400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Айналайын,анашым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айналайын анашым»


Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.


Залда жасырын қол өнермен кәмтиттермен безендірілген Кәмпит ағашы. Балалар әуенмен залға кіріп, жарты дөңгелек болып тұрады.
  Жүргізуші:- Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

Сәлеметсіздер ме қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, әріптестер! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын деп

«Айналайын анашым» атты мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз. Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.

Дамира:- Анам-жұмақ, мен-шуақ, саябағы

Анам-шырақ, мен-сұрақ, санадағы,

Анам-теңіз, мен-қайық, тербетілген,

Анам-бұлақ, мен құрақ, жағадағы.

Бекарыс: Айналдым ана деген асыл аттан,

Шуағын бар әлемге жарқыратқан

Ойнап жүрген құлынын даладағы

Үйде отырып даусынан ажыратқан,

Нұрислам:- Анамызға еркелеп

Қуантуды қалаймыз

Өссек егер ертерек,

Мен тігінші анамның

Өнегесін аламын

Ертең мендей анамдай

Тігінші боламын.

Әділ: - Анамды жақсы көремін,

Айтқаныңнан шықпаймын.

Ол көзімнің қарасы болса егер

Мен оның жанарының ағынанмын.

Айым:- Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар,

Отбасым мыналар:

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар,

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін, еремін.

Ән « Құттықтаймын мама»

(балалар орындыққа отырады.)

Жүргізуші:- Өмірде таң ғажайып сәт көп,

Аралап дүниенің жер шарын,

Мұндай қызықты,

Таппайсың сен еш жерден.

Құпиясын айтайын,

Мұны жасаған балалардың өздері.

Жылы сөзбен өсірген сыйымыз бар...

(Сахна ашылып ортада ағаш кәмпит тұрады.)

Мейірімі төгілген

Әсем, әдемі таң ғажайып сыйымыз мінекей.

Айару: Ағаштың әр бұтағында

Әжелермен аналарға

Тәтті кәмпит сыйға тұр.

Ұнадыма сіздерге

Сыйлығымыз біздердің? (қонақтар жауабы.)

Ж: -Бізге де қатты ұнады! Бірақ ойлаймын, бұл жәй кәмпит емес. Мүмкін онда мармелад бар шығар?

Б: - Жоқ

Ж: - Мүмкін онда шоколад?

Б: - Жоқ

Ж: - Мүмкін жаңғақ пен қалуа болар?

Б: -Жоқ

Ж: - Ал балалар, тездетіп

Құпияны ашайық.

Не жасырынған онда деп,

Білгісі келеді бәріде.

Дамира: Біз балалар мен келісіп,

Таңқалдырмақ оймен.

Барлық ертеңгілік барысын

Осы кәмпитке сыйғыздық.

Ж: - Ендеше, басташы өзің, қайсысынан бастайық.

(Жүргізуші бала суырған кәмпитті ашып оқиды)

Ж:- Жасыл көктем, сен көктем.

Гүлді гүлмен өрнекпен.

Ел бақытты, мейірлі,

Балалары әндеткен.

Төрлет көктем жоғары.

( Көктем кіреді) (сөзі)

Ж: -Көктем, ендігі сенің кезегің болсын қайсысын таңдайсың?

Ән «Көктем әні»

Би «Гүлдер»

(Келесі кәмпитті таңдалады)

Ж: -Қайырымды, қасиетті.

Ең ардақты ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті.

Баға жетпес ақ әжем.

Тәтті лебізіміз сіздерге арналады.

Исмаил:- Менің әжем, ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Расул:- Мейірімі жел жібек

Күндей ыстық құшағы

Ет жүрегі елжіреп

Құлыным деп құшады.

Ибрахим:- Әже деген көп шығар

Әжедейі жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

Би «Жұптасу»

 (Келесі кәмпитті таңдалады)

Ж: -Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет,-деп келесі кезекті аналарға арналған тақпақтарға береміз.

Ерғали: - Ана біздің гүліміз,

Ана біздің күніміз

Анамыздан тарайды

Біздің ана тіліміз.

Ерасыл: Еркелеттің асырадың,

Мойыныңа кеп асыламын,

Аман болшы асыл-анам,

Мен әрқашан қасыңдаын.

Анел:-Анам менің аялаған,

Құшағынан сая табам.

Қанша жақсы болса дағы,

Сендей ана қайда маған.

Гүлсая: - Ананың біз гүліміз,

Ана- біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Ағатай:-Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын,

Еміп өскен бөбекпіз,

Анамыздың мамасын

Нұрхат:- Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым.

Жұлдыз: -Мені жақсы көреді

Күнде күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Ойын «Жылы лебіз»

Би «Вальс»

  (Келесі кәмпитті қонақтар таңдайды)

Би «Матрюшки».(Келесі кәмпитті таңдалады)

Ойын «Түсін тап».(Келесі кәмпит таңдалады)

«Вальс»

Ж: -Әр зат болды құпия.

Би биледік ән салып,

Асыр салып ойнадық,  

Көңілдеріңізді көтердік.

Соңғы біздің сыйымыз

Бұл әдемі вальс.

Би: «Вальс»

Ән «Анашым»          

  Ж:- Ал, қане балалар орнымыздан тұрайық.

Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың- деп бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
730
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі