жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ажалдан құтарған асыл сөз 3 сынып
Тақырыбы: Ажалдан құтқарған асыл сөз
Мақсаты: Ертегіні оқи отырып,мазмұнын ашу
Міндеті:
Танымдық қабілетін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілін дамытады.
Жаңа білімді қолдана білуге, ойын жүйелі баяндауға, бірлесіп жұмыс істеуге, ізденуге, өзара сыйластыққа дағдылану
Адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалай білуге адамгаршілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: СТО, Топтарға арналған тапсырмалар,парақтар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдісі тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау,топтық жұмыс, ұжымдық,іздену талдау,тұжырымдау
I Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
Оқушылардың көңіл күйін бақылап, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық икем.
Қуан, шаттан,
Қуан, шаттан!
Қуанышты күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күлімдеп шықты күн бүгін.
Сыныпты топқа бөлу: (Санау арқылы 1-4 дейін )
II .Үй тапсырмасы: Тест алу (5 сұрақтан) Оқушылар бірін- бірі тексереді, жауабы тақтада)
1.С.Мұқановтың «Ешбір көркем кілемнің, ешбір көркем кестенің бетінен табылмайтын ғажап бояуларды көресіз!»деген сөзді қай жыл мезгіліне қатысты айтылған?
А) шілде Ә)маусым Б) тамыз В) мамыр
2.М.Иманжанов «Тек қана электр шамындай жарқырап Шолпан жұлдызы тұр» деп тәуліктің қай мезгілі туралы айтып отыр?
А) кешкі Ә) таңғы Б)түскі В) түнгі
3.Ө.Тұрманжановтың «Құп, атажан, жүгіріп.Қарайын да санайын» деген кімнің сөзі
А)Автор Ә) малсақ бала Б) қойшы В) ата
4.М.Әуезов пен Ө.Тұрманжановтің шығармасының ұқсастығы неде?
А) Екеуінде де жазғы таң суреттелген
Ә) Екеуінде де жайлау суреттелген
Б) Екеуінде де жазғы кеш суреттелген
В) Екеуінде де жазғы түн суреттелген
5. Заттың, құбылыстың басты белгілерін нақты бір мақсатқа қарай ашып көрсетенін мәтін.
А) сипаттау Ә) пайымдау Б) әңгімелеу В) салыстыру
III Ой қозғау.
-Болмайтын нәрселерді болдыратын оқиғаның түрі қалай аталады?(Ертегі)
- Ертегі қалай басталады?
-Ертегілердің өмірде қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар? ( үлгі ,өнег,тәлім тәрбие аламыз)
- Ертегіледің қандай түрлері білесіңдер?
( Жан- жануарлар туралы, қиял- ғажайып, шыншыл ертелілер)
IY. Мағынасын тану. (Сабақтың мақсаты)
1.Мәтінді бөліктерге бөлу. (6 бөлім) ( топ алдында парақтар жатады)
2. Әрбір келесі үзіндіні оқып, талдау (әрі қарай не болатынын айту)
Бөлімдер бойынша сұрақтар:
1 бөлік сұрақ -Шабармандар адырлы жерден суды таба ма? (қалай ойлайсыңдар)
2 бөлік сұрақ -Қойшы неліктен дұрыс жауап бермеді?Шабармандар қандай шара қолданды деп ойлайсыңдар?
3 бөлік сұрақ -Қойшы ханға не айтты деп ойлайсыңдар?
4 бөлім сұрақ -Қойшы өзінің әңгімелеген оқиға желісіне байланысты не айтуы мүмкін?
Сергіту сәті ( үнтаспадағы музыка арқылы қимылдар жасату
5 бөлім сұрақ - Қалай ойлайсыңдар хан қойшының басын шаба ма жоқ па? Неліктен ?
6 бөлім сұрақ - Қойшыны ажалдан құтқарған не ?
Осы ертегіге қандай түйін сөз айтуға болады? (мақал)
1. Сөз тапқанға қолқа жоқ. 2. Сөз сүйектен өтеді. 3. Асыл сөзге өлім жоқ
4.Орынды айтылған сөз. Орнына қағылған шеге.
5.Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады. 6. Мал шөпке ,адам сөзге тоқтайды.
(тапқырлығы, ақылдылығы,әділ сөзбен жеңе білу)
-Осы ертегіге қандай ат қояр едіңдер? (топтар ойлап, айтады) Ертегінің атын айту.
Y. Шығармашылық тапсырмалар
1.топ Су туралы 5 жол өлең құрастыру
2.топ Эссе жазу Сұңқар мен шөже торғайдың хикаясы
3.топ Сурет салу (ертегі желісі бойынша)
4.топ Салыстырмалы кесте . Ал, енді осы әңгіменің кейіпкерлері туралы көп ой ортаға салынды
|
Жағымды кейіпкер |
|
Жағымсыз кейіпкер |
|
|
шөже |
Кішкентай, әлсіз,ақылды.
|
сұңқар |
Жыртқыш,зұлым, |
|
қойшы |
Тапқыр,ақылды,әділ
|
хан |
Ақылсыз,білімсіз,қатыгез |
YI.Қорытынды: -Осы мәтінді ертегінің қай түріне жатқызуға болады?(шыншыл)
-Неге олай деп ойлайсыңдар?(Өмірде кездеседі)
-Ертегі сендерге ұнады ма? –Неге?
YII..Рефлекция. - Не ұнады? -Не білдік? Бағалау
YIII.Үйге тапсырма .223 бет.ертегіні әңгімелеу,бөлікт
Ажалдан құтқарған асыл сөз
1.Ертеде бір хан шеру тартып келе жатады. Бір шөлейт, сусыз далаға кездесіп, әскері де, аттары да шөлдейді. Осылай зарығып келе жатқанда, алыста бір кішкене бұйрат көрінеді.
Хан жігіттеріне:
-Адырлы жер ауыз сусыз болмайды, барып қараңдар,-дейді.
Сұр: Шабармандар адырлы жерден суды тапты ма? (қалай ойлайсыңдар)
2.Шапқыншылар адырдың үстіне шықса, қойнауда бір қора қой жайылып жүр екен. Жігіттер қойдың шетіне келсе, мосқал тартқан қойшысы бар екен. Қойшыны олар кісі ғұрлы көріп амандаспайды.
-Су қайда?-деп зіркілдейді.
-Су дегенің көл ме?-деді қойшы.
-Өзің қалай қисық сөйлейсің? Бізге, ана ханға ауыз су керек,-дейді ежіреңдеген шабармандар.
-Мен хан ішеді деп қасқиып жатқан бұлақ көргенім жоқ,-дейді қойшы.
Шабармандар одан әрі ызаланып, күш көрсетпек болады.
-Мен де сендердей кісімін, су емеспін.Жерден бұлақ ағызар су иесі Сүлеймен де емеспін,-деп, қойшы шабарманның аузын аштырмайды.
-Әйда, хан алдына жүр, сенімен сонда сөйлесеміз,- дейді шабармандар.
Сұр:Қойшы неліктен дұрыс жауап бермеді?Шабармандар қандай шара қолданады деп ойлайсыңдар?
3.-Мен сендердей ерігіп жүргем жоқ.Мына баққан малымды тастап, ешқайда бармаймын.Бір топ қураған қамыс желден ықтады деп барам ба?-деп, қойшы жүрмей отырып алады.
Шабармандар ханға келеді. «Қойшы-бір кесір, жөн айтпайды.Күш жұмсамай, өз әміріңізге келдік» дейді.
-Ұрмай,соқпай барып алып келіндер,- деп, хан үщ жігіт жібереді.Хан әмірі екі болмайды,жігіттер барады да,қойшыны еріксіз алып келеді.
-Шақыртқанда неге келмейсін, неге судың жөнін айтып бермейсің?..Қазір басыңды алғызайын . Ал мынаның басын!-деп, жендеттеріне әмір етеді хан.Жендеттер қылышын көтере бергенде қойшы басын иіп:
-Тақсыр, хан, дат!-дейді.
-Е, датын болса, айт!- деп, хан жендеттерін тоқтатып, қойшыға сөйле деп ишарат білдіреді.
Сұр. Қойшы ханға не айтты деп ойлайсыңдар?
4. -Мен сізге бір сұнқар мен шөже торғайдың хикаясын айтайын,- деп, қойшы сөз бастайды.-Ерте кезде бір сұнқар жем таба алдмай ашығып,өзен бойын өрлеп ұшып келе жатса, алдынан бір шөже торғай ұша жөнеліпті.Сұнқардың көзін қан толып,торғайды қуып жетіп,енді жеуге айналғанда,торғай: «Сұңқар мырза, бір ауыз арыз тыңдаңыз, соны айтып болған соң, жей беріңіз» депті.
-Айт!- депті сұңқар.Сонда торғай:
-Мен шөже торғаймын.Қорбиған жүнім болмаса, Сіздің бөтегеңізге жұғын болатын қызылым жоқ.Менің қалжама не қарық боласыз? Жарымайтын нәрсеге асыл тұмсығыңызды босқа былғайсыз.Ол да ештеңе емес. «Қарны ашқан сұңқар қармауы жоқ шөже торғайға түсіп, тұмсығын былғапты» деген өзіңізге жаман атақ емес пе? Бұл сіздің атағыңызға нұқсан келтіреді ғой деймін.
-Шөже торғай осыны айтып болып, «жей беріңіз» дегендей көзін жұмып, қанатын жайып жата кетіпті.
-Сұңқар көп ойланып отырып, щөже торғайды қоя беріпті.
Сұр.Қойшы өзінің әңгімелеген оқиға желісіне байланысты не айтуы мүмкін? (Сергіту)
5.Сол сияқты мен де мына азғана қойды бағып жүрген қойшымын. Не атаным жоқ, не атағым жоқ.Менің басымды алғаныңызды елеп, сондай бір жауды жеңіпті деп,сіздің батырлығыңызды ешкім елей ме?Қайта «қолында қаруы жоқ,қасында қорғаушысы жоқ қойшыны өлтіріпті»деп күледі. Жауына әлі келмеген соң, кегін сол қол астындағы қойшыдан алыпты дейді ғой, естіген елге мазақ боласыз ғой деп аяймын.Аламын десеңіз, міне басым,- деп,қойшы тізерлеп отыра кетіпті.
Сұр:Қалай ойлайсыңдар хан қойшының басын шаба ма жоқ па? Неліктен?
6. -Хан райынан қайтып, қойшыны босатқызыпты.Сонда қойшы:
-Ей, тақсыр хан- ай, жердегі бос жатқан суды таба алмайтын басшы алып шығыпсыз.Көшпелі қос өзеннің адыры ана тұрған.Соны таппай, қолыңызды қаңсытып келесіз,келешекте қалай жол табасыз?депті.
-Осыны айтып қойшы атын тебініп қалып, қойына жүріп кетіпті.Хан қапа болып, сөзден жеңіліп, қала беріпті.
Сұр:Қойшыны ажалдан құтқарған не?
Осы ертегіге қандай түйін сөз айтуға болады?
1. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
2. Сөз сүйектен өтеді.
3. Асыл сөзге өлім жоқ
4.Орынды айтылған сөз. Орнына қағылған шеге.
5.Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.
6. Мал шөпке ,адам сөзге тоқтайды.
7. Жарлы болма, арлы бол
(тапқырлығы, ақылдылығы,әділ сөзбен жеңе білу)
1.С.Мұқановтың «Ешбір көркем кілемнің, ешбір көркем кестенің бетінен табылмайтын ғажап бояуларды көресіз!»деген сөзді қай жыл мезгіліне қатысты айтылға.
А) шілде Ә) маусым Б) тамыз В) мамыр
2.М.Иманжанов «Тек қана электр шамындай жарқырап Шолпан жұлдызы тұр» деп тәуліктің қай мезгілі туралы айтып отыр?
А) кешкі Ә) таңғы Б)түскі В) түнгі
3.Ө.Тұрманжановтың «Құп, атажан, жүгіріп.Қарайын да санайын» деген кімнің сөзі
А)Автор Ә) малсақ бала Б) қойшы В) ата
4.М.Әуезов пен Ө.Тұрманжановтің шығармасының ұқсастығы неде?
А) жазғы таң суреттелген Б) жазғы кеш суреттелге
Ә) жазғы жайлау суреттелген В) жазғы түн суреттелген
5. Заттың, құбылыстың басты белгілерін нақты бір мақсатқа қарай ашып көрсетенін мәтін.
А) сипаттау Ә) пайымдау Б) әңгімелеу В) салыстыру
1.С.Мұқановтың «Ешбір көркем кілемнің, ешбір көркем кестенің бетінен табылмайтын ғажап бояуларды көресіз!»деген сөзді қай жыл мезгіліне қатысты айтылға.
А) шілде Ә) маусым Б) тамыз В) мамыр
2.М.Иманжанов «Тек қана электр шамындай жарқырап Шолпан жұлдызы тұр» деп тәуліктің қай мезгілі туралы айтып отыр?
А) кешкі Ә) таңғы Б)түскі В) түнгі
3.Ө.Тұрманжановтың «Құп, атажан, жүгіріп.Қарайын да санайын» деген кімнің сөзі
А)Автор Ә) малсақ бала Б) қойшы В) ата
4.М.Әуезов пен Ө.Тұрманжановтің шығармасының ұқсастығы неде?
А) жазғы таң суреттелген Б) жазғы кеш суреттелген
Ә) жазғы жайлау суреттелген В) жазғы түн суреттелген
5. Заттың, құбылыстың басты белгілерін нақты бір мақсатқа қарай ашып көрсетенін мәтін.
А) сипаттау Ә) пайымдау Б) әңгімелеу В) салыстыру
Тест жауаптары 1.В
2.Ә
3.Ә
4.Б
5.А
III-топ
IY-топ

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген