жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды ҚМЖ
|
Бөлім: |
Ғаламтор ғаламаты |
|||||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||||
|
Күні: |
|
|||||||
|
Сыныбы: 7 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған |
|||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары: |
7.2.1.1 мәтіндік және графиктік кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау; 7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану; |
|||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Мәтіндік және графиктік кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялайды; Шылау түрлерін ажырата біледі. |
|||||||
|
Құндылықтарды дамыту |
Бірлік және ынтымақ. Әділдік және жауапкершілік.Жасампаздық және жаңашылдық. |
|||||||
|
Сабақтың барысы: |
||||||||
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе. Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет. 1-тапсырма. А) Өлеңді тыңдап, ғылым мен техниканың қай түрі туралы айтылғанын әңгімлеңіздер. Жауап : Өлеңде ғылым мен техниканың келесі түрлері туралы айтылған: инженерия мен құрылыс саласы, телеграф, телефон, интернет, автомобиль, теміржол, ұшақ, авиация, энергетика және тұрмыстық техника, микротолқынды пеш, су көлігі. |
Оқушылар назарын сабаққа аударады. Үй тапсырмасын пысықтайды. Жаңа сабақтың тақырыбымен,мақсатымен танысады. Дескриптор: - ғылым мен техниканың қай түрі туралы айтылғанын айтады. -Деректер мен авторлық көзқарасты ажыратады |
ҚБ |
Жұмыс дәптері, оқулық, таратпа материал, слайд |
||||
|
Сабақтың ортасы |
Ә)Деректер мен авторлық көзқарасты ажыратыңыздар.
ӘТН. Жалғаулық шылау туралы түсінік.
5-тапсырма. «Сізге қай байланыс түрі ұнайды?» тақырыбында сұхбат мәтінін жазыңыз. Мәтінде жалғаулық шылаудың 6 түрін қатыстырыңыз. ҮЛГІ: Сізге қай байланыс түрі ұнайды? Сұхбат алушы: Сізге қазіргі заманғы байланыс түрлерінің қайсысы ұнайды? Сұхбат беруші: Маған көбінесе телефон арқылы сөйлесу ұнайды. Бұл әдіс тез әрі сенімді. Алайда, кейде электронды хат жазғанды жөн көремін, себебі жазбаша байланыс ресми және тұрақты болады. Сұхбат алушы: Әлеуметтік желілерді пайдаланасыз ба? Сұхбат беруші: Иә, әлеуметтік желілерді де қолданамын. Олар адамдармен тез арада байланысуға мүмкіндік береді, да кейде өз ойымды еркін жеткізуге көмектеседі. Алайда, олар шынайы қарым-қатынасты толық алмастыра алмайды. Сұхбат алушы: Егер таңдау жасау керек болса, қайсысын таңдар едіңіз: қоңырау шалу немесе хат жазу? Сұхбат беруші: Бұл жағдайға байланысты. Егер маңызды әрі жедел нәрсе болса, қоңырау шалған дұрыс. Ал жай мәлімет беру үшін хат жазуды таңдар едім. Сұхбат алушы: Қандай байланыс түрі адам үшін ең маңызды деп ойлайсыз? Сұхбат беруші: Меніңше, ең маңыздысы – шынайы қарым-қатынас. Адам бетпе-бет сөйлескенде эмоцияны толық сезінеді. Сол себепті, біз технологияны пайдаланғанмен, тірі қарым-қатынасты ұмытпауымыз керек.
Деңгейлік тапсырма І деңгей ( 2-тапсырма) : «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» қазіргі және бұрынғы хабар алу тәсілдерін салыстырыңыз. ІІ деңгей ( 3-тапсырма): Графиктік ақпаратты интерпретациялап, тұтас мәтін түрінде оқыңыз. ІІІ деңгей ( 6-тапсырма) Сызбада берілген ақпаратты сипаттап, мәтін жазыңыз. |
Жалғаулық шылау туралы түсінік алады.
Дескриптор: -сұхбат мәтінін жазады; -Мәтінде жалғаулық шылаудың 6 түрін қатыстырады.
Дескриптор: -қазіргі және бұрынғы хабар алу тәсілдерін салыстырады. -Графиктік ақпаратты интерпретациялап, тұтас мәтін түрінде оқиды. -Сызбада берілген ақпаратты сипаттап, мәтін жазады.
. |
ҚБ
ҚБ |
|||||
|
Сабақтың соңы |
|
Өз жауабын көрсетеді. |
|
|||||
|
Үйге тапсырма |
Ережелерді оқу , 7-тапсырма. |
|
|
|||||
![]()
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген