400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әжеге қонаққа барамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріктірілген ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балдырған» балабақшасы



Келісілді______ Бекітемін______ Әдіскер: Дементьева Н.А Меңгеруші: Салиева Қ.С




«Әжеге қонаққа барамыз»

(кіріктірілген ашық оқу іс-әркеті)

«Бота» орта тобы






Тәрбиеші: Оңғарбаева.Г.А






2013-2014 жыл




Технологиялық карта


Білім беру саласы: «Таным» «Әлеуметтік орта»

Оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру (жолда жүру ережесі)

Қоршаған ортамен таныстыру (салт-дәстүр)

Тақырыбы: Әжеге қонаққа барамыз (кіріктірілген ашық оқу іс-

әрекеті)

Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерінің жол белгілерін таныстыруды жалғастыру. Жол қауіпсіздігін сақтаудың адамдар өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Ұлттық салт-дәстүр, тұрмыстық бұйымдарды атай білу дағдыларын дамыту. Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: бағдаршам – светофор, әже – бабушка.


Іс-әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-оятушылық

Шаттық шеңбер

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы!

Балалар шаттық шеңберін қимыл-қозғалыс және қызығушылықпен жасады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Осы сәтте тәрбиешінің телефонына әже хабарласады.


«Балапан» тобындағы балаларды Наурыз мерекесімен құттықтап, балаларды Наурыз көже ішуге қонаққа шақырады.


Тәрбиеші балаларға әженің қонаққа шақырғанын хабарлайды.

-Ал, балалар, әженің ауылыныа қонаққа баруға дайындалайық.

Ауылға бару үшін бізге көлік керек, бәріміз бірге көлік іздейік.


Кенет тәрбиеші көлді көреді.


-Балалар, көлде қандай көліктер жүр?


Бұл кемелер бізді әжеміздің ауылына апара алмайды, себебі өзен ол ауылға бармайды.


Енді темір жол бекетіне келеді. Балалар ондағы көрген көліктерін атайды. Кенет тәрбиеші аспаннан бір көлікті көреді, балалар көлікті атайды.


Жолда дүкен кездеседі. Тәрбиеші әженің немересіне бір сыйлық сатып алуды ескертеді.

-Балалар, дүкенде қандай көлік түрлері бар екен?

Жеке-жеке көліктердің түрлерін атайды. Әженің немересіне өзіне ұнаған бір көлікті сатып алады. Тәрбиеші: - Балалар, бізге осы автобус көлігі керек. Бізді осы көлік жеткізе алады.

Барлығы үлкен жолға келіп тірелді, тәрбиеші жолдың арғы бетінде бір белгіні көреді.


Қандай белгіні көріп тұрсыңдар балалар?


Демек бұл жерде автобус тоқтайды. Бізге жолдың арғы бетіне өтуіміз қажет. Ол үшін қандай жолдан өтеміз?


Балалар түрлі-түсті көзі бар тағы бір белгіні көріп тұрмын, ол қандай белгі екенін білесіңдерме?


Бағдаршам бізге не үшін қажет? Түрлі-түсті көздерінің қандай қызметі бар?


Балалар, бағдаршам туралы тақпағымызды айтайық.


Бағдаршам туралы тақпақ


Қызыл көзін ашқында,

Аяғыңды баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба.


Бағдаршамның көзінің қызыл көзі жанды. Не істеу керек балалар?


Сары көзі жанды. Енді не істейміз?


Қолымызда қызыл жалаушамыз бар. Балалар сап түзеді. Бағдаршамның жасыл көзі жанды. Енді не істейміз?


Балалар аялдамаға келдік. Автобуста келіп тұр екен. Автобусқа отырғанда қандай ережені сақтауымыз керек?


Ендеше балалар автобусқа отырайық! Әжеміздің ауылына осы көлік барады. Көңілді әуен ойналып, балалар «Жолың болсын жолаушы» әнін айтады.


Балалар әженің ауылына келді. Әже балаларды күтіп алады.

Сәлеметсіңдерме балалар!

Келіңдер төрлетіңдер!


Тәрбиеші балаларға киіз үйдің ішіндегі мүліктердің атын айтқызады.


Әже: - Жарайсыңдар балаларым! Сендер бәрін біледі екенсіңдер.

Тәрбиеші балаларға Наурыз туралы тақпақ, өлеңдерін айтқызады. Әже балаларға риза болады.


Тәрбиеші балаларды ойын ойнатуға ұйымдастырады. «Соқыр теке»


Әже риза болды, өзінің Наурыз көжені қалай жасалатынын түсіндірді. (бидай, май, пияз, ет, қатық, қамыр, тұз және т.б. дәнді дақылдар қосып жасайды) Әже Наурыз көже дайын болғанша, өзінің немересін бесікке салар алдында жасалатын рәсім «тыштырма» дәстүрін жасауды көрсетті. Балаларға түсіндіріп, көрсетіп, тәтті таратып береді. Енді әже балаларды Наурыз көже ішуге ас үйге шақырады.




Балалар әженің ауылына қонаққа баруға асықты.





Балалардың жауабы.





Қайықтар, кемелер.







Пойыз, паравоз.



Ұшақ, тікұшақ. Олар әуеде ұшады.

Балалар тәрбиешінің көмегімен жауап беруге тырысты.

Жолда жүретін көліктер. Жедел жәрдем, сақшы көлігі, жүк көлігі, автобус.





Аялдама.


Ақ жолақ жолмен. Ол-жаяу жүргіншілерге арналған жол.






Бағдаршам.



Балалар бағдаршам көшедегі көліктердің, көше тәртібін реттейтінін айтады.










Орнымызда қозғалмай тұрамыз.


Жолдан өтуге дайындаламыз.



Балалар ақ жолақпен жолдың арғы бетіне өтеді.


Автобус терезесінен басымызды, қолымызды шығармау керек. Көлік жүргізушіге кедергі келтірмеу, үлкен кісілерге орын беру керек.

Балалар әжемен амандасып, киіз үйге төрге шығады.




Мүліктердің аты: шаңырақ, уық, кереге, сандық, бесік, келсап.

Балалар қызығушылықпен ойнайды.



Балалар әженің айтқанын мұқият тыңдайды.

Тосын сыйға қатты қуанып, тыштыма-тыштыма деп тәтті кәмпит береді.

Рефлексивтік-түзету

Әже балаларға тосын сыйларын таратып беріп, Наурыз көже ішуге ас бөлмеге кетті.

Балалар әженің жасаған сыйлығына қуанды.


Күтілетін нәтижие:


Білу керек: Жолда жүру ережелерін біледі.

Болу керек: Тұрмыстық бұйымдарды атауды.

Үйрену керек: Тұрмыстық бұйымдарды атауды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1116
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі