«Айналайын
анашым»
Көңілді
әуенмен балалар залға кіріп, орындарына
тұрады.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті аналар,
аяулы әжелер! Баршаңызды көктемнің
алғашқы мерекесі 8 наурыз мерекесімен
шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге
шаттық, бақыт, байлық тілей отырып,
балабақшамыздың дайындаған «Айналайын
анашым»
атты ертеңгілігімізді тамашалауға
шақырамыз.
Жүргізуші:
Балалар,
айтыңдаршы.
Бізді
жақсы көретін,
Бар
жақсыны беретін.
Баласы
үшін әрдайым,
Мейірімін
төгетін
Ол
кім?
Балалар:Ана!
Жүргізуші:Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі. Біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ.
Қош келіпсіз ақ жаулықты әжелер мен аналар!
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді!
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Ұлдар
биі
Тобымыздың әншілері,
Орнымыздан тұрайық.
Мейірімді аналарға,
«Кап-кап» әнін сыйлайық!
Ән:
«Кап-кап» «Балапан» тобы
Батыстан асып, шығысқа,
Ұшып бар деп сұрайық.
Аяулы ана, асыл әже,
Тақпақтарды біз сіздерге арнайық….
Балаларымыздың
аналарына арналған құттықтауларын
қабыл алыңыздар.
Ұш, ұша түс гүл желек,
Бақшамызға қон желек.
Баршаңызға аналар!
Зор денсаулық тілейік.
Қазір шығып ортаға,
Бүлдіршіндер
би билейді.
Би:
«Қазақ биі»
Асыл
анам нұр шашқандай келбетің
Сенсіз
басып журе аламба жер бетін
Бір
қолыңмен бала жатқан бесікті
Бір
қолыңмен ұлы әлемді тербеттің
Ән:
«Айналайын мама»
Келесі
құттықтау сөздерді қабыл
алыңыздар.(тақпақтар)
Ананың — біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз!
Тек сіздерге арналады,
Міне, біздің биіміз!
Балапан
тобының « Кемпірқосақ» биін қарсы
алыңыздар!
Күнінде
гүл көктемнің нұрын шашып
Жасқанбай
әр қадамын нық-нық басып
Әнімен
көрерменді тәнті ететін
Арулар
келді міне толқып тасып
Ән:
«Тұсау кесу»
Әнімізге ән беретін, кешімізге сән беретін
Аналарымызбен
бірге ойын ойнайық.
Ойын:
« Ананы сәндейміз» (ұлдар)
Аналардың мейірімі ерекше,
Талпындырған асулар мен белеске.
Аямаған шуағы мен жан нұрын,
Берші анама бар жақсылық, тәңірім!!
– деп тілей отырып, сіздерге арналған сыйлығымызды табыс етейік…
Ән:
«Бақытты балалық»
Бала үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
О, аналар! Дендеріңіз сау болсын!
Мерекелеріңіз мәңгілік болсын!
Құрметті
қонақтар, біздің “Айналайын
анашым” атты
ертеңгілігімізді көңіл қойып
тамашалағандарыңызға рахмет.
Демеңіз
біз өнерді аяп қалды
Мезгілде
біраз жерге таяп қалды
Қош
болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен
концертіміз аяқталды.
Қорытынды
құттықтау сөзді балабақшамыздың
меңгерушісі Балнұр Несіпханқызына
береміз.
Осымен
біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Сау
болыңыздар.
«Балауса
ясли-бақшасы» КМҚК
8
«Айналайын,
анашым»
наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
Музыка
жетекшісі:
Сейлсинова
А
2018-2019
оқу жылы