жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Айналайын анашым!"
Тақырыбы: «Айналайын,
Анашым!»
Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға көктем туралы
мағлұмат беру, 8 наурыз бүкіл дүниежүзілік мейрам екенін түсіндіру,
отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрмет ерекше екенін
ұғындыру. Отбасына, туыстарына мейірімділік, қамқорлық,
кішіпейілділік, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу, достыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу, эстетикалық талғамын көтеру, әдемілікті
сезіне білуге үйрету.
Тәрбиеші:
Армысың, ауылымыздың
асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін әнменен көңілді би
Сіздер үшін мереке шашулары.
– Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да
аяулы аналар! Тәрбиеші ұстаздар!
Көктемді қанатына қондырып,
жан жылуын көкірегіне қондырып, әйел-аналардың, қыздардың дәстүрлі
8-наурыз мерекесі де келді.
Сіздерді шуақты да құлпырған қызғалдақтай әсем көктемнің алғашқы
мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Ақ тілекті ағытып бір
тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
– Ана деген керемет асыл жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шөлдесең
сусын беретін, әнін, ертегісін айтып, ұйқымыздан оянғанда
жүрегімізге жылу беретін сөздер айтатында осы – Ана емес пе.
Бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әннен бастасақ . Мейірімді
де, сүйкімді аналар мен әжелерге «Ақ
мамам» әнін арнаймыз. Қабыл
алыңыздар.
Тәрбиеші:
Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап, гүл алсын.
Бақытқа толы өмірі,
Шаттыққа шаттық ұлассын, дей келе аналарға арналған жырдан шашу
шашайық.
Кәусар:
Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың,
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
Айбек:
Ана –біздің күніміз.
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Тәрбиеші:
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз
Біздің топта ұл- қыздар,
Тату- тәтті ойнаймыз! Биылғы жыл елімізде достықты ту еткен жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы елімізде тек достық , бейбітшілік болсын деп кішкентай бүлдіршіндеріміздің «Русские матрешки» биін қарсы алыңыздар!
Алихан:
Вот какой нарядный
Детский сад
Это мамин празник
У ребят.
Інжу:
Мы для мамы
Песню споем
Мы для мамы
Пляску заведем
Гүлназ:
Нет раднее в мире этом
Человека для меня
Ты мне ближе всех на свете
И живу я для тебя.
Инабат:
Маму любят все на свете
Мама первый друг
Любит мам не только дети
Любит все вокруг
Тәрбиеші:
Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді мерекелерімен тағы да құттықтаймыз!
Әжелердің орны бір бөлек біз
үшін
Дейді әжем өмірімнің ізісің
Ән мен жырым айналайын ақ әжем
Жүрек жарды арналады сіз үшін –деп балаларыңыздың жүрек жарды
лебіздерін қарсы алыңыздар
Азамат:
Әже деген көп шығар,
Әжем дейі жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Жасмин:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән, беретін гүлім дайын
Әжетай сізді жақсы көремін,- деп
Ақырын құлағына сыбырлаймын
Ән: «Ақ
әжем»
– Балалар, бүгінгі
ертеңгілімізге аналарымыз қатысып отыр, қане олай болса
аналарымыздың сендерді қалай еркелететінін тыңдап көрейік.
(Аналар балаларын еркелетіп атайды).
Тыңдаңыздар халайық!
Босқа қарап тұрмайық
Кезегі енді сайыстың
Сұраққа жауап табайық!- дей келе балаларымыздың білгірлігін сынап
көрейік.
1. Анаң сені қалай еркелетеді?
2. Аналар мейрамы қай күні болады?
3. Аналар мейрамында ең көп сыйланатын не?
4. Дүниеде не тәтті?
5. Анаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, дәмдісін,
Саған таңдап әперді,
Не деп барып жеу керек?
Жүргізуші:
Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда деп біздің топтың балалары ұқыпты, тіл алғыш
балалар! Олар тіпті кірде жуып бере алады!
Би «Анама көмек»
Жүргізуші:
Анам менің ақ мамам,
Балашым деп мақтаған.
Анам барда әрдайым,
Қуанамын шаттанам – деп І кіші топ тәрбиеленушісі Альбинаның
орындауында «Сылдырмақ» әні
Жүргізуші:
-Достықты да ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Аналардың мерекесін
Бәріміз бірге тойлаймыз!
Бахтияр:
Анашым анам,
Ризамын саған,
Тіліңді алам
Ақылды
болам
Саят:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ән: «Ақ мамам»

Тәрбиеші:
Әлдилеп ,әлпештеген еркелетіп
Өсірдің ұл мен қызды көркем етіп
Құттықтаймыз мейрамыңмен анашым
Ұзақ болсын, өмірің мың жасасын
Тәрбиеші: Құрметті аналар мен әжелер, біздің балалардың жасаған сыйлықтарын сіздерге сыйлауға рұқсат етіңіздер!
Осы күнді бар бала
Тағатсыз-ақ күткенді,
Сыйлықтарын сіздерге
Сыйлайтұғын сәт келді
Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.
Тәрбиеші:
-Қараңдаршы, бүгін біздің қыздарымыз да гүлдей жайнап құлпырып тұр емес пе!Ендеше қадір тұтар бар асылды қолдағы, боламыз біз елдің ертең қорғаны» деп, болашақта елімізді қорғайтын ұлдарымыз қыздарға өз мерекелік сыйлықтарын тарту етсін.
Тәрбиеші:
-Балабақшаға келгенде
Мейіріммен қарайтын,
Бар білгенін үйртетіп,
Жақсылыққа баулитын,
Құтты болсын мереке
Біздің асыл ұстаздар! –деп ұстаздарымызға арналған сыйымызды тарту етеміз
Тәрбиеші:
Ана деген аяулы да, ардақты
Ана деген әрқашанда салмақты
Ана деген сыйлайды балаларға бақытты
Ардақтайық әрқашанда ананы
– Өте жақсы, балалар аналар
мейрамы тек 8 наурызда ғана тойланбауы керек. Әр күніміз аналар
мейрамы болып есептеледі, сондықтанда аналарыңды үнемі сыйлап,
айтқанын тыңдап жүріңдер, жарай ма?
– Олай болса, бүгінгі «Айналайын Ақ анам» атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Қадірлі аналар, көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз
аналар мерекесі құтты болсын, әрқашан еліміздің көркеюіне,
балаларымыздың жақсы азамат болып өсуіне септіктеріңізді тигізіп
жүре беріңіздер. Келесі 2016
жылдың 8 наурызында кездескенше, аман-сау
болыңыздар.



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген