Айналаны салыстыру

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Айналаны салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныбына арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: 5. «Табиғат құбылыстары»

Педагогтің Т.А.Ә.

Таир Алтыншаш Асқарқызы

Күні :

22.01.2025

Сынып: 4 «Б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Айналаны салыстыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.1.1.1* анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

4.4.4.1 каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Сабақтың мақсаты :

Айналаны, заттарды, адам мінездерін салыстырып айтуды, жазуды үйренеді,көркем жазу дағдыларын дамытады

Құндылықтарды дарыту

Қамқорлық. Қыстағы қар — жерге ырыс, Жердегі ылғал — елге ырыс.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(8 минут)

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу,

түгелдеу.

«Смайликтер» арқылы жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Үй тапсырмасын тексеру

Ұ)Ой қозғау.

Сабақтың тақырыбын болжату. «Пазл» әдісі

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру




«Смайликтер» арқылы балалар көңіл –күйлерін саусақ арқылы көрсетеді


Үй тапсырмасын көрсетеді, оқиды;

Болжау. Сабақтың тақырыбын «Пазл» әдісі арқылы болжайды.

Сабақтың мақсатымен танысады:

Айналаны, заттарды, адам мінездерін салыстырып айтуды үйренесің.



Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Өзара бағалау: «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын»





Сабақтың ортасы



(9-42 минут)























1-тапсырма

Мәтінді тыңда, жүргізіп оқы. Қарамен берілген сөздерге қарап, ереже құра.

Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі салыстырмалы шырай деп аталады.

Жасалу жолдары:

1)-ырақ, -ірек, -рақ, -рек (кішірек)

2)-лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу (ақтау)

3)-қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым (сұрғылтым)

4)-аң, -шыл, -шіл, -қай, -ғыш, -шілтім, -ілдір, -ша, -ше (ақшыл, бозаң)


2. 2-тапсырма. Сөздерге салыстырмалы шырай жұрнақтарын дұрыс жалға.

Менің суретім әдемірек. Бұл жердің табиғаты қатал.... Бұл жердің тауы биік(г).... Менің інім кіші.... Мына су таза.... Құдықтың суы салқын.... Біздің көшеміз үлкен.... Өзеннің мұзы қалың..... Осы жерге Бурабай жақын.... Ойын алаңы кең... екен. Қысқы ойын көңілді.... Шаңғы тебу қызықты.... Күн райы бақша егуге қолайлы.... Менің шанам жаңа..... Біздің орманымыз жасыл..... Сенің ағаңның бойы ұзын..... Біздің даламыз жазық(ғ)....


Сергіту сәті

4-тапсырма. Суреттерді салыстыр. Үш сөйлемнен құра.

Оқушыларды көбірек шынайы өмірмен байланысты мысалдарға айтқызуға бағыттайды

.Тыңдалым. Оқылым. Айтылым

Жантөре: Жайна, саған қандай жыл мезгілі көбірек ұнайды?

Жайна: Әрине, көктем көбірек ұнайды.

Жантөре: Не себепті көктемді бәрінен артығырақ көресің? Жайна: Өйткені көктем қысқа қарағанда жылырақ, ал жазға қарағанда салқынырақ. Жантөре: Меніңше, бәрінен күз мезгілі жақсырақ. Ыстық та емес, салқын да емес. Бәрінен бұрын күзде баубақша піседі. Айнала сары алтындай болады. Тезірек күз болса екен.


2. Жазылым

Сөздерге салыстырмалы шырай жұрнақтарын дұрыс жалғап жазады.

Менің суретім әдемірек. Бұл жердің табиғаты қаталырақ. Бұл жердің тауы биігірек. Менің інім кішірек. Мына су тазалау. Құдықтың суы салқынырақ. Біздің көшеміз үлкенірек. Өзеннің мұзы қалыңырақ. Осы жерге Бурабай жақынырақ. Ойын алаңы кеңірек екен. Қысқы ойын көңілдірек. Шаңғы тебу қызықтырақ. Күн райы бақша егуге қолайлырақ. Менің шанам жаңалау. Біздің орманымыз жасылдау. Сенің ағаңның бойы ұзынырақ. Біздің даламыз жазықтау.



Жазылым. Айтылым.

Суреттерді салыстыру арқылы салыстырмалы сөйлемдер құрастырады.

Үлгі: Бүгін күн райы кешегіге қарағанда салқынырақ

Дескриптор:

- мәтінді жүргізіп оқиды:

ыңдаған мәтіннен нақты мәліметті таба алады.

-қарамен берілген сөздерге қарап, ереже құрастырады



«Қолмен белгі

беру» әдісі бойынша бағаланады




Дескриптор:

-сөздерге салыстырмалы шырай жұрнақтарын дұрыс жалғап жазады.

-көркем жазады.


Мадақтау сөздері арқылы бағалайды.





Оқушылар бір-бірін «Шапалақтау» арқылы бағалайды




Дескриптор:

-суреттерді салыстырып, 3 сөйлемнен құрастырады;

салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын орынды қолданады.

- каллиграфия-лық нормаларға сәйкес жазады


















Слайд

Оқулық

74 бет















Сабақтың соңы

3минут

Рефлексия. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.

Үйге тапсырма : ереже жаттау

Бағалау .Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.01.2025
160
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі