400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Айырмашылығын бірге табайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Балалардың заттар мен суреттерді салыстыру арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау, байқағыштығын, логикалық ойлауын және сөйлеу дағдысын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тексерілген

№42 «Айналайын» балабақшасы МКҚК

Меңгерушіс Шугаева.Н.Г















Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы «Айырмашылығын тап»

«Жұлдыз» ортаңғы тобы

















Тәрбиеші: Мухамбетова.А.С















Ақтөбе,2026 жылы



Мақсаты:

Балалардың заттарды салыстыру арқылы айырмашылығын табу дағдыларын қалыптастыру, зейінін, ойлау қабілетін дамыту.

Міндеттері:

• Заттарды салыстыра білуге үйрету;

• Ұқсастық пен айырмашылықты ажырата алуына жағдай жасау;

• Балалардың сөздік қорын байыту (үлкен–кіші, бар–жоқ, бірдей–әртүрлі);

• Зейінін, есте сақтауын және ұсақ моторикасын дамыту.

Көрнекіліктері:

• Қара қағазға жапсырылған суреттер (алма, жануарлар, балалар бейнесі т.б.);

• Магниттер;

• Тақта.

Оқу іс-әрекетінің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды шаттық шеңберіне жинау.

– Балалар, қане бір-бірімізге күлімдеп қарайық

– Бүгін біз қызықты ойын ойнаймыз.

2. Негізгі бөлім

Тәрбиешінің әрекеті:

Тақтаға қара қағазға жапсырылған екі ұқсас суретті іледі (мысалы: екі алма – бірінде жапырақ бар, бірінде жоқ).

– Балалар, мына суреттерге мұқият қараңдар.

– Олар бірдей ме?

– Қандай айырмашылықты көріп тұрсыңдар?

Балалардың әрекеті:

Балалар суреттен айырмашылықты табады, көрсетеді, айтады.

Ойын бірнеше суретпен жалғастырылады (жануарлар, балалар бейнесі, заттар).

3. Сергіту сәті

«Алма» қимылды ойыны

(қолмен алма теру, секіру, қол соғу)

4. Қорытынды бөлім

– Балалар, бүгін біз не үйрендік?

– Айырмашылық деген не?

Балаларды мадақтау:

– Жарайсыңдар! Сендер өте мұқият болдыңдар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.01.2026
11
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі