400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Айналайын Анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз арналған сыныптан тыс іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Айналайын Анашым.

Мақсаты: Тіршілікті жаратушы аналар олардың өмірі, олардың қасиеті,

құдіреттілігі неде екенін оқушыларға түсіндіру. 8- Наурыз

Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірім,

сүйспеншілікті арттыру, үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету.

Ананы сыйлай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар,гүлдер, қима қағаз, суреттер, күннің бейнесі.

1-жүргізуші Шахзат:

-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,аналар,қыздар!

Барлығы: Әлпештеген анамыз,

Оқып білім аламыз.

Біз бақытты баламыз,

Жұлдыз болып жанамыз.

2-жүргізуші Айдос:

Наурыз күні-ана күні, әлем күні,

Әлемді тебірендірер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.

Мұғалім:

-Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі адам-Ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейіірм толы көзқарасы арқылы барлық махаббатын берген аналар үшін бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол8-Наурыз мерекесі. Бүгін біз де аналарымызды құттықтау үшін, «Айнаалайын анашым» атты тәрбие сағатын өткізбекпіз. Бүгінгі мерекеге қош келіпсіздер!

1-жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық- демекші анаға арналған әннен бастаймыз.

«Мама» әні оқушылардың орындауында.

2-жүргізуші:

Ана- біздің күніміз,

Ананың –біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз –дей отырып ,келесі кезекті аналарға арналған тақпақтарға береміз.

Қарақат:

Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт,ана-күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.

Рамазан:

Аялаған анамыз,

Саялаған панамыз.

Шынары боп өсеміз,

Шырағы боп жанамыз.

Айдос:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

1-жүргізуші:

Мамам –менің ақ мамам,

Гүлді маған баптаған.

Жырды маған жаттаған,

Жұрттың бәрі мақтаған –дей отырып келесі кезекті Бану мен Жандостың орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.

Ән «Анашым»

2- жүргізуші:

Шырқап –тасып әніміз,

Жадырасын әніміз.

Ана, сені құттықтап,

Би билейміз бәріміз.

«Флешмоб» оқушылардың орындауында.

Мұғалім:

Ал қазір балалар біз аналарымызды ортаға шақырып ойын ойнаймыз.

Ойын «Жылы сөздер» .(аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздерді айтады).

1-жүргізуші.

Сіздер-күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер-өзен,тау суы сарқыраған.

Сіздер –ана, сіздер-жар,сіздер-қыздар,

Сіздер-жаңбыр,ақ нөсер сарқыраған.

Келесі кезекте Айдос пен Ақеркенің орындауында «Ана мен бала» әнін қабыл алыңыздар.

Мұғалім:

Ана... ана бүкіл әлемнің әдемілігі, бар тіршіліктің жарығы анаға деп әр бала өз лебіздерін мына сызбаға жазады. Сызба күн бейнесінде берілген. Өйткені, ана бізге жылу сыйлайды.



АНА

(Әдемі,мейіірмді,ақылды,аяулы жан, нәзік,дос, қамқоршы, батыр...)

Мұғалім: Монолог «Ана»

2-жүргізуші:

Құлпырған көктем келді,

Жылу тарап бойыма.

Ұстаз ана кемеңгерді,

Құттықтау тұр ойымда.

Барлығы:

Мерекелеріңіз,құтты болсын,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын.

Оқушылар мерекеге келген ұстаздарға, аналарға сыйлықтарын ұсынады.

Мұғалім:

Ардақты аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын!

Осымен бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі