400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Айналайын, абайла!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 23.11.2018ж.

Тобы: «Ұлан»

Тәрбиеші: Нәлібаева Мақпал

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Айналайын, абайла!»


Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.


Әдісі: Ой қозғау.


Түрі: Сыныптан тыс жұмыс.


Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан таблица.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу және түгендеу. Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау арқылы сыныптан тыс жұмысын бастаймын.


Кіріспе.

Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.


Негізгі бөлім.

Балалар, сенднр көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:

1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6.Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.

7.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
8.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.

Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.
1.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді.
( Трамвай)
2.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
(Жол)
3.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар?
(Велосипед)
4. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)

Қорытынды:


Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін сақтауымыз керек. Жол жүру ережесі барлығымызға ортақ екенін жадымыздан шығармауымыз керек.


Тексерілді: _______________



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.01.2019
645
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі