400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әже - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне орай балабақшада өткізілген әжелер мен немерелердің мерекелік сайысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Әже - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары» 
Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақтың салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарын бойға сіңіру. Өнерлерін ортаға салу.


Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар, 
Әже мен немере сайысы басталмақшы, 
Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Құрметті мерекеге қатысушы халайық! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Осы мереке аясында өткізіліп отырған «Әжелер - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары»атты сайысымызға қош келдіңіздер! 

Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Әженің тәлім - тәрбиесін көріп, үйренбеген немере болмас! Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық. 

Музыкамен ортаға сайысқа қатысушы Әжелер мен немерелер кіреді.

«Қоңыраугүл» кіші тобынан

«Ландыш» тобы

«Фиалка» тобы

«Бақ-бақ» тобы

«Ботагөз» ортаңғы тобы

«Роза» тобы

«Шырайгүл» тобы

«Лалагүл» тобы

«Ромашка» тобы


Әділдікпен баға берер ортада, 
Әділдікпен қара қылды жаруға. 
Әділқазы алқаларын сайлайық, 
Нағыз Әже мен немерені таңдап бүгін алуға.


Әділқазы мүшелерімен таныстыру.

№ 3 «Гүлдер» бөбекжайының директоры: Г.Хаблакатовна.

№ 3 «Гүлдер» бөбекжайының әдіскері: Б.Сериковна.

№ 3 «Гүлдер» бөбекжайының дефектологы: Н.Базаргалиевна.


Жүргізуші:


Сайысымыз бес кезеңнен тұрады:

І – «Сәлем-сөздің анасы» Таныстыру.

ІІ – «Сыр сандық» Суретті – сұрақтар.

ІІІ – «Жаңбырмен жер көгерер,батамен ел көгерер» Бата беру сайысы.

ІV – «Өнер – ағып жатқан бұлақ» Әже мен немере өнері.

V - «Әжелердің таңсық тағамы - ай» Қазақтың ұлттық тағамдары.


Музыкамен билеп залға Наурызгүл кіреді.

(әже мен немерелер реттік нөмір бойынша орындарына жайғасады)


Сайыс пердесін ашайық, 
Сайысқа шашу шашайық. 
Әжелерді құрметтеп, 
Биден маржан шашайық. 
Би: «Гүлдер» «Ромашка» тобының қыздары


Кішкентай арулар мен әжелер де келіп жетті танысуға 
Бойындағы бар дарынды дарытуға 
Қорықпастан сахнаға келіп жетті 
Әдеппен, ізетпен танысуға.

І – «Сәлем-сөздің анасы» Таныстыру.


Әжемнің саясында ер жеттім мен 
Аялы ақ бесікте тербетілген 
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды 
Таппаймын айналсам да жер бетінен.

ІІ – «Сыр сандық» Суретті – сұрақтар.


ІІІ – «Жаңбырмен жер көгерер,батамен ел көгерер» Бата беру сайысы.


Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата - баба жолынан. 
Өнерлілер өз өнерін көрсетсін, 
Біз айталық төрелігін соңынан

ІV – «Өнер – ағып жатқан бұлақ» Әже мен немере өнері.


Тентек болсам, ашылып, 
Жақсы іс қылсам, асырып, 
Маған сақтап жүреді, 
Тәттісінде жасырып. 
V - «Әжелердің таңсық тағамы - ай» Қазақтың ұлттық тағамдары.


Жүргізуші:

Менің әжем, бұл әжем

Айтқан сөзі дәл әжем. 
Аман болса көреді 
Қызығымды әлі әжем. 

Ән:«Менің әжем айдай»
Орындайтын: «Лалагүл» тобының бүлдіршіндері Сезім мен Іңкәр


Жүргізуші:

- Ана жанын әже болсаң ұғарсың, 
Алдыңдағы ол биік құзар шың. 
Немере үшін кеуде керіп мақтанып, 
Немере үшін биіктен де құларсың. 
– дей отырып, бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі - өнегелерін отырған ұрпақтарға көрсетті деп есептеймін. Сайысымыздың қорытынды сөзін әділқазылар алқасына берейік.


Әжелерді мадақтау.


Жүргізуші:

Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар! 
Келген мына мерекеге қараңдар. 
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер, 
Тойда бүгін ойнап - күліп тараңдар!

Залға шашу шашып Әже кіреді.

Құттықтайды, бата береді. Наурыз көже мен бауырсақ ұсынады.


Әже мерейі күн көзімен пара - пар, 
Тұла бойға қуат беріп таралар. 
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан, 
Көп жасаңыз, ақ ниетті әжелер!

Осымен сайысымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп алғыс айтамыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
741
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі