№ 15 «Балбөбек
бөбекжайы
«Ал,кәнекей әжелер!»
сайысы
Ересектер «Қызғалдақ»
тобы
Топ тәрбиешілері:
Д.Дюсенова
А.Мырзаханова
2018 оқу
жылы
«Қызылорда
облысы,
Жалағаш
ауданы,
Мақпалкөл
ауылы
КМҚК №15 «Балбөбек»
бөбекжайы
І санат
тәрбиешісі
Дюсенова Динара
Батырбекқыз
Тақырыбы: «Ал, қанекей
Әжелер!» сайысы.
Мақсаты: Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін
үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін
күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу.
Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.
Сайыстың жүру тәртібі;
1. Ұйымдастыру. Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
2. Әже мен немерені таныстыру
3. Әділ қазылар алқасын таныстыру
4. Сайыстың шарттарымен таныстыру
5. Сайысты қорытындылау.
Армысыздар құрметті қонақтар, Әжелер, 22 - наурыз мерекесі құтты
болсын!
Бақта құстар
сайрайды
Жайнап көктем
нұрымен
Жаңа дәстүр
жырымен
Ел таурызынды тойлайды-
демекші біздің балабақшаға қош келдіңіздер!
Мерекелеріңізбен сүйікті аналар, ардақты әжелер, құрметті
апайлар!
Ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Ал,
қанекей, Әжелер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі - дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы
әжелеріміз бен немерелерін ду - қол шапалақпен ортамызға
шақырайық!
1. Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін
ботақандарымыздың асыл әжесі көп балалы ардақты ана Сағыныштай
немересі бар әжемізді қарсы алыңыздар!
2. Әже біздің күніміз
Әжемнің біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып Абзалдай ерке немересімен Бейбігул
әжейді ортаға шақырамыз.
3. Немере қамын ойлай жүретін балажан әже Махбаттың күн әжесі, нұр
әжесі, асыл әжесі Кентай әжейді ортаға шақырамыз!
Кім жеңеді сайыста үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ - қазы алқасы атыңды ақта
Жүректерге арман мен бақыт жолда.- деп әділ - қазы алқасымен
таныстырамын.
1. Біздің балбабақшамыздың әдіскері Ш. Есқұлбаева.
2. Балабақша медбекесі: Р.Опанова
Енді сайысымыздың шартымен танысайық
1. Өзін, өз отбасын таныстыру
2. Өнер сайысы қазақша ән немесе би
3. Салт - дәстүрден көрініс. Бесікке салу немесе тұсау кесу.
4. Кел, тыңдайық ертегі. «Мен әжемнің баласымын»
5. Ою оя білесіз бе?
6. Ұлттық тағам көрмесі
7. «Сыр сандық»сұрақ - жауап сайысы.
1 - Кезең Әжелеріміздің алғашқы кезеңі «Таныстыру»
Әжем болса қасымда
Көтеріңкі көңілім
Алтын әжем тілекші
Немерелер өмірін.- деп әжелеріне арнап балалар тақпақтарын
айтады.
2 - Кезең «Өнер сайысы»
Әжелеріміздің өнерін тамашалайық.
Би билегім келеді.
3 - кезең Ұлттық салт - дәстүрден
көрініс.
Анам мені тербетіп,
Өсіп кеттім ержетіп
Сол бесігім үйімде
Сақтаулы тұр төрімде.- деп бесікке салу немесе
Жолың болсын деселік
Жолыңа нұр төселік
Жарылқасын алдыңнан
Тұсауыңды кеселік.- деп тұсау кесу рәсімі жасалады.
4 - кезең Кел,ергегі
тыңдайық «Мен әжемнің баласымын»
5 - кезең. «Ою оя білесіз бе?»
Әжелерге қағаз қайшы беріледі. Ойған оюларын айтып түсіндіреді.
6 - кезең. «Сыр сандық» сұрақ жауап сайысы. Әр әжеге 1 - билеттен
беріледі, 1 - билетте 3 сұрақтан жазылған.
Сұрақтар; 1 - билет
1. «Тілашар» қай кезде жасалады.
2. Дастархан басында қандай ескертулер жасалады.
3. Ұйқасын тап: Өзінше ноян, қорқақ кім?....
2 - Билет
1. Жеті ата қалай аталады?
2. Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе?
3. Ұйқасын тап: Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар....
3 - билет
1. Үш арсыз қалай аталады?
2. Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелеген?
3. Ұйқасын тап: Тұмсығымен шымшып, құрт тереді....
7 - кезең. Ұлттық тағам көрмесі.
Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығарып
таныстырайық.
Қорытынды бөлім.
Әділ қазылар алқасына сөз беріліп,
Әжелерімізге сыйлар, номинациялары беріледі.
1. «Білгір әже»
2. «Мейірбан әже»
3. «Алтын оймақты шебер әже»
4. «Бұлбұл әнші әже»
5. «Балқаймақ әже»