400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Айнымалы және тұрақты ток генераторы.

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:  2.9. Айнымалы және тұрақты ток генераторы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға токтың индукциялық генераторының, тұрақты ток генераторының құрылысы, жұмыс істеу принципі туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Резонанс деп қандай құбылысты айтады?

  2. Резонанстық жиілік неге тең?

  3. Резонанс кезінде активті, индуктивтік және сыйымдылық кедергілердегі кернеулер неге тең?

  4. Айнымалы  токтың қуаты қалай анықталады?

  5. Қуат коэффициенті деп нені айтады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ток генераторы деп энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына айналдыратын қондырғыны айтады. Индукциялық ток генераторының негізгі бөліктері:

  1. Индуктор – магнит өрісін тудыратын қондырғы;

  2. Якорь – ЭҚК индукцияланатын орама;

  3. Щеткалар мен сақиналар – айналып тұрған бөліктерден индукциялық токты шығарып алатын немесе электромагниттерге қоректенетін ток беретін қондырғылар.

Тұрақты ток айнымалы токты түзету арқылы немесе тұрақты токтың генераторынан алынады.Тұрақты ток генераторлары айнымалы ток генераторлар сияқты жұмыс істейді. Бірақ бір айырмашылығы – тұрақты ток генераторларында коллектор деп аталатын қондырғы бар. Якорьдың ұштарын оңашаланған сақиналарға емес, изоляциялаушы материалдармен бөлінген екі жарты сақинаға жалғайды. Олар ортақы бір цилиндрге кигізіліп, якорьмен  бір осьтен айналады.

Жарты сақиналарға жабысып тұрған щеткалар арқылы ток сыртқы тізбекке шығарылады. Рам әрбір жарты айналым жасаған сайын токтың бағыты қарама-қарсы бағытқа өзгереді. Ал, бірақ жарты сақиналарға дәнекерленген раманың ұштары әрбір жарты айналым сайын бір щекткадан екінші щеткаға ауысып отырады. Осының нәтижесінде щеткалардың бірі үнемі генератордың оң полюсі болса, екіншісі теріс полюсі болып табылады.

Сыртқы тізбектегі ток өзінің бағытын өзгертпейді, бірақ оның шамасы периодты түрде нөлден максимумға дейін өзгеріп отырады. Мұны тура лүпілдеуші ток деп аталады.осыған сәйкес генератордың қысқыштарындағы кернеу де лүпілдеп өзгеріп отырады

 

  1. Пысықтау.

  1. Айнымалы токтың генераторының жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.

  2. Айнымалы  токтың генераторы қандай негізгі бөліктерлен тұрады?

  3. Генератордың жұмысында ротор мен статор қандай роль атқарады?

  4. Көп полюсті айнымалы ток генераторының қандай артықшылықтары бар?

  5. Генераторда өндірілген индукциялық токты сыртқы тізбекке қалай шығаруға болады?

V.Есептер шығару.

  1. Қорытындылау.

VII.Бағалау.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
19.03.2019
1882
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі