Айналайын Анашым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Айналайын Анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиеленушілердің ой өрісін дамытады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айналайын анашым» ертеңгілігік


Көңілді әуенмен балалар залға кіріп, орындарына тұрады.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті аналар, аяулы әжелер! Баршаңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге шаттық, бақыт, байлық тілей отырып, 2-і кіші тобының дайындаған «Айналайын анашым» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.


Күн жайнап келеді,

Гүл жайнап келеді көктем.

Күлкі боп ереді,

Қуанта береді көктем.


Ән:«Көктем»


1-ші бала: Ана деген - дара мүсін

Шаршамайды бала үшін

Ауырмашы жан анам,

Сенсің менің бар панам.


2-ші бала: Анам менің, ақ мамам

Балашым деп мақтаған.

Анам барда әрдайым,

Қуанамын шаттанам.


3-ші бала: Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Бар баланы қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.


4-ші бала: Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.



5-ші бала: Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Жүргізуші:Шуақты көктем күні, күн нұрын төккен күні,

Аналарды мейраммен балалар құттықтайды!

Әжелермен аналар , қыздарменен апайлар,

Сұлуланған, нұрланған , әдемі боп құлпырған,

Би билейміз, жырлаймыз, мерекені тойлаймыз!

Балалар, әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді , ең жүрегі жұмсақ кім екен?

Балалар:Аяулы анамыз!

Жүргізуші:

Балалар, айтыңдаршы.

Бізді жақсы көретін,

Бар жақсыны беретін.

Баласы үшін әрдайым,

Мейірімін төгетін

Ол кім?

Балалар:Анашым!

(музыка әуенімен көктем кіреді)

Көктем ханшайымы:Сәлеметсіңдерме балалар, мен көктем ханшайымымын. 

Балалар сендерде кандай мереке болып жатыр?

Жүргізуші:Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі. біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ.

Көктем ханшайымы:
Қош келіпсіз ақ жаулықты әжелер мен аналар!
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді!
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Көктем ханшайымы:
Балалар!Ғажайып бақтың алғашқы гүлін сыйға тартайын. Бұл сиқырлы гүл, барлық тілектерімізді орындайды. Олүшін гүл желектерінен сұрайық…
1.Біз бірінші гүл желегін жұлайық,
Ақ тілекті гүл желектен сұрайық.
Тобымыздың әншілері,
Орнымыздан тұрайық.
Мейірімді аналарға,
«Ана» әнін сыйлайық!

Ән: «Ана»

Көктем ханшайымы:Біз екінші гүл желегін жұлайық,
Батыстан асып, шығысқа,
Ұшып бар деп сұрайық.
Аяулы ана, асыл әже,
Тақпақтарды біз сіздерге арнайық…..

Жүргізуші: Келесі құттықтау біздің әжелерімізге арналады.

Жақсы көреді әжелерің,

Ойыншықтар да әпереді,

Балабақшаға да әкеледі.

Жақсы қандай әжелер!

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.


Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

Ақ кимешек киген,

Ақ бетімнен сүйген.

Менің әжем қандай,

Менің әжем айдай.

Ән: «Әжем мені өте жақсы көреді»

Жүргізуші: Ал біздің ұл балалар қыз балаларды биге шақырып, биден шашу шашады.

Би :«Мама»

Көктем ханшайымы: Ақ арманды гүл желектен сұрайық
Ол үшін біз тағы бірін жұлайық
Ананың — біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз!
Тек сіздерге арналады,
Міне, біздің биіміз!
Би: «Анашым кел билейік»

Көктем ханшайымы:Біз екінші гүл желегін жұлайық,
Батыстан асып, шығысқа,
Ұшып бар деп сұрайық.
Аяулы ана, асыл әже,
Балалардың ойының тамашалайық….

Ендеше кезекті ойынға берейік…
Ойын: «Гулдер» 

Көктем ханшайымы:Ұш, ұша түс гүл желек,
Бақшамызға қон желек.
Баршаңызға аналар!
Зор денсаулық біз тілейді.
Қазір шығып ортаға,
Қыздарымыз би билейді.

Би: «Біз кішкентай қуыршақпыз»

Көктем ханшайымы: Ақ арманды гүл желектен сұрайық
Ол үшін біз тағы бірін жұлайық

Әнімізге ән беретін, кешімізге сән беретін 

Аналарымызбен бірге ойын ойнайық.
Ойын: « Ананы сәндейміз» (ұлдар)

Көктем ханшайымы: Гүл желектің біреуін,
Қане, жұлып көрейік.
Сізге бүгін сый—құрмет,
Жан аналар мерейім.
Келіпті бізге қонаққа,
Ғажайып әлемнен сиқыршы

Таңқалдырар біздерді

Көрсетіп сиқырды
(Музыка әуенімен сиқыршы  кіреді)

Сиқыршы: Сиқыршымын сондай күшті, көрікті.

Мерекемен құттықтағым келеді.

Ақ әжелер, аяулы бар аналар,

Мерекелерініз құтты болсын айтайын!

Сәлем бердім нәзік, сұлу қыздарға,

Сәлем бердім ержүрек бар ұлдарға.

Кездесуге асықтым мен сіздермен,

Биленсін би, айтылсын ән бұл залда.
Көктем ханшайымы:
Рахмет, сиқыршы сізге.

Алдарынызда данқы шыққан

Сиқыршы –факир

Бәр әлемді таң қалдырған

Қарсы алыныздар шапалақтап.

Көрініздер ,көріңіздер ,

Көңіл күйді шалқытып .

Шапалақтап ,қол соғып,

Фокус –покус көрініздер.

Көктем ханшайымы:Аналардың мейірімі ерекше,
Талпындырған асулар мен белеске.
Аямаған шуағы мен жан нұрын,

Берші анама бар жақсылық, тәңірім!! – деп тілей отырып, сіздерге арналған сыйлығымызды табыс етейік…

(сыйлықтарын аналарға береді)

Көктем ханшайымы:
Астанамыз тұнып тұрған бау болсын,
Сүті теңіз, еті ерен тау болсын,
Бала үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
О, аналар!! Дендеріңіз сау болсын!!
Мерекелеріңіз мәңгілік болсын!


 















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2021
579
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі