жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әйтеке биге арналған кеш жоспары
Мақсаты:
Әйтеке бидің 370 жылдық мерейтойына орай, шешендігі туралы оқушылардың ой-түйіндерін ортаға салу, шығармашылық әлеуетін арттыру, сөз саптау шеберліктерін шыңдау, гуманистік бағытты насихаттау.
Түрі: әдеби кеш
Көрнекілігі: АКТ мүмкіншіліктері, слайд-презентациялар
Барысы:
І. Кіріспе.
«Шешендік сөздер – халық қазынасы» Билер қызметі туралы таныстырылым
Баяндамашы Муканова Ш.К.
ІІ. 1.«Әкем менің жетесіз,
Шешем менің некесіз,
Жайымды сұрап не етесіз?» Бидің өмірі туралы
2.«Әйтекенің айтулы шешендік сөздері»
Сахналық қойылымдар. /8-11 кластар/Амиргалиева Р.И.
3. «Мәнерлі оқу – мәнді ұғым»
Сөз шеберлігін көрсету. /6-10 кластар/
ІІІ. 1.«Қазіргі таңдағы билер шешендігінің қоғамдағы орны қандай?»
Ой еркіндігі мен сөз бостандығына ерік беру. Дебат. /9-11 кластар/
2. Қорытынды. Ән «Туған жер». 10-класс оқушысы Мұқанбет Анар
Кіріспе сөз
Жүргізуші:
-
Құрметті кешке қатысушы оқушылар мен ұстаздар! Бүгін баршаңыз Қазақтың үші ұлы биінің бірегейі Әйтеке бидің туғанына 370 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған кешке жиналып отырсыздар. Ел бірлігі мен тұтастығы үшін күрескен бабаларымыздың асыл армандары орындалып, бүгінде мәресін біз көріп отырмыз. Қасықтай қаны қалғанша беріспей, ұлт намысын таптатпаған ұлылардың ұлы ісіне қашанда біз мінажат етеміз, ол бізге борыш қана емес, міндет деп білуіміз керек. Бүгінгі кешімізде 6-11 класс оқушылары Әйтеке би туралы аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздерін насихаттағалы отыр.
Кешегі би – бүгінгі сот. Ресей Қазақстан аумағына азаматтық және әскери сот жүйесін енгізгенге дейін мұнда дәстүрлі билер соты болатын. Ол қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын. Қазақ қоғамында билер ешқашан сайланып та, тағайындалып та қойылмаған. Би лауазымына бекіту деген атымен болмаған. Әділдіктің жаршысы болған бұрынғы билердің қызметі туралы көрсетілімге назар салыңыздар!
Баяндама мазмұны /Презентация көрсетілді/
Би болатын адамның бойынан бірнеше қасиет табылуы тиіс еді:
-
біріншіден, қазақтың дәстүрлі әдет құқығын жете білуге міндетті. Мәселен, ол «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа білуі керек;
-
Екіншіден, би атағынан үміткердің шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі қажет;
-
Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын әділ болуы шарт. Ондай билердің атақ-даңқы жөніндегі хабар дала тұрғындары арасына тез таралатын. Кейде билердің баласы да өзінің бойындағы қасиеттеріне қарай би бола алатын. Бірақ мұндай жағдай ілуде бір рет кездесетін.
Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне араласу құқығынан айырылды. Дала тұрғындары өзіне жүгінуін тоқтатқан кезден бастап ол би аталудан қалады. Өз ұлының бойында би боларлық қасиеттері бар екенін байқаған ата-ана оның дүниеге көзқарасын дұрыс қалыптастырудың амалын қарастырған. Оны жас кезінен атақты билердің нөкерлері қатарына қосуға тырысты. Сөйтіп бала жастайынан далалық сот билігінің небір нәзік тұстарын меңгеруге ден қоятын. Болашақта би болудан үміткер бала қылмыстық істер қаралатын сот процесіне үнемі қатысып отырған.
Сот процесі шағымданушының тілегі немесе хан мен сұлтан, старшындардың тапсыруы бойынша басталды. Дәстүрге сай ежелгі салт-жоралар қатаң сақталынды. Мәселен, белгілі бір бидің билік жүргізуін таңдау үшін сотқа қатысушылар оның алдына қамшы тастайтын. Билер соты әдеттегі ұсақ тәртіп бұзушылықтан бастап ең ауыр қылмыс саналатын кісі өлтіруге дейінгі қылмысты істерді қарастырды.
Билер соты дауға әділ билік айту принципі бойынша жүргізілетін. Би әділ де тапқыр, Әйтеке би айтқандай, «Дұрыс сөзге тоқтай білген, сөзін тоқтата білетін» дана болуы тиіс. Билер қазақ халқының ауызбірлігін, өзара түсінісуін нығайтып, дау-шарды әділ шешіп отырған. Бидің бір өзі тергеушінің, әрі айыптаушы мен судьяның (қазының) қызметін қоса атқарған.
Жүргізуші:
-
Әйтеке Байбекұлы (1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Демек, өмірбаянын толық таныстыруды 8-класс оқушыларына берейік.
8-класс оқушысы Каирова І:
-
Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.Әйтеке бидің шын есімі - Айтық.......
Жүргізуші:
-
Шешен болу – мақсат емес, шешен сөйлеу – мұрат. Олай болса, шешендік сөз үлгілерінің қойылымдарын назарыңызға ұсынамыз.
Шешендік сөздер легі
«Әйтеке бидің артында қалған қайсыбір шешендік мұраларды алып қарасақ, одан ел қамын, өзінің тузған халқының зар-мұңын жеп айтқан ой-пікірін аңғарамыз. Бұған оның Ормамбет биге айтыпты дейтін мына сөзі дәл ел:
- Бай болсаң, халқына пайдаң тисін; Батыр болып жауға найзаң тимесе,- Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Елден бөтен үйің күйсін!
Бай болып елге пайдаң тимесе, Әйтеке Байбекұлы бірде Қазыбек биге жолығысады. Сонда ел билігіне араласып, атағы жайылып қалған Қаз дауысты Қазыбек би:
Атадан жақсы ұл
туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады,- деген, сен сол үлдың қайсысы боласың? -
депті. Сонда Әйтеке би:
Ораздының көрісі,
Қартайғанда қазына болады.
Араздының көрісі,
Қартайғанда қазымыр болады,- демекші, сіз өзіңіз соның қайсысы
боласыз? - деп, қалжыңдап қарсы сұрақ
қойыпты.
Қаз дауысты Қазыбек Әйтекенің батылдығына риза бопты:
- Е, е, бауырым, халқым
сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, - дейді. Әйтеке:
- Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер, ұлы болармын, - депті
оған.»
Жүргізуші:
-
Әйтеке би туралы жазылған естеліктерге назар салыңыздар!
9-класс оқушы Сламғалиева Қ:
Төреден Әйтеке би безін деді,
Келді ғой көсем болар кезің деді.
Қазақты батыр, көсем басқармаса,
Быт-шыт қылар жау қалмақ сезін деді.
Хан, сұлтан, төре күні өткен деді,
Олардан ақыл, айла кеткен деді.
Қазағым, өзіңді-өзің тұтас ел қып,
Басқарар енді уақыт жеткен деді.
Ақылды болсын батыр көсем деді,
Басқарса қазақ болар есен деді.
Көрші елмен татуласып, тіл табысар,
Тағы да болсын өзі шешен деді.
Осындай көптен көсем ізде деді,
Хандарды шеттетуді көзде деді.
Қазақты төре бастап көгертер деп,
Малтаңды би мен бектер езбе деді.
Үш жүзден
үш ақылшы болсын деді,
Қазаққа бақ пен дәулет қонсын деді.
Сайланған көсемдерің кемеңгер боп,
Қазақтың болшағын шолсын деді.
Бұл сөзді
би мен бектер ұға алмады,
Бас қосып дұрыс кеңес құра алмады.
Үш жүздің шонжарлары төре жақ боп,
Ортадан батыр, көсем шыға алмады.
Өткен күн
ойлағанмен қайта оралмас,
Бақыт құс ұшып кеткен қайта қонбас.
Өсиетін Әйтекенің естеріне ап,
Қазыбек, Төле, Ақсуат шайқады бас.
Қазыбек,
Төле, Ақсуат шешен жорға,
Қиналды ақыл таппай осы жолда.
Сайланды әскер басы Әбілқайыр,
Өзінше ел билігін алып қолға.
…Өткен
жыл Әйтеке би дүниеден өтті,
Келгенде елу алты жасқа ажал жетті.
Бағыну бір көсемге дұрыс қой! – деп,
Болрын бір апаттың болжап айтты.
Жүргізуші:
-
Билер шешендігінің өз заманындағы төрелігі туралы мәліметті ортаға салдық. Бүгінгі қоғамдағы орны ше? «Билер шешендігі» дегенді «Сот билігі» сөзімен айырбастадық. Ұтымдысы не болды? 9-11 класс оқушыларының талассөзіне тағы да ден қояйық.
Дебат түйіні
Салыстыру
Бұрынғы билер
Сөзге шешен, арнайы білімі жоқ, ана тілін тереңнен түсінеді, әділетті, турашыл, өз бетімен ізденгіш, пара алмайды, т.б.
Қазіргі сот өкілдері
Жоғары білімді, тіл байлығы төмен, кейбірі сыбайлас жемқорлыққа бейім, заңға ғана сүйенеді, т.б.
Қорытынды
Ән «Туған жер» 9-класс оқушысы Мұқанбет Анар
Жүргізуші:
-
Құрметті кешке қатысушылар! Біраз минуттар бойы біздер «Әйтеке әлемі» теңізіне шомылғандай болдық. Шешендік сөздің сарасын түсінетін қазақ ұрпағы ұлы дүниелерді үлгі тұтты. Тарих қойнауы – ұлы қазына, қазған сайын кен табасың. Шешендік сөздердің қашанда қадір тұтып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп сақтап жеткізейік! Келгендеріңізге алғыс білдіреміз!
Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген