жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Айтыс өнері (жалғасы) Ақындар айтысы
|
Бекітемін Оқу ісінің меңгерушісі __________ А.Кинжибаева |
|
||||||||
|
1-бөлім. Қазақ халқының музыкалық мұрасы |
Мектеп: №274 |
Мұғалім: Құлемет М.О. |
|
||||||
|
СЫНЫП: 5 |
Күні: 5 «А», «Ә», «Г» - 02.10 Күні: 5 «Б», «В», «Д» - 04.10 |
Қатысқандар саны: Қатыспаған саны: |
|
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Айтыс өнері (жалғасы) Ақындар айтысы |
|
|||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
5.1.2.1 –дәстүрлі халық әндері мен аспаптық музыканың жанры мен стилін, айтыстың түрлерін анықтау; 5.1.2.2 -дәстүрлі әншілік мектептердің және халық композиторларының шығармаларын ажырату; 5.1.3.1 – түрлі әндерді орындау барысында музыканың көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізу; |
|
|||||||
|
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар:
Оқушылардың көпшілігі:
|
|
|||||||
|
Бағалау критерийі |
«Айтыс» толық сипатын анықтап береді. Айтыстың түрлерін анықтайды. Музыкада ойнайтын ақындарды біледі. |
|
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Диолог хаттар үшін пайдаланылатын сөз тіркестерінің сериясы айтыс, қыз бен жігіт айтысы; -күй- төкпе, шертпе; -стиль, жанр, лад, интонация, музыкалық көркемдеуші құралдар; -импровизация, өңдеу, композиция; -интерпретация; -екпін, ырғақ; -сүйемелдеу, ансамбль • Біз Біржан мен Сараның айтысын таңдадық, себебі ол….(айтыстың стилін, жанрын, орындаушылық әдісін) анықтауға көмектеседі. |
|
|||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Айтысты тыңдатуға үйрету, дәстүрге, төл өнерге деген мақтаныш сезімі мен құрметін арттыру. |
|
|||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет |
|
|||||||
|
Бастапқы білім |
Айтыс туралы өткен сабақ арқылы таныс. |
|
|||||||
|
Сабақтың жоспары |
|
||||||||
|
Жоспар ланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурс |
|
||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, ынтасын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі тренинг барысы, Біз үлкен отбасы. Өткен сабақты тексеру. Айтыскер ақындар туралы мәлімет іздеу. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. |
Сурет |
|
||||||
|
Ортасы 5 минут 15 минут 10 минут |
Айтыстың түрі – ақындар айтысымен жұмыс. МК.Ақындар айтысы туралы мәліметпен таныстыру.Оқулықпен жұмыс жасау. 1-тапсырма. Ақпарат іздеу. Топтық жұмыс.Кластер «Біржан мен Сара» айтысымен оқулықтан танысады.Оқушылар Біржан сал туралы білетін болғандықтан, Сараның өмірімен танысады. (постер қорғайды) Сара Тастанбекқызы (1853-1907) — айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы Найман. Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады. Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады. Осылайша қаршадайынан басы дау шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен айтысуы үлкен себепші болады.Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінін өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсылармен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын білдіреді. Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, ерте көз жұмады. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар Дескриптор: Сараның өмірі, шығармашылығы туралы танысады. ҚБ.Мадақтау 2-тапсырма. Ұж. Орындау. «Біржан мен Сара» айтысынан үзінді алып, әуенге салып орындау. Дескриптор: «Біржан мен Сара» айтысын әуенге салып орындай алады. Қалыптастырушы бағалау. Үш шапалақ |
Ақпарат А4 қағазы Аудиожазба Баян аспабы |
|
||||||
|
Соңы 5 минут |
Үйге тапсырма: «Біржан Мен Сара» айтысынан үзінді жаттау. Рефлексия. Мен не білдім? Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? Қай тапсырманы оңай орындадым? |
|
|
||||||
|
|
|
||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Айтыс туралы мұғалім көмегі арқылы тыңдап, кластер арқылы топта талдайды. Бұл оқушылардың бірлесе, ынтымақпен жұмыс жасауына жақсы ықпал етеді.Жеке жұмыс орындауда әрбір оқушының жауапкершілігі артады. Ұжымдық жұмыста өз білмеген, түсінбеген тұстарын сыныптасы арқылы ұғып, түсінеді. |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Әрбір жұмыстан кейін оқушыларды мадақтап, шапалақ арқылы, бас бармақпен көрсету арқылы бағалаймын. |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы Байланыс Сабақ кезінде денсаулыққа зиянды заттар пайдаланылмайды. Аудиотыңдалымды уақытты шектеп тыңдатамын. |
|
||||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? ,Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|
||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген