Әжелер сайысы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әжелер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
8 Наурызға арналған әжелер мен немерелер арасындағы Сайыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Асыл әжем – ғасыр әжем !» сайысы.
Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Қазақтың салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарын бойға сіңіру. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.


Армысыздар құрметті қонақтар, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын!Осы мереке күніне орай ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Дәстүрімнің балқаймағы - әжелер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі ,–

дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду - қол шапалақпен ортамызға шақырайық!

  1. Әже біздің күніміз
    Әже біздің гүліміз.
    Балаларды қуантып
    Ұзақ өмір сүріңіз,

дей отырып, Жаңылсын әже мен ерке немересі – Нұрисламды ортаға шақырамыз.
2.–Бізге әр кез тілекші боп жүретін,
Қуанышымызға ортақ бола білетін,
Мейірімді әже Маржан әже, Каусар немересімен бірге қарсы алайық.

3.Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді – деп Гүлжамал әжені, немересі Гүлденмен ортаға шақырайық.

4. Сүйікті әже –

5.Аяулы әже

6.

7.

8.

Кім жеңеді сайыста үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ - қазы алқасы атыңды ақта
Жүректерге арман мен бақыт жолда.

- деп әділ - қазы алқасымен таныстырамын.

1.

2.

3.


Енді сайысымыздың шартымен танысайық:

І.Таныстыру «Сәлем – сөздің анасы»

ІІ. «Өнерлі өрге жүзер»Отбасылық өнер (ән, би,мәнерлеп оқу т.б.)

ІІI. Әжелер жарысы( Ұршық иіруден)

ІV. «Сыр – сандық» сұрақ-жауап сайысы

V.«Салтым-асыл қазынам» Ұлттық салт - дәстүрден көрініс.

Әжем менің аялаған
Құшағынан сая табам
Қанша жақсы болса-дағы
Сендей әже қайда маған?деп бүгінгі сайысымызды бастаймыз.


I.Таныстыру «Сәлем – сөздің анасы»

Кішкентай бүлдіршін мен әжелер де келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға. 
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға.
(Әжесі мен немересі өздерін таныстырады).

Ән: «ана туралы»


ІІ. «Өнерлі өрге жүзер»Отбасылық өнер (ән, би,мәнерлеп оқу т.б.)

Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына кең екен.
Би билеп, ән айтып жырламайтын,
Өнерсіз қазақ деген кем екен, – деп өнерлерін тамашалаймыз.

ІІI. «Әжелер жарысы» (ұршық иіру)

Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығып таныстырайық.

ІV. «Сыр – сандық» сұрақ-жауап сайысы

Осымен бұл қызықты сұрақтарға
Өнегелі жауап алсақ. 
Үйрендік білмегенді осы жолы, 
Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Әжелерге берілетін сұрақтар:
1.Немереңізді қалай еркелетесіз?
2.немереңіздің мінезі қандай?
3.Сізге қандай сыйлық береді?
4.Немереңізге қандай тамақ әзірлейсіз?
5.Қандай бала сүйкімді?
6.Немереңіз болашақта кім болады?
7.Қалай жазалайсыз?
8.Мақтаншақ болса қайтесіз?
9. Бойында қандай кемшілігі бар?
10. Үнемі айтатын ақылыңыз
1.Немереңіз сабаққа барайын деп дайындалып жатыр.Сіздің іс-әрекетіңіз.
2.Немереңіздің ұйқысы келер емес,қалай ұйықтатасыз?.
3.Немереңіздің достары келіп тұр,ойнағысы келеді.Сіздің іс-әрекетіңіз.



V. «Салтым-асыл қазынам» Ұлттық салт - дәстүрден көрініс.
Анам мені тербетіп,
Өсіп кеттім ержетіп
Сол бесігім үйімде
Сақтаулы тұр төрімде.- деп бесікке салу рәсімін
әжеміз жасайды.

Әлпештеген баласын,
Ана - бақыт ана жыр,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.- деп «Бесік жырын»
әжеміз айтады.

Жолың болсын деселік
Жолыңа нұр төселік
Жарылқасын алдыңнан
Тұсауыңды кеселік.- деп тұсау кесу рәсімі жасалады.Тұсау кесу рәсімін жасау
әжемізге беріледі.


Мен өзіңмен қайда жүрсем біргемін
Күн нұрындай жадырай бер күлгенің
Асыл сөзің жүрегімде жүр менің
Қандай бақыт ортамызда жүргенің, -деп сайысты қорытындылау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Номинация:

Сіздерменен жадырайды өңіміз
Сіздерменен жарасады сәніміз
Аяулы әжем,асыл әжем,дана әжем
Сіздерге кеп бас иеді бар әлем!-деп бүгінгі мерекеге арналған сайысымызды аяқтаймыз.Әжелерімізге ұзақ ғұмыр,отбасыңызға амандық,шаңырағыңызға береке,бірлік тілейміз













«Асыл әжем – ғасыр әжем !» сайысы 1-4 сынып.
Сайыскерлерді бағалау парағы:

Отбасының аты-жөні

Таныстыру«Сәлем – сөздің анасы»


«Өнерлі өрге жүзер»

(өнер: ән, би,мәнерлеп оқу, қолөнері т.б.)

Ұршық иіруден жарыс

«Сыр – сандық» сұрақ-жауап сайысы

«Салтым-асыл қазынам» Ұлттық салт - дәстүрден көрініс

































































Құрметті: ------------------------

Сізді «Асыл әжем – ғасыр әжем» сайысына немереніз ------------------ бірге қатысуға шақырамыз.

«Асыл әжем – ғасыр әжем» сайысының бағдарламасы:

1.Таныстыру

2. Отбасылық өнер (ән, би,мәнерлеп оқу т.б.)

3. Ұршық иіруден жарыс.

4. «Сыр – сандық» сұрақ-жауап сайысы

5.«Салтым-асыл қазынам» Ұлттық салт - дәстүрден көрініс.

Өтетін уақыты: 6наурыз 2024жыл

Сағат 15:00



























































«Асыл әжем – ғасыр әжем» сайысының бағдарламасы:

1.Таныстыру

2. Отбасылық өнер (ән, би,мәнерлеп оқу т.б.)

3. Ұршық иіруден жарыс.

4. «Сыр – сандық» сұрақ-жауап сайысы

5.«Салтым-асыл қазынам» Ұлттық салт - дәстүрден көрініс



































































Армысыздар, қадірменді қонақтар,

Армысыздар, ақ жаулықты әжелер!

Өзім жайлы қысқаша таныстырсам

Әкем қойған ерке қыз Гүлден мен болам.

Ән де сала білемін, би де билеп беремін,

Жақсылыққа үйреткен өз әжемді сүйемін.



Әжем менің пісірген,

Қызыл күрең бауырсақ.

Шықпай қояр түсіңнен

Біраз жемей сағынсақ.

Ата-баба тағамы

Несі айып, сағынсақ.



Ата-әжем мақтаған

Менің атым Ерасыл

Тақпағым бар жаттаған

Осы күнге сақтаған

Өзім кіші болсамда

Таудай үлкен талабым.

Өнерімді көріңдер.

Көріп баға беріңдер.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2024
404
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі