Қазақ тілінде тәлім -
тәрбие алатын ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу
күні:
Тәрбиеші: Азнакулова
Д.С.
Білім беру
саласы:
Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді
дамыту
Тақырып:
«Айсұлу әжеге
қонаққа барамыз»
Міндеті:
Тәрбиелік: Адамгершілікке,тазалыққа,үлкенді сыйлауға,кішіге қамқоршы
болуға,бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүр
түрлерімен,соның ішінде бесікке салу дәстүрімен таныстыра отырып,
балалардың сөздік қорына бесік жабдықтарының атауларын дұрыс атай
білуге үйрету.
Оқыту: Отанға деген
сүйіспеншілік пен құрмет сезімін
қалыптастыру;
олар туылған және өмір
сүретін жерлерге эмоционалды оң көзқарас қалыптастыру;балалардан
қазақ халқының тарихы мен дәстүріне тұрақты қызығушылық
таныту;
Педогогикалық
технологиялар:түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу, ойындар, Салт-дәстүр
слайд.
Ресурстармен қамтамасыз
ету: киіз үй жабдықтары, домбыра,бесік,
суреттер
Билингвалдық компонент:
салт-дәстүр- традиции и
обычаи,
Қозғалымдылық кезеңі: ( Мотивация)
Балалар
сендер саяхатқа шыққанды
ұнатасыңдарма?
Таңертең
балабақшаға келсем хат тауып алдым.
Хатта
Айсұлу әжей бізді қонаққа
шақырыпты.
Барамызба? (Әрине)
Қанеки,жолға шығайық
Міз –
міз- біз келеміз
Сіз сіз
бізді күтесіз
Дық дық
келіп қалдық
Балалар
міне Айсұлу әжейдің киіз ұйне де
келдік
Әжей
қарсы алады
Сәлеметсіңдерме
балаларым (амандасады)
Балаларым, қане жайғасыңдар
Бүгін
менің немерем Асылды бесікке салу
Осы
бесікке салу салт дәстүрін бірге
көрейік
ОЛ үшін
сендерге ойын ұсынғым келеді
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
барысы:
Ойын:
«Ретімен орналастыр» (Мальбертте ортада бесік суреті ,
балалар қажетті суреттерді
жапсырады.)
«40 - шығару» «Бесікке салу»
дәстүрін өткізу үшін, қандай заттар керек?
- леген, су, қайшы, қасық. май шам, пышақ, жастық,
көрпе....
Балалар
үстел үстіндегі заттардың керегін алып бесік суретінің жанына
апарып жапсырады.
Жарайсыңдар,балалар
Мынау
бесік деп аталады. Бесікті таза ағаштан
жасайды.
Мен
сендерге Асыл бөпені бесікке қалай бөлеу керек екенін көрсетейін .
Сендер мұқият қарап отырыңдар. Бәріңде осы бесікте
жатып,өскенсіңдер.
Әже: Ең алдымен бесіктегі баланың бас жағына
жұмсақ жүннен жасалған жастық саламыз. Ал мынау бөпенің үстіне
жамылатын көрпесі. Мынау белбеуі, бала құлап қалмас үшін белінен
және аяқ тұсынан осы белбеумен байлап
қояды.
Бесікті
бала ұйықтағанда шошып-қорықпау үшін сіріңкемен
аластаймын. (бесікті
аластайды)
«Алас-алас,пәледен
алас,
Иесі келеді,пәледен
қаш!
Алас-алас,пәледен
алас
Көзі жаманның көзінен
алас
Тілі жаманның тілінен
алас,
Отсыз омыртқасынан
алас»
-Балалар ,қараңдаршы
бесіктің де,төсеніштің де ортасы ойылып алып тасталған екен. Себебі
сол жерде түбегі тұрады.
Ал мынау шүмегі,осы шүмек
арқылы баланың кіші дәреті түбекке құйылып, баланың денесі
былғанбай таза болады.
—Балалар,айтыңдаршы мынау қандай
заттар?
— Мынау тарақ,айна.
—Иә,бұл айна мен тарақты кішкентай бойжеткен
қызымыз «әдемі болсын» деп , ал мынау не?
— Иә,бұл пышақты бала шошымас үшін жастығының
астына саламыз.
—Асылжанды әкел,бесігіне салайық ( Бесікке салуды
көрсетеді) Жарайсыңдар,балалар енді кішкене тілімізге жаттығу жасап
алайық.
Артикуляциялық
жаттығулар
Тілге арналған
жаттығу.
«Тәтті тосап»-тілдің ұшымен
үстіңгі және астыңғы ерінді жалау.
«Сылақшы»–тілің ұшымен
таңдайды әрлі-берлі сылау.
«Тілді тазалау»-тілдің
ұшымен үстіңгі (ішкі және сыртқы), астыңғы тісті (ішкі және
сыртқы)тазалау.
Әженің
әлдиі. Әжеміз кішкентай
бөбекті ұйқтатарда «Ә...ә...ә...әлди-әлди ақ бөпем...» деп әндетеді. Кәне,
бізде әндетейік.
— Бөпеміздің ұйқысы тәтті болсын
деп « Бесік жырын» айтайық:
Әлди,әлди , ақ бөпем,
Ақ
бесікке жат бөпем.
Жылама
бөпем, жылама,
Жілік
шағып берейін
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке
тағып берейін
Әлди,әлди бөпешім,
Қозы
жүні көкешім
Жұрт
сүймесе ,сүймесін
Өзім
сүйген бөпешім.
-Бөпеміз
ұйықтасын, бесікті тербетейін,ал сендер Асылжанға арнап
тілектеріңді білдіріңдерші .Ол өскенде қандай болсын?
( Балалар тілектерін
білдіреді)
Қорытынды: Бүгін
қандай салт-дәстүрмен таныс болдық?
— Бесіктің қандай жабдықтарын
білесіңдер?
Әжеден бата сұрайық. Әже: «
Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас
берсін
Кетпес
дәулет
Кең пейіл
берсін
Ата-анасына мейірімді
болсын
Қатарының алды
болсын
Ырысты ,нәсіпті
болсын
Еліне елеулі,халқына
қалаулы болсын Әумин!»
- Әже батаңыз қабыл
болсын!
Ауырмай аман-есен жүре
беріңіз.