жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Айналадағы қауіп -қатер
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні: Дүниетану Ортақ тақырып:Дені саудың жаны сау Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жергілікті жерде бағдарлану Күні: Сынып:1 |
Мектеп: «№38ЖОББМЛ» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Уалиева Асел Жомартовна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
|
Сабақ тақырыбы: |
Айналадағы қауіп -қатер |
||
|
Оқу мақсаты |
1.2.1.2. Табиғатта өзін – өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру |
||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: табиғатта өзін – өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін айтады. Көптеген оқушылар: табиғатта өзін – өзі ұстау ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді. Кейбір оқушылар: табиғатта өзін – өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін, адам өміріне қаншалықты керекті екенін дәлелдейді, ережелер құрастырады. |
||
|
Бағалау критерийлері |
Табиғатта өзін - өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіреді |
||
|
Тілдік мақсаттар: қоршаған орта, құтқару қызметі |
Оқушылар орындай алады: Әр түрлі апатты жағдайларда және жарақат алған кезде өздерін дұрыс ұстай біледі. Пәнге тән лексика мен терминология: қоршаған орта, құтқару қызметі Қоршаған орта – айналадағы адам мен табиғат. Құтқару қызметі –кәсіби құтқару қызметі. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Құтқару қызметінің нөмірі қандай? Пәтерде газдың иісін сезсең не істеу керек? Орманда от жаққанда, шоқты сөндірмей кетуге , мамыққа от қоюға бола ма? Электр аспаптарын,сымдарын және ажыратқыштарды дымқыл қолмен ұстауға бола ма? Үзілген , ашық тоққа жолауға бола ма? Бейтаныс адамды үйге шақыруға бола ма? Күннің астында бас киімсіз ұзақ жүруге және күнге ұзақ күюге бола ма? Терезеден бас шығаруға, алдында отыруға, баспалдақтың сүйенгіштерімен сырғанауға бола ма? 103 ненің телефоны? Егер адам жолда келе жатып , құбырға түсіп кетсе , көмекке кімдерді шақырамыз? Қозғалыс кезінде жолаушы жүргізушімен әңгімелесуге бола ма? |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Мәңгілік ел идеясымен халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтарының халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып ұрпақтан – ұрпаққа беру, топтық жұмыс арқылы рухани – адамгершілік құндылықтарды дамыту.Жеке және жұппен жұмыс барысында саралап оқыту арқылы тұлғаға бағытталған құндылықтар жүзеге асады. |
||
|
Пән аралық байланыс |
Сауат ашу, көркем еңбек |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, суреттер, бейнеролик ( УоuТubе) |
||
|
Бастапқы білім |
Үйдегі қауіпсіздік ережелерін біледі |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасу, түгендеу. Үй жұмысын пысықтау. Тақпақты жатқа айтып береді. Өрт пен түтін айнала, Қарап тұрма жай ғана. Тез хабар бер 101- ге, Уақытты сен байлама. Ауырған кезде көмекке келетін жедел-жәрдем қызметі- 103. Егер жолда келе жатып, құбырға түсіп кетсең 112 құтқару қызметіне телефон шаламыз. Сыныпты топтардың аты жазылған пазл парағы арқылы топқа бөлу.
1 топтың аты - су 2 топтың аты – жол 3 топтың аты – өрт 4 топтың аты – тоқ Топ ережесін айту. Өз топ басшысын, стикерін, хатшысын, уақытты бағдарлайтын оқушыны сайлату. |
Суреттер
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
1-тапсырма : «Ассоциация жасау» ( Т) Әр топтың атына сәйкес қандай қауіп – қатер болуы мүмкін, сол жайында ассоциация жасайды. Дескриптор: 1 Су, өрт, жол, тоқтың зиянын анықтайды. 2 Сөйлем құрап жазады және түсіндіреді. Балалардың серпілген жауаптары: 1. Суға арнайы түсуге арналған жерлерде және үлкендердің бақылауымен ғана түсуге болады. Қысқы суықтан сулар қатып, мұзға айналады, бірақ ол кісінің салмағын көтере алмай, жарылып кетуі мүмкін.Өзендерде, көлдерде конькимен , шаңғымен сырғанауға болмайды.Ол үшін мұз айдындары, төбешіктер бар. 2. Жолды жол қозғалысы ережелерінде рұқсат етілген жерлерден ғана кесіп өту керек.Бағдаршамның қызыл түсі қозғалысқа тыйым салады, сары түсі дайындал, жасыл сигнал, қозғалысқа рұқсат береді. 3.Егер өрт шықса, 101 нөміріне өрт сөндірушілерге хабарласу керек.Адамдарды тез сыртқа шығару керек.Өртті су,құм, тығыз маталармен сөндіру керек. 4.Үзілген, ашық тоққа жолауға болмайды.Үзіліп жатқан сымнан 8 м алшақтықта жүру керек. Қолың суланған болса, электр тоғын қосуға болмайды. Қ. Б. Күн – түсіндім Бұлт – толық түсінбедім Жаңбыр – сұрағым бар 2 - тапсырма : «Сиқырлы қорапша» (Ж) Қорапшаның ішінен алғашқы көмек көрсететін заттарды таңдап алады. 1.Қолын жарақаттап алған адамға ( қанатып ) алғашқы көмек көрсет 2.Жер сілкінісі болғанда не істейсің? 3.Жол апатынан аяғы сынған адамға алғашқы көмек көрсет. 4.Өрт болғанда не істеу керек? Дескриптор: 1. Кімнің не істейтінін ойластырады 2. Өзара рөлдерді бөліседі 3. Алғашқы көмек көрсетеді Қ.Б. Вагондарға жасыл, қызыл, сары стиккер жапсырады. Жасыл - түсіндім Қызыл- толық түсінбедім Сары- сұрағым бар Сергіту сәті Егерде жауабым дұрыс болса, қолдарын шапалақтайды.Жауабым дұрыс болмаса, аяқтарын тарсылдатады. 1.Найзағай жарқылдағанда далада ойнауға болады. 2.Ашық резетканы қолға ұстамаймын. 3.Газды ашық қалдыруға болмайды. 4.Су тасқыны кезінде жағаға жоламаймын. 5.Жер сілкінісі болғанда далаға шықпаймын. 6.Ит пен мысықпен бірге ұйықтауға болмайды. 3 тапсырма: « Мозайка құрастыру » (Т) Балалар, күз, қыс, көктем, жаз айларында тағы қандай қауіп – қатерлер кездесуі мүмкін? 1. Кузде бұршақ жаууы , найзағай түсуі , алма ағашынан құлап қалуың мүмкін. 2. Қыста шана, коньки теуіп жургенде денеңді жарақаттап алуың мүмкін. 3.Көктемде су тасқынынан, қар көшкінінен зардап шегуіміз мүмкін. 4. Жазда атқа мінгенде құлап қалуың , қалақай, улы саңырауқұлақтардан уланып қалуымыз мумкін. Қатты дауыл, өрт, жер сілкінісі және тоқ соғу жыл мезгілдерінің әр кезінде болып қалуы мүмкін. Дескриптор: 1.Әр жыл мезгілінде кездесетін айналадағы қауіп –қатерлерді айтады. 2.Нақты дәлелдер келтіре алады 3.Қорғау кезінде комментарий бере алады Қ. Б. Қолшатыр – түсіндім. Көзілдірік – әлі де толық түсінбедім Қайық – көмек қажет 4-тапсырма «Кім жылдам?» (Ж) Мақал - мәтелдердің ішінен керекті сөздерді тап. Осы сөздерге тақырыпқа байланысты сөйлем құраңдар. 1.Нөсер алдында, найзағай ойнайды. 2.Су тілсіз жау 3.Балық аулай алмаған суды лайлар. 4.Ит қаппас деме, Ат теппес деме. 5.Жыланның сырты жылтыр, іші улы. 6.Адамға шабатын арыстаннан , Жүк таситын есек жақсы. 7.Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ. Дескриптор: 1.Керекті сөздерді табады. 2.Өтілетін тақырыпқа сай, сөйлемдер құрастырады Қ.Б. Оқушылар қызыл, сары, көк сіріңке таңдап алады. 1.Қызыл сіріңке - маған барлығы түсінікті. 2.Сары сіріңке -түсіндім бірақ әлі де толықтырамын. 3.Көк сіріңке-мүлде түсінбедім. |
Шуақты күн
Көңілді вагон
Тығырықтан шығу
Жарығың сөнбесін!
|
|
|
|
5-тапсырма : «Жалғасын тап!» (Ұ) 1.Үлкен адамның рұқсатынсыз инені қолданба, қолыңды жарақаттап алуың мүмкін. 2.Ас үйде абай бол қайнаған суға, сорпаға күйіп қалуың мүмкін. 3.Көлікке отырғанда есік , тереземен ойнама саусақтарыңды, аяғыңды қысып алуларың мүмкін. 4.Бөтен ит пен мысықты сипалама, қауып немесе тістеп алуы мүмкін. 5.Егер үйдегі жануарлар ауырған жағдайда дереу мал дәрігеріне апарып қарату керек. 6.Уланған жағдайда – бірінші жәрдем асқазанды шаю керек. 7.Көктайғақ кезінде көшеге шұғыл шығу тым қажет болса, қолыңызға балдақ немесе таяқ ұстап шығуға ұялмау керек. 8.Қатты күйген кезде тез арада 103 жедел – жәрдемді шақыру керек. Дескриптор: 1.Тақырыптың мазмұнын жан –жақты түсінеді. 2.Өзіндік ой – пікір ұстаным келтіре біледі. Қ. Б. От шашу |
Отшашу
|
|
|
Сабақтың соңы |
Қорытындылау . Бейнеролик көрсету. « Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!» деген белгі түскен бойда әрекет етудің ретін білуге және орындауға міндетті». Кері байланыс: Шамдарың сөнбесін!
|
Шамдарың сөнбесін!
|
|
|
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз? Барлық оқушылар: Ассоциацияны орындау барысында кейбір оқушылар жан-жақты әрі нақты көмек қажет етеді . Көптеген оқушылар: Мозайка құрастыру әдісін берген себебім, оқушылар қарқынмен жазып шығарады Кейбір оқушылар: Сиқырлы қорапша әдісін бергенім зерттеу тапсырмасын жүйелі орындайды |
Бағалау-оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? 1. Күн, бұлт, жаңбыр. 2. Вагондар 3. Қолшатыр,көзілдірік, қайық. 4. Қызыл, сары, көк сіріңке. 5. Отшашу |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. Қолданылған тапсырмалар оқыту әдістері оқушы денсаулығын сақтау мақсатына бағытталады.Өмір қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі. |
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген