Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

айналамен таныстыруға байланысты ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
айналамен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру. ойын арқылы ойын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Не өзгерді?»


Мақсаты: Тез ойлау қабілеттін дамыту, зейін қойып тыңдауға үйрету. Ойынға деген көзқарасын қалыптастыру.

Шарты: Үй және дала жануарлар ойыншықтары.

Бір үй және екі дала жануарлары тұрады, көздерін жұмып ашқанда үй жануарларын тығып қою. Қандай өзгеріс болғанын сұрау.


«Жыл мезгілдері»


Мақсаты: Әңгіме мазмұныны тыңдай отырып жыл мезгілдерін таба білуге және ауысып отыратын ұқтыру.

Шарты: Қазір біз жыл мезгіліне саяхатқа шығамыз. Жолда аялдамалар кездеседі.

1 – аялдама: Айнала ақ көрпеге жамылған балалар шаңғы теуіп жүр.

Балалардың жауабы: Қыс мезгілі

2 – аялдама: Күннің көзі шығып қар еріп, құстар ұшып келеді.

Балалардың жауабы: Көктем

3 – аялдама:. Айнала қызыл, жасыл гүлдер балалар өзенге суға түсіп жүр.

Балалардың жауабы: Жаз мезгілі

4 – аялдама: Орманда жерге сары, қызыл жапырақтар түсіп жатыр. Ағалар бидай жинап жүр.

Балалардың жауабы: Күз мезгілі








«Бөлмені жабдықтаймыз»

Мақсаты: Балаларға жиһаз жайлы түсінік беру және өз жабдықтарын ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Шарты: Бөлме ішіндегі жиһаздарды қарау. Жиһаздарды қайда қоятынын көрсетпей балаларға өз еркімен қоюға мүмкіндік беру. Бұл ойында жиһаз деген ұғымды қалыптастыру.


«Қуыршақты киіндіреміз»

Мақсаты: Әр мезгілге байланысты киімдерді таңдай білуге және киіндіре білуге үйрету. Ойынға деген көз-қарастарын қалыптастыру

Шарты: Төрт жыл мезгіл киімдері әр бала өзіне ұнаған мезгіл киімдерін алып қуыршақты киіндіреді. Егер қателесіп кетсе дұрыстап көрсетіп жіберу.


«Біз құстарға қалай көмектесеміз»

Мақсаты: Құстарға деген қамқорлық аяушылық сезімдерін ояту. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Шарты: Бұл ойынды серуен кезінде ойнау. Ағашта ұя бар жерге келіп бақылау. Ұяға құстар келіп қонады. Тамақтарын жей бастайды. Біз шуламай, шошытып алмай қарап тұру керек. Балалар алып шыққан нанды құстарға себеді.

«Бұл не? Бұл кім?»

Мақсаты: Не? Кім? деген сұрақтар қалай қойылатынын түсіндіру және естеріне сақтай білуге үйрету.

Шарты: Ең алдымен не? деген сұрақ қойылады: заттар, нәрселер, жануарларға. Кім? деген сұраққа адамдар суреттерін қарау






Күз сыйлығы»

Мақсаты: Балалардың күз қандай сый беретінің айтып білімдерін ары қарай толықтыру

Шарты: Көкөністермен жемістер үстелде тұрады Балаларды екі топқа бөліп ойнату бірінші топ көкөністерді жинайды екінші топ жемістерді жинайды



«Не қалай дауыстайды?»

Мақсаты: Жануарлардың даусын келтіре білуге, ажырата білуге дағдыландыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Жануарларды атап тұру, балалар жылдам қалай дауыстайтынын айту.

Сиыр: му-му-му

Жылқы: и-и-иа

Қой: мә-мә-мә

Ит: аф-аф-аф

Мысық: мяу-мяу-мяу


«Менің отбасым»

Мақсаты: Отбасы мүшелерін және олардың әрекеттерін атай білуге үйрету. Туыстық қарым-қатынасын сүйіспеншілігін қандай сезімде болатынын пікірін айтуға ынталандыру.

Шарты: Отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып әңгімелесу.

  • Анам сорпа пісіріп отыр.

  • Әкем үй салып жатыр.

  • Атам диванда газет оқуда.

  • Ағам мектепке барады.

  • Әжем байпақ тоқып отыр.

  • Мен ойнап отырмын.


«Өзін-өзі ұстау»

Мақсаты: Ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді сақтауға үйрету. Бақшада, көшеде өзін-өзі ұстауға жай сөәлеуге тәрбиелеу.

Шарты: Адаммен кездескенде сәлемдесу, қоштасу.

  • Сәлеметсіз бе!

  • Сау болыңыз!

  • Біреуден көмек сұрау. Алғыс білдіру.

  • Бола ма? Жақсы ма? Қалаймын? т.б.

  • Рахмет, көп – көп рахмет.

  • Өз көмегін ұсыну.

  • Жасадым, көмектесемін. Рұқсат па?




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.11.2018
816
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12