Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Айтыс өнері (1-сағат)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


1-бөлім. Қазақ халқының музыкалық мұрасы

Мектеп: №274

Мұғалім: Құлемет М.О.


СЫНЫП: 5


Күні: 5 «А», «Ә», «Г» -

Күні: 5 «Б», «В», «Д» -


Қатысқандар саны:

Қатыспаған саны:



Сабақтың тақырыбы:

Айтыс өнері (1-сағат)


Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.1.2.1 –дәстүрлі халық әндері мен аспаптық музыканың жанры мен стилін, айтыстың түрлерін анықтау;

5.1.2.2 ­ -дәстүрлі әншілік мектептердің және халық композиторларының шығармаларын ажырату;

5.1.3.1 ­– түрлі әндерді орындау барысында музыканың көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізу;


Сабақ мақсаты:


Барлық оқушылар:

  • Айтыс жанрын,, көркемдеуші құралдарын талдауға белсене қатысып, музыкалық сауаттылығын дұрыс пайдалануға тырысады..

Оқушылардың көпшілігі:

  • Айтыс жанрын, көркемдеуші құралдарын талдап, музыкалық сауаттылығын көрсете алады..

  • Кейбір оқушылар.

  • Суырыпсалма әрекеттеріндегі белсенділігін көрсетеді.


Бағалау критерийі

«Айтыс» толық сипатын анықтап береді.

Айтыстың түрлерін анықтайды.

Музыкада ойнайтын ақындарды біледі.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Айтыс өнерін тыңдау, талқылау барысында терминдерді қолданады, өз жұмысына түсініктеме береді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қайым айтысты тыңдау барысында мен....

  • Айтысқа қандай әуен қолданар едің?


Құндылықтарды дарыту

Айтысты тыңдатуға үйрету, дәстүрге, төл өнерге деген мақтаныш сезімі мен құрметін арттыру.


Пәнаралық байланыс

Әдебиет


Бастапқы білім

Айтыс туралы теледидардан түсінік қалыптасқан.


Сабақтың жоспары


Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері


Сабақтың басы

2 минут


3 минут




2 минут


Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, ынтасын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Бір тілек» (бір-біріне тілек тілейді)

Санау арқылы 3 топқа бөлу. «Тапқырлар», «Алғырлар», «Айтқырлар»

Өткен сабаққа көз жүгірту.

С. Әзіл ән туралы еске түсіріп, К.Әзірбаевтың «Көкшолақ» әнін қайталау.

Жаңа сабақ тақырыбын болжау.

Айтысып отырған айтыскерлердің суретін көрсету, сұрақтар беру.

Айтыс деген не?

Кімдер айтысады?

Қандай айтыскер ақындарды білесіңдер?

Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырылады.






Сурет


Ортасы

13 минут































5 минут









10 минут

МК. Топтық жұмыс. Тыңдау және талдау. Айтыс туралы қысқаша түсінік беру.

Айтыс туралы мұғалім көмегі арқылы тыңдап, кластер арқылы талдайды.

Халқымыз әнді шебер орындаумен қатар,тез арада өз ойынан өлең шығарып, сөз жарысы – айтыс ұйымдастырған.

Үлкен жиын-тойларда бірінің айтқан өлеңіне бірі жауап қайтарып, суырыпсалма өнерін көрсеткен. Кейінгі кезде осындай жарыстар өнер жарысына, айтысқа айналған. Айтысқа қатысатын айтыскер тапқыр болумен қатар, өлеңін әуенге қосып, домбырамен орындаған.

Айтыстың кең тараған түрлері: ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ айтыс, салт айтысы, қайым айтыс.

Айтыс - ауыз әдебиетінің бір түрі, яғни әдеби жанр.

Айтыскер – айтысқа қатысушы, айтысатын адам.

Суырыпсалма – айтыс өнерінде тез арада өз ойынан өлең шығару, музыка өнерінде ол импровизация деп аталады.

Музыкалық орындау барысында шығарманы тез арада қайта түрлендіру музыкалық импровизация деп аталады.

Салт айтысының бір түрі қыз бен жігіт айтысы. Бұл ойын-сауық кезінде айтылатын болған және жиналған жұртты көңілдендіру, күлдіру, ән мен өлең қызығына батыру негізінде туған. Қыз бен жігіт айтысы екі жастың амандасуынан басталып, әзіл-оспақ, әдемі ққалжыңретінде айтыла береді. Онда ақындар айтысындағыдай үлкен әңгімелер қозғалмайды, ойын-сауыққалайықты жеңіл-желпі күлдіргі жайлар сөз болады. Қыз бен жігіт айтысы 11 буынды өлең түрінде келеді. Өлеңнің бастапқы екі жолын қыз да, жігіт те қайталай отырып, айтайын деген ойын үшінші, төртінші тармақтар арқылы білдіреді.Мұндай айтысты қайым айтыс дейді.

Дескриптор:

  1. Айтыс туралы түсінік қалыптасады.

  2. Тыңдаған мәтін бойынша талдау жасай алады.

Қалыптастырушы бағалау. Үш шапалақ

2-тапсырма. Жеке жұмыс.Талдау.

«Айтысты тыңда». «Қыз бен жігіт айтысы» Оқушылар оқулықтан қыз бен жігіт айтысының мазмұнын, сипатын, қайым айтыс ерекшелігін анықтайды.,

Дескриптор:

1.Айтыстың мазмұнына назар аударады.

2. Қыз бен жігіт айтысының сипатын ( лирикалық, әзіл, ойнақы) анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау. «Мадақтау»

3-тапсырма. Ұ. «Айтысқа дайындал» тапсырмасы.Өлең жолдарын үнтаспамен бірге орындайды. Музыкалық суырыпсалма: берілген нота жазбаларындағы ән әуенін қалай аяқтар едің? Үнтаспадан Сыр өңірінде орындалатын термелік әуен беріледі.

Дескриптор:

1.Өлең жолдарын үнтаспамен бірге орындай алады.

2.Екінші, үшінші тармақтардағы сөздерді мағынасы мен ұйқасына қарай орнына қойып оқиды.

3. Нота жазбаларын аяқтап жазады.

ҚБ. «Өзді-өзін бағалау».








Ақпарат

А4 қағазы















Аудиожазба.










Аудиожазба








Баян аспабы








Соңы

5 минут



Үйге тапсырма: Айтыскер ақындар туралы мәлімет іздеу.

Рефлексия.

Мен не білдім?

Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

Қай тапсырманы оңай орындадым?





Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Айтыс туралы мұғалім көмегі арқылы тыңдап, кластер арқылы топта талдайды. Бұл оқушылардың бірлесе, ынтымақпен жұмыс жасауына жақсы ықпал етеді.Жеке жұмыс орындауда әрбір оқушының жауапкершілігі артады. Ұжымдық жұмыста өз білмеген, түсінбеген тұстарын сыныптасы арқылы ұғып, түсінеді.

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Әрбір жұмыстан кейін оқушыларды мадақтап, шапалақ арқылы, бас бармақпен көрсету арқылы бағалаймын.

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Сабақ кезінде денсаулыққа зиянды заттар пайдаланылмайды. Аудиотыңдалымды уақытты шектеп тыңдатамын.


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?


,Бүгін оқушылар не білді?


Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?


Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?


Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
928
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12