Нормативті құжаттар
«Білім туралы» заң.
Білім беру туралы
заң, Қазақстан Республикасының Білім
беру туралы Заңы — республика азаматтарының
білім алуға конституциялық құқығын
қамтамасыз етуге арналған заң.1999 жылғы
7 маусымда қабылданды. Бұл Заңда
мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері,
орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті
атқарушы органдар арасының білім беру
саласындағы құзыретін шектеу белгіленген.
Заңда білім беру саласындағы қоғамдық
қарым-қатынастарды реттейтін, білім
процесі субъектілерінің құқылары мен
міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі
белгіленген. Білім беру жүйесінің
міндеттері көрсетіліп, осы сала
ұйымдарының ережелері, бағдарламалары
мен білім деңгейлері айқындалған.
Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару
мен оның экономикасы, білім беру
саласындағы халықаралық қызмет
көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында
мұнан басқа да жекелеген нормативті
актілері бар.
2.
«Педагог мәртебесі туралы» заң.
31 желтоқсанда Мемлекет
басшысы "Педагог мәртебесі туралы"
заң жобасына қол қойды. Білім және ғылым
министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы
"Педагог мәртебесі туралы" заңды
іске асыру кезеңіне көшу басталатынын
мәлімдеді. Жалпы заң 21 баптан тұрады
және жарты миллионнан аса ұстаздың
жұмысына қатысты.
Бірінші, ұстаздардың
құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес
жұмыстан босату, жүктемесін азайту;
Екінші,
мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды
күшейту;
Үшінші, материалды емес
стимул тетіктері;
Төртінші, материалдық
ыңталандыру.
Үлгілік оқу жоспарлары
төмендеуі есебінен 2021 жылдан бастап
оқу жүктемесінің 18 сағаттан 16 сағатқа
дейін төмендейді. Заң бойынша педагогтердің
балаларына тұрғылықты жері бойынша
мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші
кезекте орын беріледі.
Бұдан басқа,
ілеспе заңда ата-ананың жауапкершілігін
арттыру, бала құқығын қорғау, ұстаздарға
әдепсіз мінез-құлық көрсеткені үшін,
орынсыз есептілік, қағазбасылық, заңсыз
тексерістер үшін нақты санкциялар, яғни
айыппұл қарастырған.
«100 нақты қадам-ұлт
жоспары»
"100 нақты қадам"
– бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге
жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа
тарихи жағдайларда ұлттың дамыған
мемлекеттердің отыздығына кіруі
жөніндегі жоспары.
Бұл ерекше құжатта
мемлекеттiң, қоғамның алдында орындалуы
аса қажет болып тұрған бес институционалдық
реформаны жүзеге асыру жолдары
көрсетілген.
Бiрiншi институционалдық
реформаны, яғни «Кәсiби мемлекеттiк
аппарат құру» үшiн 15 нақты қадам
белгiленген. Құжаттың осы бөлімінде
кадрларды іріктеудің, бағалаудың
нәтижесінде жоғарлаудың жолдары
қарастырылған. Құжаттың кадрдан басталуы
дұрыс та. Өйткені, еліміздің әлеуметтік
– экономикасының дамуы олардың
біліктілігіне, іскерлігіне халық
алдындағы адалдығына тікелей байланысты.
Iлгергi қалыптасқан тәжiрибеде тағайындалған
басшы, ол өз ретiнде мемлекеттiк қызметтегi
бұрынғы кадрлардың барлығын жаңартуға
тырысатын. Соның салдарынан жаңа
лауазымға тәжiрибесi аз, бiлiктiлiгi төмен
кадрлар қызметке қабылданып жататын.Жалпы
айтқанда, «100 нақты қадам» атты жоспар
елімізді тағы бір белеске көтеруге
қызмет етеді. Оған күмәнім жоқ. Өйткені
біз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
қосылу міндетін алға қойғанбыз. Ол
жетістікке қол жеткіздік. Дүниежүзілік
институттар барлық көрсеткіштер бойынша
табыстарымызды көрсетіп отыр. Елбасы
өркендеген отыз елдің қатарына қосылу
туралы жаңа міндет қойды. Ал аталған
жоспар дамыған отыз елдің қатарына ену
жолында жасалып жатқан тағы бір қадам
деп айтуға болады. Аталған жосапарды
сапалы жүзеге асыру үшін бір үйдің
баласындай жұмыла жұмыс атқару керек.