400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әже мейірімі(дөңгелек үстел)

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру,ата мен әженің орны және отбасындағы ұлттық тәрбие
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Әже мейірімі!»

(дөңгелек үстел)

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері  отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсартуын, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

Отбасындағы ата мен әженің орны және отбасындағы ұлттық тәрбие.

I.Психолог тренинг өткізеді.

II.Кіріспе

III.Негізгі бөлім:

IV.“Тілек шамы”

1.”Мен үшін қымбат...” (Ой қозғау)

2.”Немере деген кім?”(Ой қозғау)

3.Әжелерге арналған ситуациялық сұрақтар



Кіріспе бөлім:

  - Сәлеметсіздер ме, құрметті әжелер! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгін № 4ЖОББ мектебімізде «Асыл әжелер!» клубымыздың ашылуына байланысты «Әже мейірімі!» атты дөңгелек үстелімізді оздырғалы отырмыз.Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің оқушыларының арнаған ән шашуы бар екен.

Олай болса,өнерлі оқушыларымызды ортаға шақырайық.

7 «а»сынып оқушысы Ильясов Даниярдың орындауында: «Асыл әжем»

Мад «а» тобының тәрбиеленушісі Асыланбекқызы Айарудың орындауында: «Балапан» әні

7 «а» сынып оқушысы Қайырғали Әділбектің орындауында:

«Әкешім- анашым»

Құттықтау сөз № 4ЖОББ мектебіміздің директоры: М.Е.Дилмагамбетовке беріледі.

Танысу тренинг

Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған дөңгелек үстеліміздің тақырыбы: «Әже мейірімі!» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала–шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі  отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің-ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты  өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуміз керек және осы отбасындағы бала тәрбиесіндегі әжелердің орны қандай болу керек теп ойлайсыздар.

Негізгі бөлім


 1.“Мен үшін қымбат...” (Ой қозғау) (Аялы алақаны, мейірімі, ыстық жүрегі, жан жылуы, махаббаты, мейірімді көздері, күлкісі)

2.“Немере деген кім?”   (Ой қозғау). (Болашағымыз, Асыраушымыз, Көмекшіміз, Ақылшымыз, Өміріміздің жалғасы, Үмітіміз, Бауыр етіміз)

3. Әжелерге арналған ситуациялық сұрақтар



1)Өз отбасыңның басшысы кім болу керек? 

2) Отбасында бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөлгені дұрыс? 
3) Ата мен әженің қазіргі таңдағы бала тәрбиесіндегі үлесі қандай? 
4) Бала тәрбиесінде әке қатал болуы керек деген пікірге

қалай қарайсың? 
5) Сіздің ойыңызша ата-анаға қыз баланы ма, әлде ер баланы

тәрбиелеу қиын ба? 

6)Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне 

көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,

деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға

беруге қалай қарайсыз?

7)Немереңіз сабақтан қашып, мектептен ерте келді,

не істейсіз?

8)Немереңіздің өнері, қандай да бір іске қызығушылығы,

бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

9)Немереңіз ұялы телефон алып бер деп жылады.

Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз.

Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды.

Сіздің әрекетіңіз?

10)Немереңіз белгілі бір пәнді ұнатпай, сабақ оқығысы

келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?

11) Отбасындағы ұлттық тәрбие дегеніміз не ?

«Асыл әжелер» клубының ашылуымен № 4 ЖОББ мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.К. Рамазановаға құттықтау сөз беріледі және «Асыл әжелер» клубының жоспарымен таныстыру.

Тілек шамы”

«Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ата-ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың   түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Ана жанын әже болсаң ұғарсың,

Алдыңда ол биік құзар шың.

Немере үшін кеуде керіп мақтанып,

Немере үшін биіктен де құларсың.

Әже мерейі күн көзімен пара -пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Өмірімізге шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңыз, ақ ниетті әжелер,-

дей отырып бүгінгі «Әже мейірімі!» атты дөңгелек үстелемізге қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.

Picture 1 Picture 3 Picture 4 Picture 2







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
46 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
4095
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі