400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Айлакер түлкі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды даярлық тобы тәрбиешілеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

« » ортанғы топ Білім беру саласы:«Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Айлакер түлкі» орыс халық ертегісін сахналау

Мақсаты: А) Сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Ә) Сахналау қойылымына атсалысуға ықылас білдіруді, сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс- тәсілдерін (дауыс ырғағы, ымдау, қимыл-қозалыс, дауыс құлдіреттілігі, интонация) қолдануды дамыту. Б) Шыншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Тіл дамыту дәптері, сахналауға арналған түлкі, әтеш, тауық, тауыс, үйрек, қоян бетперделері, киімдері.

Қостілдік құрам: Түлкі-лиса,айлакер-хитрый

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап.


Әрекет кезеңі

Тәрбиеші іс-әеркетті

Балалар қызметі


Мотивациялық қозғушылық

Жұмбақ шешкізу.

Сайықмазақ қулығы бар,

Барған жерде ұрлығы бар.

Бұл қандай аң?

Ұғып ал.

Балалар түлкі қандай аң?

Демонстрациялық құрал

(Суретке қарап, түлкі туралы әңгімелеу).

Түлкінің жүрісін салайықшы?

Жұмбақтың жауабы: түлкі.

  • Түлкі- айлакер,қу аң.

Түлкінің түсі қызғылт болып келеді.

Түлкінің жүрісін салып көрсету).


Ұйымдас-қ,

ізденушілік

«Айлакер түлкі» ертегісі оқылады.

Дәптердегі суреттер ақылы ертегіні әңгімелейді.

Баяғы бір заманда орман ішінде алай-дүлей дауыл соғады. Дауылдың қатты соққаны соншалық ағаштарды тамырымен құлатып, жуан бұтақтарды сындырып, жапырақтарды ұшырып әкетеді. Аңдар қорыққанынан өз індеріне тығылыпты. Осылайша дауыл бірнеше күн соғып, артынша тынышталыпты.

Сол орманда Әтеш пен Тауық өмір сүріпті. Дауыл олардың балапдарын ұшырып әкетіпті. Жел тынышталғанда Тауық Әтешке:

- Мен мұнда енді қала алмаспын.

Бізге басқа жерге қоныс аудару керек, -депті.

Сұрақ:

- Балалар, құстардың балапандарын мына дауыл алып кете беретін болса, бұларға не істеу керек? Әтеш Тауықтың сөзіне келісіп, қоныс іздеуге бірге аттаныпты.

Сөйтіп, олар жолда келе жатса, алдарынан екі үйрек кездесіпті.

Сонда Үйрек Тауықтан:

- Сіңілім! Қайда жол жүрмексіңдер?- деп сұрайды.

-Біз енді бұл орманда қалуға қорқамыз, срндықтан жаңа қоныс іздеуге бара жатырмыз, - деді.

- Ендеше бізді де өздеріңмен бірге ала кетіңдерші, бізде мұнда тұрғымыз келмейді, - дейді

Үйректер.

Әтеш пен Тауық келісіп, төртеуі бірге жолға шығыпты. Көп ұзамай оларға екі Тауыс кезігіпті.

Тауыс: Барлықтарың қайда бара жатырсыңдар, -депті.

Сонда барлығы: Бұл орманда тұру қауіпті, сондықтан басқа жерден қоныс іздепбара жатырмыз, -депті.

Тауыс: Ендеше бізді де ала кетіңдерші, бізге де қауіп төніп тұр, -депті.

Енді олар алтау болып, жаңа қоныс іздепті.

Сұрақ:

-Сонымен Тауық пен Әтешке нелер кезігіпті?

-Тауық, Әтеш, Тауыс, Үйрек аңдар ма әлде құстар ма?

-Құстардың қандай пайдасы бар?


Жолдан бұларға Қоян да ілесіпті.

Кенет қайдан шыққаны белгісіз алдарынан Түлкі шығыпты. Ол қоныс аударушыларды көріп таңғалып, былай дейді:

- Шырақтарым, қайда бағыттап бара жатырсыңдар?

Барлығы: Біз мына орманда қалуға қорқамыз, сондықтан өзімізге жаңа қоныс іздеп бара жатырмыз – депті.

- Біздің орманнан кетпеңдер!

Мен бір жақсы жер білемін. Сол жерді көрсетейін бе? Онда тыныш және сендер онда рақат өмір сүресіңдер! – дейді.

Сұрақ:

  • Балалар, олар Түлкіге сенді ме?

Ең әуелі оған ешкім сенген жоқ. Бірақ Түлкі айтқан жерде мақтап, алдағаны сонша, ақырынды бәрі сол жерді көруге көніп:

- Жарайды, ең әуелі мақтаған жерге барып, көрейік. Ұнамаса әрі қарай кете береміз, - деді.

Түлкі оларды дәл өзінің ініне әкеліп алып: - Бұдан әрі жол тар, мен алдымен шығайын, ал сендер бір – бірден менің артымнан жүріңдер», деді. Осы сөзден кейін ол ініне жылмаң етіп түсіп, жасырынып қалды. Алоның артынан бірінші Тауыс кірді, сосын Әтеш, тағы қалғандары.

Түлкінің алдағанын білген Қоян жылдам серікіп, апаннан шығып кетті. Қатты жүгіретін Қоянға Түлкі жете алмады. Бірақ аңқау құстарды жеп қойды.

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Сендер ертегінің осылай аяқталғанын қайласындар ма? Ал қалай аяқталғанын қалаар едіндер?

-Ертегі мазмұнын түсіндіңдер ме, рөлдерге бөлініп ойнағыларын келе ме?

Драмалық ойын:

Ертегіні дараматизацилау (сахналау)

Мақсаты: Балалардың рөлге ене білуі, дұрыс ырғақ, түрлі интонция , қимыл- қозғаслыспен кейбір ым-ишарамен бейнені келтіре білу қабілетін дамыту.

Сергіту сәті:

Қанатымжы жазамын

Жоғары төмен қағамын

Биік көке айналып

Жұлдыздай жылдам ағамын

Балалар дәптерді ашып, ішіндегі суреттерге ден қояды.






Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.





Оларға басқа жерге кету керек.




Алдымен екі Үйрек, одан кейін екі Тауыскезікті.




-Құстар.

-Құстардан жұмыртқа аламыз, жұмыртқадан балапан шығады.



Рефлексифті түзетушілік

Сұрақ- жауап әдісі арқылы ертегі мазмұны қалай меңгергенін тексереді.

Сұрақтарға жауап береді, бір – бірінің жауаптарын толытырады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: кейіпкерлердің қимыл- қозғалысын келтіруді;

Үйрену: ертегіні сахналауды;

Меңгеру: аңдардың, құстардың дауыс ырғағын дұрыс келтіруді біледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
615
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі