400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Айша Бибі-Қарахан аңызының сахналық сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән апталығында немесе түрлі іс шараларға сайыстарға қатысқанда оқушыларға көмек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айша бибі-Қарахан» сахналық қойылым.



Сахнаға бір топ қызбен Айша бибі кіреді.

Қыздар: Айшажан жүзің балбұл жайнап тұр ғой.

-Әй, Қыздар Айшаның бір жасырған сыры бар -ау. ( Күледі)

- Қане, Айшажан айта ғой.

Айша: Иә қыздар,айтайын.

Тауға шықтым Қарахан!

Шыңдарға айттым, даусымды жеткіз деп.

Өзенге бардым Қарахан!

Толқынға айттым, хабарымды жеткіз деп.

Жолға қарап, қара шашым тараймын.

Ұяламын сұрауға, қарайғанға қараймын.

Ең алғашқы кездесу бал емес пе Қарахан!

Қол алысқан сертіміз бар емес пе Қарахан!

Сағынышым сен менің,кері тартпа кел дедім

Бір хабар келді жеріме, хан болыпсың еліңе.

Кешіктің неге Қарахан, жаралған жан ең дарадан.

Айшажан деген сөзіңді өшірем қалай санадан!

-Бабаджа, Бабаджа!

-Ау, Айша!Дауысың керемет естіліп жатыр ғой. Қуанышың ұзағынан сүйіндірісін!

-Бабаджа, қыздар, ертең жолға шығамыз дайын болыңдар!

-Сапарымыз қай бағыт?

-Қараханидтер қорғаны, Таразға жол тартамыз.

-Айшажан, алыс сапарға шыққанда ата-анадан рұқсат алу керек. Бата алу керек.

-Анама айтқанмын, әкеме хат жазып қалдырармын.Қыздар жол жүруге дайындалайық.

(Сахнадан шығып кетеді.)

Қарахан:

Айша ару менің ғашығым,

Асылым,

Ай дидарлы арманым,

Теңіздей тулап тасыдым

Айша, сенсің сұлуым!

Оттан да ыстық жылуым.

Күтіп жүрсің білемін.

Құлағымда тілегің,

Аз ғана күн шыдай тұр,

Үш күн үш түн өткен соң

Өзіңе қарай жүремін!

(Қарахан сахнадан шығып кетеді)

Қыздар:

-Қараңдаршы қандай керемет табиғат.

-Бұл сылдырап аққан Аса өзені ғой!

Айша: Иә қыздар, біз Тараз жеріне, Қараханның еліне жеттік!

Бабаджа: Дұрыс айтасың Айшажан.

Айша: Армысың, Алатау шыңы!

Қаратау белі!

Ұлы жібек жолы

Өмірдің өзегі!

Мен армандаған Аса өзені!

Армысың!

Қыздар: Олай болса Аса өзеніне шомылып алайық!

Айша: Бабаджа, Аса өзеніне келіп жеттік.Қараханға хабар жеткіз. Мен ол келмей ақ босағаны аттай алмаймын.

Бабаджа: Жарайды, Айшажан.

Айша: Жүріңдер қыздар шомылайық.(қыздар шығып кетеді)

Бабаджа: Анау қырдан бір қарайған көрінеді.Қарахан –ау осы. Айшажан, Қараханың келе жатыр!

Қыздар: Бабаджа, Айшаны жылан шағып алды.

Бабаджа: Ойбай не дейді? Айша саған не болды? Тәңірім адалыңнан қызғанбай жүргенде, жыланнан қызғанда ма?

Сахнаға Қарахан келеді: -Қош келдіңдер төріме,

Түсім бе әлде өңім бе?

Жаным Айша, аруым,

Кешір кешіккеніме.

-Айша ару не болды? (Қарахан Айшаның жанына барады)

Айша : Қарахан келдің бе?

Батыр ,арысым!

Махаббатым,намысым!

Бізді қызғанғандар!

Сөзіміз серт, табыстым!

Қараханым!

Оттай лаулап барады алақаным,

Бұл не нәрсе оқыста тажал болған?

Дүние аунап барады көз алдымнан.

Қарахан: Бабаджа, сен неке суын алдыр.Айша екеуіміздің некемізді қисын.

Бабаджа: Жарайды Қарахан. Қыздар неке суын әкеліңдер.(суды ішкізеді) Қане Қарахан, сен Айшаны бибі еттің.

Қарахан: Айша сен енді бибісің, бибісің, бибісің!

Айша: Қош, Қараханым!

Қарахан: Бұйырамын! Дәл осы төбенің басына Айша бибінің рухына күмбез тұрғызылсын! Бұйырамын!

Автор:

Өміршең өнер!
He деген мықты ең, шынайы ең!
Шынайылыққа табынар әлі құлай ел.
Өмірдің қысқа,
Өнердің ұзақ екенін
¥рпақтарына ұқтырар мәңгі ұлы әйел.
Әйелдің әнін қорғауға әр кез даярмын,
Мәніне қара қайсыбір жырдың, қай әннің.
Айшаға күмбез орнатқан ел ғой, туғызған -
Бейнесін асыл Қыз Жібек пенен Баянның.
Күмбезге қарап тумайды қалай шалқыма,
Ерлік пе, әлде елімнің үлгі салты ма?..
Айтайын алғыс атынан бүкіл әйелдің
Әйелге тозбас ескерткіш қойған халқыма!































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 маусым
876
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі