15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Әжелер отбасы берекесі"
№4 ЖО ж ҚББМО жанындағы «Балбұлақ»
шағын орталығы әдіскері А.Д.Джунусова
«Әжелер отбасының берекесі» сайысы
Мақсаты: Жанұядағы
әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты
нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік
сезімдерін арттыру. Қазақтың салт-дәстүр,
әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру. Баланы
кішіпейідікке, қарт адамдарды құрметтеуге
тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Осы мереке күніне орай ардақты асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған
«Әжелер отбасының берекесі» » атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Құрметті әжелер, армысыздар,
Бәріңізде есен-саумысыздар.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.
Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді әжелер
Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге– дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду-қол шапалақпен ортамызға шақырайық!
1
Бізге
әркез тілекші боп жүретін
Қуанышымызға
ортақ бола білетін
Мейірімді әже –
Хансұлу әжені ерке немересі Әмірбекпен
ортаға шақырамыз
2.Әже
біздің күніміз,
Әже біздің гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір
сүріңіз,-дей отырып, .
Гүлшат әжемізді егіз немерелері Гүлназ , Дильназбен бірге қарсы алайық
3
Таусылмайды
өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит
алып келеді – деп Ханапия әжені,
немересі Әділжанмен ортаға шақырайық.
4
Әжем болса қасымда
Көтеріңкі
көңілім
Алтын әжем тілекші
Немерелер өмірін деп Марал әжейді
немересі Ернармен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Кім
жеңді сайыста үміт алда,
Қобалжу бар
жүректе, күдік барда
Әділқазы алқасы
атыңды ақта,
Жүректерге арман мен
бақыт жолда- деп әділқазы алқасымен
таныстыру.
Сайысымызды бастамас бұрын әдемі әнге кезек берейік .Мектебіміздің әнші қызы Сайданың орындауында «Наурыз-думан »әні.
Жүргізуші:
Әжем
менің аялаған,
Құшағынан сая табам
Қанша
жақсы болсадағы
Сендей әже қайда
маған? - деп бүгінгі асыл әжелерімізге
арналған сайысымызды бастаймыз.
І. «Сәлем –сөздің анасы»Таныстыру.
Жүргізуші:
Кішкентай
бүлдіршінмен әжелер де келіп жетті
танысуға,
Бойыңдағы бар дарынды
дарытуға
Қорықпастан сахнаға келіп
жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға.
(әжесі
мен немересі өздерін таныстырады.)
ІІ. «Өнерлі өрге жүзер» Отбасылық өнер (ән, би, мәнерлеп оқу т.б.)
Жүргізуші:
Қазақ
халқы өнегелі бай ел екен
Өнер деген
мол қазына кең екен
Би билеп,ән айтп
жырламайтын,
Өнерсіз қазақ деген кем
екен,-деп өнерлерін тамашалаймыз
Әже
маған үлгі сөзіңіз.
Өнегесіз
өзіңіз.
Жақсылыққа
талпынар.
Біздің
нағыз кезіміз.
Жақсы
деген немене
Жаман
деген немене.
Осындайда,
әжетай
Айтыңызшы
өнеге.
ІІІ
кезең «Салтым - асыл қазынам». Ұлттық
салт-дәстүрден көрініс.
Жүргізуші:
Анам
мені тербетіп,
Өсіп кеттім ер жетіп.
Сол
бесігім үйімде,
Сақтаулы
тұр төрімде – деп бесікке салу рәсімін
Хансұлу әжеміз көрсетеді.
1.
Хансұлу әже «Бесікке салу».
2.
Гүлшат әже « Қырқынан шығару»
3.
Ханапия әже «Тілашар тойы» Шашу
4
Марал әже «Наурыз көже»құрылымымен
таныстыру .
Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға
Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда
Қол өнер әдемі сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда дегендей біздің сайысымыздың
4. кезеңі «Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын» деп аталады. Қолөнер сайысы.
Ана жанын әже болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол биік құзар шың.
Немере үшін кеуде керіп мақтанып,
Немере үшін биіктен де құларсың.– дей отырып бүгінгі сайысымыз да мәреге жетті. Бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі-өнегелерін мына отырған ұрпақтарға көрсетті деп есептеймін. Енді сайыс қорытындысы шыққанша әнші қыздарымыздың орындауында « Наурыз келді » әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Мен
өзіңнен қайда жүрсем біргемін,
Күн
нұрындай жадырай бер күлгенің.
Асыл
сөзің жүрегімде жүр менің,
Қандай
бақыт ортамызда жүргенің –деп сайысты
қорытындылау үшін сөзді әділқазылар
алқасына береміз.
Сайыс қортындысын тыңдау
Номинация
Әжелерді
құттықтау (сөз беру).
Әжелерді марапаттау.
«
Парасатты әже» Хансұлу
әже
«Өнерлі
әже» Марал
әже
«Шебер әже» Гүлшат
әже
«Дана
әже» Ханапия
әже
- Немере үшін ең мейірімді жан – әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. «Жан жүрегім, жарығым» деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін де әже. Олай болса қадірменді қауым әжелердің ақ тілегі көпшілік үшін тәрбиелік мәні зор деп ойлаймын. Сол әжелердің жолын біздерге берсе екен деп әжелеріміздің бүлдіршіндерге арналған лебізін тыңдайық (1 әжеге тілек айтқызу).
Жүргізуші:
Сіздерменен
жадырайды өңіміз,
Сіздерменен жарасады
сәніміз.
Аяулы әжем,асыл әжем,дана
әжем,
Сіздерге кеп бас иеді бар әлем!
Деп бүгінгі
мерекеге арналған сайысымызды аяқтаймыз.
Әжелерімізге ұзақ ғұмыр, отбасыңызға
амандық, шаңырағыңызға береке бірлік
тілейміз.Көріскенше күн нұрлы болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген