400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Айналамдағы заттарды санаймын. 1-ден 5-ке дейінгі сандар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

№8 ҰОҚ. Тақырыбы: Айналамдағы заттарды санаймын. 1-ден 5-ке дейінгі сандар.

Мектеп/МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқыту мақсаттары

        1. 20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау.

        2. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-5 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-заттарды саны бойынша салыстырып, ара-арасынан олардың реттік нөмірін атайды.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

Санау,сан.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

  • Заттарды қалай санау керек екенін түсіндір?

  • Сен 5-ке дейін қалай санайсың?

  • Карточкада қандай заттар бейнеленген?

Жазу:

-қарындашпен суреттерді 5-ке дейін толықтырып салу.

Алдыңғы білім

Заттардың сандық ұғымы туралы түсінік, геометриялық фигуралар

мен денелердің атауы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басталуы

0–5 минут

Ынталандыру.

Педагог балалармен санай білудің өмірде өте қажет екені туралы əңгімелеседі.

Өзектендіру.

Жиынтық полотнода (немесе кесілген материалда) педагог 1-ден 5-ке дейінгі цифрлары бар карточкаларды көрсетеді. Балалар жиынтық полотноны немесе кесілген жиынтықты пайдалана отырып, өздерінің алдына заттардың тиісті санын қоюы керек.

Үлестірмелі материалды пайдаланып – «Карточкаларды сандармен біріктір» ойынын ұйымдастыруға болады.

Балаларға қима материалынан жинақтар беріледі, оларкарточкаларды бейнеленген заттардың саны бойынша жалғайды.

Үлестірмелі материалдар,

№17 кесте

Ортасы

6–15

Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Педагог сұхбат ұйымдастырады:

(Ұ) – Бүгін біз 5-ке дейін қаншалықты жақсы санап үйренгенімізді білеміз жəне «қанша?» деген сұраққа жауап беретін боламыз.

- Конструктордан бұйым жасау үшін ұл балалар түсі мен саны бойынша əртүрлі бөлшектерді жасауы тиіс. Біз оларға бөлшектерді санауға көмектесуіміз керек.

Жаңаны ашу.

1-тапсырманың екінші бөлігінде педагог балаларға көрсетілген заттарды өз бетінше санауды, нүктелер мен цифрлардың керекті санын жапсыруды ұсынады.

Балалар №1 тапсырмаға арналған суретті қарайды. Педагог сұхбат ұйымдастырады:

  • Балалар не істеп отыр?

  • Олар қандай бөлшектерді пайдаланады?

Одан кейін бөлшектерді түстері бойынша санап, нүктелері бар карточкаларды жапсыруды ұсынады.

«Неше» сөзін қолданып сұрақ қойып, оған «бір», «екі»

деген сөзбен жауап беруге болатынын айтады.

Бөлшектерді санап, цифрлар мен нүктелерді жапсыруды тапсырады.

Сергіту сəті.

Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз.)

Əліппе-дəптер.








Əліппе-дəптер.

16–25

Жаңаны қолдану.

(Ұ) Педагог заттардың санын, сандар мен цифрларды сəйкестендіру білігін пысықтау үшін №5-8 электрондық жиынтық полотно материалын қолдана алады.

Əліппе-дəптер. Электрондық

жиынтық полотно. (№5-8)



(Ө) Əліппе-дəптердегі №2 тапсырманы орындаудан бұрын педагог қималы материалды пайдаланып, «Əрқашан 5!» ойынын өткізе алады.

Ол балаларға заттардың белгілі бір санын көрсетіп, бес санына дейін жетпейтін заттардың санын (1-ден 4-ке дейін атауды сұрайды.

(Ө) Əліппе-дəптердегі 2 - тапсырманы балалар өз бетінше орындайды.

(Ө) 3-тапсырманы тексере отырып, өз беттерінше орындайды.

(Т) 4-тапсырма педагогтің қалауы бойынша түсіндіре отырып немесе өз бетінше орындалады.

Балалар цифрдың бейнесін саусағымен жүргізіп көрсетеді, суреттің үстінен цифрды бұршақпен, ұсақ моншақтармен жазуға немесе кейбір дайын карточкаларда оларды ермексаздан жасап шығуларына болады.


Рефлексия

26–30

Рефлексия

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
717
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі