Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Айзенктің темпераментті анықтау тесті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Айзенктің темпераментті анықтау тесті
Нұсқау: Сізге өзіңіздің тәртібіңіз және сезім ерекшеліктеріңізге байланысты бірнеше сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың тұсында «ИӘ» немесе «ЖОҚ» жауабы үшін орын қалдырылған.
Тез және мұқият жұмыс істеуге тырысыңыз. Бір сұраққа ойланып, кеп уақыт жұмсаудың қажеті жок. Сіздің тез қайтарылған жауабыңыз кымбат. Барлық сұрақтарға бірнеше ғана минут арнағаныңыз жөн. Еш сұрақ жауапсыз қалмасын. Парақты аударып, жұмысқа кірісіңіз. Тез қимылдаңыз және жауаптың «жақсы», «жаман» болып бөлінбейтіні естен шықпасын. Бұл Сіздің ақыл-ой немесе қабілет сыны емес, тек темперамент ерекшеліктеріңізді анықтау ғана.
1. Сіздің бұрын кездеспеген әсерлерге еліктеп, көңіл-күйіңізді құбылтып тұруға құмарлығыңыз бар ма?
2. Өзіңізді жақсы түсініп, ақыл айтып, істеген ісіңізді құптап, жұбатып тұратын достардың сізге қажеті бар ма?
3. Сіз өзінізді еш нәрсемен ісі жоқ адаммын деп есептейсіз бе?
4. Өз ойыңыздан (алған беттен) кайту сізге қиын тимей ме?
5. Сіз іске кірісер алдында көп ойланып, артын күтіп барып, іске кірісесіз бе?
6. Істің ақыры нәтижесіз аяқталатынын көре тұра, сіз берген уәдеңізде тұрамысыз?
7. Көңіл-күйіңіз жиі өзгере ме?
8. Сіз кеп ойланып жатпай, тез сөйлеп, жиі қимылдайсыз ба?
9. Алып бара жатқан себеп болмаса да, өзіңізді бақытсызбын деп сезінген кездеріңіз болды ма?
10.Ерегісте сіз еш нәрседен тайынбайтыныңыз рас па?
11.Ұнайтын адаммен сөйлескіңіз келгенде қымсынасыз ба?
12.Қатты ашуланғанда, өзіңізді ұстай алмай кететін жағдай бола ма?
13.Минуттық сезімнің әсерінде кететін жайыңыз жиі бола ма?
14.Істеген ісіңіз бен айтқан сөзінізді артынан ойлап, «әттеген-ай» дейтін уақыттарыңыз жиі кездесе ме?
15.Жұртпен қатысып, сөйлескеннің орнына. оқығанды дұрыс көремісіз?
16.Тез ашуланып қалатыныңыз рас па?
17.Көпшіліктің ортасында жиі болғанды қалайсыз ба?
18.Басқаға білдіргіңіз келмейтін ойларыңыз бола ма?
19. Кейде бастаған істі жылдам орындап тастап, кейде ісіңіздің өнбейтін кездері бола ма?
20.Жаныңызға жақын адамдардың аз болуын қалайсыз ба?
21.Көп армандайсыз ба? (Арманыңыз көп пе?)
22.Сізге біреу айғайлап жатса, сіз де айғаймен жауап беремісіз?
23.Кінәлі екендігіңізді сезіп, мазаңыз кетпей ме?
24.Өз істеріңіздін бәрі дұрыс және орынды деп білесіз бе?
25.Көпшілік арасында сезім тізгінін босатып, қатты көңілденіп, еркінсіп кетесіз бе?
26.Сіздің жүйке жүйеңіз қатты жұқарып кетті деуге бола ма?
27. Сізді көнілді және пысық деуге бола ма?
28.Біткен іске ойша қайта оралып, «дұрысырақ, жасауға болатын еді» дейтін кездеріңіз бола ма?
29. Көпшілік ортасында сіз өзіңізді еркін сезінесіз бе?
30. Біреуден естігеніңізді біреуге жеткізетін әдетіңіз бар ма?
31. Әр нәрсені ойлап, ұйықтай алмайтын уақыттарыңыз бола ма?
32.Бір нәрсені білгіңіз келгенде, достарыныздан сұрап алғаннан да, кітаптан оқып алғанды дұрыс көресіз бе?
33.Жүрегіңіздің қатты соғатын кездері бола ма?
34. Аса үлкен ықтиярлықты қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?
35.Қалтырап кететін жағдай сізде жиі бола ма?
36.Айталық, сіздің бұрын оңаша жерде артық айтқан сөзінізді ешкім есіне алмай-ақ қойсын. Кейіннен, басқа ойда бола тұра, жұрттың дегеніне қосылып жүре беремісіз?
37.Бірін-бірі іліп-шалып, қалжыидап отыратын жұрт арасында болу сізге онша ынғайлы емес. Солай ма?
38.Ешқандай ауыр жұмыс жасамасаңыз да, алқынып қалатын кездеріңіз бола ма?
39.Жиі ашуланасыз ба?
40.Тез қимыл-әрекет қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?
41.Сәтті аяқталғанымен, әртүрлі кемшіліктері болған іс қайта оралып, мазаңызды ала ма?
42.Сіз асықпай, жай қимылдайсыз ба?
43.Жұмысқа, кездесуге кешіккен кездеріңіз болды ма?
44.Сіз сөзшеңсіз, ашықсыз, таныс емес адаммен де тез тіл табысып, сөйлесіп кетесіз, солай ма?
45.Жанға батып жүрген ауруыңыз бар ма?
46.Достарынызды көп уақыт көрмесеңіз, өзіңізді «бақытсызбын» деп сезінесіз бе?
47.Сіз өзіңізді «жүйке жүйесі тозған адаммын» деп есептейсіз бе?
48. Өзіңіз танитындардың ішінде сізге ұнайтын адамдар бар ма?
49. Сіз өзіңізді «сенімді адаммын» деп есептейсіз бе?
50.Сіздің өзіңізді немесе қызметіңізді сынаған кезде тез ашуланып қаласыз ба?
51.Кешкі ойын-сауықтан ләззат алу қиын деп есептеймісіз?
52.Сіз өзіңізді өзгеден кем санап, мазасызданатын кездерініз бола ма?
53.Көпшілік ортасына келіп, әңгіме-думанды жандандырып жіберу сізге қиын емес пе?
54. Өзіңізге беймәлім мәселелер туралы сіз кейде әнгіме-дүкен құрасыз ба?
55.Сіз өз денсаулығыңызды сақтауға тырысасыз ба?
56.Сіз өзге адамды келемеждеуді ұнатасыз ба?
57.Ұйықтай алмай, мазасызданасыз ба?
Сұрақтар тізбегін қорытындылау үшін белгілер.
1) «Жалған» өлшемі:
6, 24. 36 - сүрақтарга «ИӘ» жауабы.
12, 18, 30, 42. 48, 54 - сүрақтарға «ЖОҚ» жауабы.
Жалпы балл сандары қосылып есептелінеді (Ж):
Ж — 9-ға тең болған жағдайда қорытынды жасалынбайды.
Ж — саны көбейген сайын нәтижелер растығы төмендей түседі.
2) «Экстраверсия-интроверсия» елшемі:
Мына сұрақтарға «ИӘ» жауабы берілгенде: 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56.
Мына сұрақтарға «Жоқ» жауабы берілгенде: 5, 15, 20, 29, 32, 34, 37,
41, 51.
Балл қосындысы шығарылады (Э). «Э» саны көбейген жағдайда (0-ден 24-ке дейін) адамның экстраверсиялық қасиеті молая түсті.
3) «Эмоциялық тепе-тендік — нейротизм» өлшемі:
Мына сұрақтарға «ИӘ» жауабы болғанда: 2. 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28. 31, 33, 35, 38, 40, 43, 45, 50, 52, 55, 57.
Жалпы (Н) — Нейротизм балл косындылары шығарылады. (Н) саны көбейген жағдайда (0-ден 24-ке дейін) адамның эмоциялық тепе-тендік қасиеті (нейротизм) көбейе түседі.
-
Төменде көрсетілгендей график жасалынады:
НЕЙРОТИЗМ
24
|
4 1 ИНТРОВЕРСИЯ ———— 12 ————ЭКТРОВЕРСИЯ
3 2
|
0
Эмоциялық тепе-теңдік (тұрақтылық)
Бір-біріне перпендикуляр жүргізілген сызықтарға (өлшемдерге) қолдағы бар нәтижелер жазылады - Э және Н. Сызық шетіндегі нүктелер бір-біріне қосылады. Пайда болған (үшбұрыш, сызық, нүкте) фигура сынаққа түскен адамның классикалық қай темперамент түріне жататынын көрсетеді.
1-холерик, 2-сангвиник, 3-флегматик, 4-меланхолик.
Г.Айзенктің анықтамасына орай, қолдағы алынған нәтижелерге сүйене отырып, әр типтің өзіне тән қасиеттері болатынын айта кеткен жөн. Мысалы:
1. Холерик - сезімтал, тынымсыз, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста және сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист (болашаққа сеніммен карайды), белсенді, пысык, байқам, сенгіш, ашуланшақ т.с.с.
2. Сангвиник — ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, өмір сүйгіш, уайымсыз, беймаза емес, көтеріңкі көңілді, басшылыққа бейім, т.с.с.
3. Флеглштик — сак, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты т.с.с.
4. Меланхолик — беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист (өмірден түңілгіш), түйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригидтік (керітартпа) қасиеті бар, т.с.с.
Темперамент типінің (түрінін) салыстырмалы тұрақтылық, қасиеті жөнінде пікір қорытып, мінез және темперамент ара қатынасын ажыратып алған жөн. Оқушылар мен оқытушылардың мінез ерекшеліктерін анықтау жолындағы әр темпераменттік типтің атқарар ролі орасан зор.