Әже тұлғасы- ұлы өнеге бұлағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әже тұлғасы- ұлы өнеге бұлағы

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз мерекесіне орай жас жеткіншектердің бойына әжелердің қадір-қасиетін ,өнегелі өмірін,үлкенді сыйлауға,ақыл кеңестерін тыңдауға,ұлттық салт –дәстүрімізді бойларына сіңіре отырып,адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ШҚО Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылы «І.Жансүгіров атындағыорта мектебі» КММ Куньязова Г.О.

Әже тұлғасы- ұлы өнеге бұлағы

Мақсаты:8-наурыз мерекесіне орай жас жеткіншектердің бойына әжелердің қадір-қасиетін ,өнегелі өмірін,үлкенді сыйлауға,ақыл кеңестерін тыңдауға,ұлттық салт –дәстүрімізді бойларына сіңіре отырып,адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Слайд,мақалдар,шарлар.

Барысы Ұйымдастыру кезеңі

1-жүргізуші.Көнеден жаңаға бет алған әжелер образы қазақ халқының салт-дәстүрімен, тәлім-тәрбиесімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әженің рөлі айтарлықтай. Бесікке салу, бесік жырын айту, шілдехана секілді салт-дәстүрге әже тікелей қатысты. ХVІ-ХVІІІ ғасырда батыр бабаларымызбен бірге батыр әжелеріміз өзінің жерін қорғаған. Сол заманның өзінде-ақ қоғамдағы әжелер орны айқындалғанын байқатады.

2-жүргізуші.Әжелер –  барлық тәрбиенің, барлық құндылықтың бастауында тұрады. Әрине, ежелден қазақ халқының нәзік жандылары таққа отырып, ел басқармаған, ерінен бұрын сөз бастамаған. Осылайша әжелер өнегесі – ұрпақтанұрпаққа ұласып, ғасырдан-ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі болып саналады. Бұл – ұлттық бол­мы­сымызға тән қа­сиет әрі құндылық.

3-жүргізуші.Бесіктен тамыр тартқан тәрбие келе-келе әже мен немере ара­сындағы көзге көрінбейтін нәзік бір байланысқа, екеуі жазбай тү­сінетін ортақ психологияның қалыптасуына алып келген. Обал, сауап, ынсап, парыз, аманат, борыш, қанағат секілді ұғымдар маңызының айқындалып, бала санасына тереңнен сіңуіне де әже ықпалының айрықша болғаны да айдан анық. Яғни әрбір отбасындағы әже тұлғасы – ұлы өнеге бұлағы.

Мұғалім:Иә,балалар, бүгінгі іс-шарамыз әже мен немере жайлы болғандықтан ,әже мен немере арасындағы туыстық байланысты анықтап алайық.

(Оқушылар ойларын ортаға салады 1-оқушы.Әже-әкенің анасы.Ел іші,отбасы бүтіндігін ойлайтын ел анасы.

2-оқушы.Әже салт-дәстүрді сақтап,кейінгі жастарға от басының,дастархан берекесін,,абысындар бірлігін сақтайтын тәрбиеші әрі ақылгөйі, тілеу қоры.

3-оқушы.Әже алтын босаға,сырлас,дос,ана.

4-оқушы.

Әпкем - әже баласы,
Әкем - Әже баласы.
Апамыздың ағасы –
Ол да әжемнің баласы.
Анам дейді мамашым:
Әже деген шамасы –
Аналардың анасы.
1-жүргізуші.Иә, әрқашан еркелетіп ертіп ертіп жүрер әжелеріміз болғанға не жетсің!Әженің тәлім-тәрбиесін көріп,өнегесін үйренбеген немере болмас. 2-жүргізуші.Тіпті ұлы адамдардың өзі де әжесінің тәлім-тәрбиесімен сусындап өскен. 3-жүргізуші.-Сендер сондай ұлы ақын,жазушылардан кімдерді білесіңдер? (балалардың жауабы)

5.Абайдың әжесі Зере немересі Ибраһимді еркелетіп Айналайын Абайым, Атқа тоқым жабайын. Сыртта жүрген анаңды, Қайдан іздеп табайын, - деп бесік жырымен тербеткен.

6.«Шоқанның шын аты - Мұхамедқанапия. Әжесі Айғаным парасатты, терең ойлы әрі көреген, өзінің заманына қарай білімді болған. Немересін еркелетіп Шоқан деп атап кеткен екен.

7.Дінәсіл Мұхтар Әуезовтің әжесі мейірімді, жұмсақ мінезді адам болған. Немересі сүйкімді, кішкентай Мүхтарды еркелетіп: «Қоңыр қозым» деп атаған. 6 жасар Мұхтарды ұлы Абайта апарып, ақ батасын алғызған

Дұрыс айтасыңдар,балалар.

1-жүргізуші.Қазақ қоғамының сүт бетіндегі қаймағындай болған азаматтарының, тарих парағына есімі өшпестей етіп қашалған тұлғалардың қалыптасуында да әжелердің сіңірген еңбегі зор болған ғой. Мұхтардың әжесі Дінәсілдің ұрпағына берген тәлім-тәрбиесі мен рухани мұрасы таусылмас қазына емес пе еді?

2-жүргізуші.Ел тарихында бір рулы елге ана болып,ел бірлігін сақтаған Ұлы Абайдың әжесі Зеренің бейнесі,Шоқан үшін халық даналығының сарқылмас қазынасы болған Айғаным ханым ұлан-байтақ елдің аналары.

3-жүргізуші.Әже – отбасының ғана емес, әулеттің ұйытқысы, ағайын-туыстың бірлігін, абысынның татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жас келіндердің тәрбиешісі әрі ақылшысы. Сондықтан да қазақ қоғамында тұңғыш немерені әженің бауырына салады. Бұл тек біздің халыққа ғана тән қасиет. (Ендеше,балалар,әжелер рухына бас иейік)

Мұғалім:Ал,өз әжелерің туралы не айтар едіңдер? (Әже туралы сыр) Өз әжелері туралы айтады.(1-2 оқушы)

Ән «Әже» 1-жүргізуші.Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы халыққа жолдауында: «Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта қандай күйде көргіміз келеді.Біз осынау қарапайым да маңызды сұраққа бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз»- деп атап көрсеткен. 2-жүргізуші.Сендер осыған қалай жауап берер едіңдер? Ол үшін сендер не істей аласыңдар? Үлестерің қандай? Оқушылардың пікірі. 8.Біз де келешек ұрпағымыздың білімді,елінің салт-дәстүрін сақтайтын,қарттарын қадірлей білетін, отанына адал болғаның қалаймыз. 9.Біз үлкен болып қартайғанда балаларымыз бен немерелеріміз сыйлауы үшін жақсы тәрбиелеуіміз керек деп ойлаймын.

Күй ойналады.

1.Әжем менің жыр әжем, Шуағы мол нұр әжем. Ақ таяққа сүйеніп, Аман есен жүр әжем 2.Аялап ақ әженің алақаны, Тербелді тал бесікте балапаны. Әженің бесік жыры әлдиінен, Нәр алып балапаны қанаттанды. 3.Әжем шағын зауыттай, Ас пісірер жалықпай. Қолдан шыққан мәзірі, Қуандырар бәріңді. 4. Әже, әже, жатпашы,
Ауыр ойға батпашы.
Болайын мен дәрігер,
Десең; «Шипа дәрі бер!» -
5.Дәрі жасап берейін,
Бәрін жасап берейін.
Ауыртпаймын әжемді,
Ауырмайсың, әже, енді.
6.Әже деген көп шығар,
Әжемдейі жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
7.«Айналайын» дегені
Жанға рақат береді.
Көңіліңді табады
Әнді қалай салады.
8.Ертекке ол сенеді-
Күнде айтып береді.
Ертек қандай көп еді
Таусылмай-ақ келеді.
9.Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді.
Барған сайын қонаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді.
10.Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз. Ән: 1-жүргізуші .Әже әлдиі бесік жырының құдіретті күші. 2-жүргізуші. Жұмақ – ананың табанының астында 3-жүргізуші.Әрбір отбасында әже баланың еңбекқор болуына қолөнерге үйренуіне,өнерпаздыққа,бауырмалдық адами құндылықтарды бойына сіңіруіне үлес қосады. Әженің батасы.

Қорытынды: Міне, балалар, біз салт-дәстүр, тәлім –тәрбиенің барлығын әжелерден алып,бойымызға сіңіреді екенбіз.Бойымызға әжелер тәрбиесін сіңіріп,ақылды,білімге құмар,адамгершілік қасиеттерді бойымызға жинап өсетін болсақ,Елбасымыз қойып отырған ұлы мақсат – бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосыла алатынымызға сенімдімін.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
1537
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі