400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Айналайын, ақ мамам.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айналайын Ақ мамам»



Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Жүргізуші:

Қымбатты аналар, ардақты ұстаздар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз

«Айналайын Ақ мамам»деп аталған аналарға арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!- деп бүгінгі ертеңгіліктің басты кейіпкерлерін- «Құлыншақ» мектепалды тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық. (балалар әуенмен бірінен соң бірі қатармен кіріп, иіліп амандасады, орындарына отырады.)

Бүгінгі ертеңгілігімізді балалардың «Ана» әнімен бастайық

Ән: Ана

Жүргізуші:

Бүгін наурыздің 8 - і

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Тақпақтар:

1. Адия

2. Бибімариям

3. Димаш

4. Алан

5. А. Гүлназ

6. Бексұлтан

7. Асма

Жүргізуші: Балалар тыңдайықшы бізге қонақ келе жатырған сияқты. Бұл кім болды екен?

Қонаққа Кәмпит ханшайымы келеді:

Кәмпит ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен тәттілер әлемінің ханшайымы, Кәмпит ханшайымымын!

Сендердің күлкілерің - менің ең тәтті кәмпитім!

Ал қуаныштарың – менің патшалығымның шырағы!

Бүгін мен сендерге тәтті көңіл-күй , жақсы ойын, көп күлкі сыйлауға келдім!

Жүргізуші: Қош келдіңіз Ханшайым.

Кәмпит ханшайымы:Ал, айтыңдаршы балалар, сендер тәттілерді жақсы көресіңдерме? (Ия)

Кәмпит ханшайымы: Ендеше мерекені бірге көңілді өткізейік.

Жүргізуші:

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген.

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген - дей отырып келесі кезекті қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Би: Гүлдер

Кәмпит ханшайымы: Балалар менімен ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Ойын:

Жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның аналары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, ұлдарымызды ортаға шақырамыз. (Ұлдар аналарын биге шақырады.)

Би: Анашым

Жүргізуші:

Қуанамыз сыйлаймыз.

Қуаныштың мың гүлін

Аналарды құттықтап

Жырдан шашу шашамыз - деп балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар:

8.Берекет

9.Гүлназ

10.Дәулетбек

11.Ақырыс

12.Ибош

13.Қ.Томи

Жүргізуші: енді тағы бір ойын ойнағымыз келіп тұр. Бұл жолы аналарымызбен ойын ойнайық.

Ата-аналармен ойын: «Тез жина»

Үстелдің үстіндегі жүрекшені жинау арқылы еркелететін сөздер айту., әр жүрекені жинаған сайын баланы еркелететін балаларына балама сөздер айтады: мысалы: жаным, күнім , айым т.б. сияқты. Қай ана көп жүрекше жинаса сол ана – жеңімпаз.

Жүргізуші:

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ дей келе барлық аналардың құрметіне балалардың құттықтауларын қабыл алыңыздар!

Тақпақтар:

14.Ибрахим

15.А.Томирис

16.Қайсар

17.Сезім

18.Нұғман

19.София

20. Ерсұлтан

Жүргізуші:Ендігі кезекті ұлдарымыздың тобымыздың қыздарын мерекесімен құттықтау биіне берейік.

Би: «Қызыл раушан»

Жүргізуші:

Жақсы көреді әжелерін,

Ойыншықтар да әпереді

Балабақшаға да әкеледі,

Жақсы қандай әжелері - деп келесі құттықтау әні әжелерімізге арналады.

Ән:

Жүргізуші:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. Құрметті «Құлыншақ» мектепалды тобының аналары, әжелері балапандарыңыздың мерекелік құттықтауын қабыл алыңыздар. Балалар бұйымды өз қолдарымен, шын ықыластарымен дайындады.

Жүргізуші:

Құрметті аналар, әжелер «Гүлдер» тобының «Айналайын Ақ мамам» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Сау - саламатта болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.04.2026
2
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі