400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Айналу денелердің ауданын есептеу

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: №72

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сәндібекова Гүлсара

Сынып 11

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формулалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Конус, цилиндр және қиық конустың бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формулаларын меңгеру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Айналу денелері және элементтерін ажыратып, өмірден
мысалдар келтіре алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Айналу денелерінің бүйір бетінің, толық бетінің
ауданын есептеудің формулаларын есептер шығаруда қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Сабақты өмірмен байланыстыра отырып, есептер
құрастырып, кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын
есептеудің жалпы формулалары қорытады.

Құндылықтарды дарыту


-Қазақстан тәуелсіздігі және Астана, елге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-Оқушы бойына ұлттық рухани сезім қалыптастыру;
-Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
-Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу, еңбекке баулу, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Сабаққа қатысты көрсетілім жасау

Бастапқы білім


Цилиндр, конус және қиық конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын есептеу формулалары

Сабақтың барысы


Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

7мин

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын қадағалау;

-Сабағымызды Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр… Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп, барша қазақстандықтарға, соның ішінде жастар сіздерге үміт арта айтқан сөзінен бастауды жөн көріп отырмын.
Сонымен Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында біздерге сенім арта отырып, «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтарды, яғни жаңғырудың алты бағытын көрсетіп берді.

1. Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм;

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6. Сананың ашықтығы.
Олай болса, бүгінгі сабағымызда Елбасымыздың алты бағытын басшылыққа ала белсене қатысып, өз білімімізді жоғары дәрежеде көрсете білейік.

II.Үй жұмысын тексеру.

Мұғалім: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Осы орайда, үй жұмысына берілген «Айналу денелерінің» кеңістіктегі кескінін жасау жұмысы тексеріледі. Әр оқушы өз жұмысын көрсетіп, түсіндірме жұмысын жасайды. Сонымен бірге, күнделікті өмірде кездесетін айналу денелеріне ұқсас денелердің бүйір бетінің, толық бетінің ауданын есептеп нәтижесін айтады.
III.Өтілген сабақты қайталау.
Білім- рухани жаңғырудың басты алғышарттарының бірі. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдай білетін, дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді. Олай болса, өтілген сабақ бойынша өз білімімізді ортаға салып көрейік. Ол үшін бүгінгі сабақты «дөңгелек стол» түрінде жүргізсем деп отырмын. (Ортаға бір жүргізушіні және ортадағы «дөңгелек стол» басына бірнеше оқушыларды шақырамын).
Жүргізуші: Құрметті оқушылар бүгінгі «дөңгелек столға» хош келдіңіздер.
Біз бүгін «Айналу денелері» тақырыбында сөз қозғайтын боламыз.

-Жалпы айналу денелері қалай пайда болған?
-Айналу денелеріне қандай фигураларды жатқызуға болады?

-Цилиндр, конус және қиық конусқа жеке тоқталып қетсеңіздер болар еді.

-Ал осы айналу денелеріне өмірден, яғни күнделікті тұрмыстан мысалдар келтірсеңіздер.

-Цилиндрдің бүйір бетінің, толық бетінің ауданын қалай табуға болады?

-Конустың бүйір бетінің, толық бетінің ауданын қалай табуға болады?
-Конустың бүйір бетінің, толық бетінің ауданын қалай табуға болады?

-Айналу денелерінің бүйір бетінің, толық бетінің ауданын басқа қандай жолмен табуға болады?

-Цилиндр, конус және қиық конустың жазбалары қандай фигуралар болады деп ойлайсыңдар?

«Дөңгелек столда» отырған оқушылар осы сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салады.

Мұғалім: Жарайсыңдар оқушылар! Елбасымыз сенім артқандай біз өз білімімізді өз дәрежесінде көрсете білдік деп ойлаймын. Әлі де жалғасын табатынына сенім білдіремін.

Тапсырма.1. «Көрермендермен жұмыс» (Жұптық жұмыс) .Көрермендердің қолына парақшалар таратылады. «Формулаларды толықтыру» әдісі бойынша берілген парақшалардағы формулаларды толықтырып жазады. Оқушылар өз жауаптарын тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді.

Мұғалім: Елбасымыз ұсынған бағыттардың бірі прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа жол бермеу, яғни жоқтан бар жасау деген ұғымды бермей ме? Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыздың байлығы айналу денелері болып табылады.

Әр топтың атауларын жариялаймын.
1-топ.
Конус тобы
2-топ. Цилиндр тобы

3-топ. Қиық конус тобы

Тапсырма.2 (топтық жұмыс).

1-топ. Өлшеу жұмыстарын жүргізу арқылы берілген конус макетінің бүйір бетінің ауданын және толық бетінің ауданын есептеп табу.

2-топ. Өлшеу жұмыстарын жүргізу арқылы берілген цилиндр макетінің бүйір бетінің ауданын және толық бетінің ауданын есептеп табу.

3-топ. Өлшеу жұмыстарын жүргізу арқылы берілген қиық конус макетінің бүйір бетінің ауданын және толық бетінің ауданын есептеп табу.

Оқушылар берілген тапсырманы топта бірлесе орындап, нәтижесін жариялайды.









Слайд
№1 №2






























Маркер Қағаз






















Таратпа қағаз

Слайд

№3 №4








Айналу денелері макеттері





Өлшеу құралдары

Сабақтың ортасы


IV. Жаңа сабақты меңгеру.
-
Жаңа сабақ тақырыбы жариялап, мақсатымен таныстыру;
-Жаңа сабақ бойынша қысқаша түсіндірме жұмысы жүргізу (слайдпен жұмыс);

12-теорема. Цилиндрдің, конустың, қиық конустың бүйір бетінің ауданы
радиусы жасаушыға жүргізілген орта перпендикуляр болып
табылатын жасаушының ортасынан айналу осіне дейінгі кесіндіге
тең шеңбердің ұзындығын дененің биіктігіне көбейткенге тең.


S=2πRH, R=a-орта перпендикуляр


- Қажетті мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады.
V. Сергіту сәті. «Қызықты сұрақтар»

Жүргізуші: Достар айналу денелеріне сабақ басында бірнеше мысалдар келтірген болатынсыңдар.

-Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген су таситын шелек қандай денеге мысал болады?

-Ерте кезде шелек цилиндр пішінді болғанын білеміз. Ал қазіргі таңда шелек қиық конус пішінді. Не себепті шелек осы пішінде жасалған деп ойлайсыздар?

-Өрт сөндірушілердің өрт сөндіру кезінде қолданатын шелегін байқадыңыздар ма? Ол конусқа мысал болатынын білесіздер.

-Не себепті өрт сөндірушілердің шелегі конус пішінді болып келеді?

Оқушылар берілген сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салады. Мүмкін олардан жаңа бір ой да туындауы мүмкін.

Мұғалім: Аталған бағыттардың бірі- ұттық бірегейлікті сақтау деп аталған болатын. Осы ұғымды қалай түсінесіңдер?

Жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен де тікелей байланысты. Ұлттық кодтың өзегін сақтай отырып, болашаққа қадам басуымыз қажет. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Мұғалім: Олай болса, ұлттық дәстүріміздің бір бөлшегі ретінде айналу денелеріне мысал болатын қандай бұйымдар білесіңдер? (сәукеле, тақия, киіз үй, т.б).




Киіз макеті бойынша есеп.


№1. Берілген киіз үйдің керегесінің биіктігі 13см., табанының диаметрі 24см.
Ал уығының ұзындығы 10см., шаңырағының диаметрі 12см. Осы киіз
үйдің уығын қаптау үшін 180π см
2 мата кеткен.

а)Киіз үй қабырғасына жүргізілген орта перпендикуляр ұзындығын және
осы киіз үйдің керегесін қаптауға қанша ауданды мата кеткенін есептеп
табыңдар.
Қосымша:
ә) Киіз үйдің уығының ортасынан оған перпендикуляр орналасқан
басқұрдың киіз үй тіреуішіне дейінгі ұзындығын табыңдар.

Есептер шығару барысында «Досыңмен бөліс» әдісін қолданамын. Оқушылар берілген есептерді досымен бірлесіп ойласады, есепті талдап нәтижесін жариялайды.


Слайд

№5 №6 №7











Сызбалар

плакат
































Киіз үй макеті






Формула жазылған плакат

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың сабақ бойынша алған білімдерін қорытындылау үшін

«Менің бағам» әдісі бойынша жазбаша түде кері байланыс жасаймын.

Кері байланыс және өзін –өзі бағалау парақшасы

№

Тақырптар мен ұғымдар

Білемін

Толық білмеймін

Білмей
мін

1

Айналу денелері атаулары




2

Айналу денелеріне мысалдар




3

4

5

6

7

8

9

Айналу денелері элементтері :

-биіктігі

-жасаушысы

- радиусы

-табаны

-орта перпендикуляр

-айналу осі






















10

Табандарының ауданын табу формуласы




11

Цилиндрдің бүйір беті ауданын табу формуласы




12

Цилиндрдің толық беті ауданын табу формуласы




13

Цилиндрдің қимасы




14

Цилиндрдің жазбасы




15

Конустың бүйір беті ауданын табу формуласы




16

Конустың толық беті ауданын табу формуласы




17

Конустың қимасы




18

Конустың жазбасы




19

Қиық конустың бүйір беті ауданын табу формуласы




20

Қиық конустың толық беті ауданын табу формуласы




21

Қиық конустың қимасы




22

Қиық конустың жазбасы





Жинаған балл саны




Бұл бағалау парақшасы арқылы өтілген сабақ бойынша білімдерін қорытындылап, өз-өздерін бағалайды.

Сабақ барысында оқушы жұмысын мақтау -мадақтау арқылы қолдап, жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушыларға қосымша бағалау дөңгелекшелерін беріп отырамын. Сабақ соңында оқушылардың жинаған балдарын, жинаған дөңгелекшелерін ескеріп қорытынды бағасын қоямын.

Үйге тапсырма беру. Оқулықтан есептер беру.№40, 41
Қосымша дерек көздерінен айналу денелеріне байланысты мәліметтер жинау.
Үй жұмысы есептері бойынша түсіндірме жұмысын жасау.
Сонымен сабағымызды қорытындылай келе, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламасында көрсеткен ұсыныстардың бүгінгі сабағымызда көрініс тапты деп ойлаймын. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы екені баршамыздың есімізде болып, оның орындалуына бірлесе қолдау көрсетейік.



Кері байланыс парақша

сы



























Сабақ бойынша рефлексия




Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол үяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сүрақтарға жауап беріңіз


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

+



Тексерілді

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1110
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі