарына кезек берейік.
Бүлдіршіндер «Вокал» номинациясыбойынша, сахнаға шығатын өнерпаздарымыз, Мектепалды «Айгөлек» тобының бір топ тәрбиеленушілері. Қошыметпен қарсы алайық.
Кезең: «Вокал»
Д.Байқадамов «Қазақстаным»
Жүргізуші:
Келесі болып сахнаға Мектепалды «Айгөлек» тобының тәрбиеленушісіСерікқызы Амина шығады. Амина бізге, Серікбай Оспановтың «Балабақшада» - атты өлеңін мәнерлеп оқып бермекші.
Кезең: «Мәнерлеп оқу»
Серікбай Оспанов «Балабақшада»
Жүргізуші:
«Саз аспабында ойнау» кезеңінекезек берейік, бізбен бірге болыңыздар. Аспаптарда ойнау өнерін тамашалаудан жалықпаңыздар. Балғын күйші балаларымыз Мектепалды «Айгөлек» тобының бір топ тәрбиеленушілері ұрмалы аспаптарымен «Лэткисс» шығармасын ұсынбақшы, қабыл алайық.
Кезең: «Саз аспабында ойнау»
«Лэткисс» шығармасы
Жүргізуші:
Осымен
«Айгөлек» балалар
шығармашылық байқауы өз мәресіне
жетті.
Қазылар алқасы «Айгөлектің» жұлдыздарын анықтағанша,
Бүлдіршіндер ән – биді дөңгелентті,
Көрерменнің көңілі көкке жетті.
Егерде сіздер рұхсат етсеңіздер
Шақырамыз шырқауға «Айгөлекті»
Бейнетаспадан тамашалап, (Айгөлек әні шырқалады)
Жүргізуші:
Күнде жиын бола бермес дәл
осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл – қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз
береміз.
Сын — шын, бағалау әділеттіболсын!
Кімдер биші, кім күшті,
Өнеріне қарайық.
Әділ қазы алқасы ,
Таланттарды табайық.
(Қазылар алқасының жеңімпаздарды марапаттау сәті)
Жүргізуші:
Жеңіске жеткен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар
әрдайым.
Көріскенше күн жақсы болсын!!! Басымыз аман, бауырымыз бүтін
болсын! Қош
сау болыңыздар!