"Әжелер" сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әжелер" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің әжелеріміз бар екенін оларды сыйлауды үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әжелер сайысы

Мақсаты: оқушыларды әжесін сыйлауға, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына адами қасиеттерді сіңіру

Көрнекіліктері: суреттер, нақыл сөздер, оқушылар шығармашылығынан көрме

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1-Гүлим

2-Серикбол

1.Құрметті әжелер, армысыздар

Бәріңіз де есен-саумысыздар

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де

Үлкен-кіші, жасыңыз, кәріңіз де

Төрлетіңіз қадірменді әжелер

Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге

2.Немере үшін ең мейірімді жан-әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. «Жан жүрегім, жарығым» деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін де әже. Олай болса қадірменді қауым әжелердің ақ тілегі тойға жиналған көпшілік үшін жақсылықтың нышаны деп ойлаймын. Сол әжелердің жолын біздерге берсе екен деп тілеймін

1.Әжемнің саясында ер жеттім мен

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаймын айналсам да жер бетінен

2.Даярлық сыныбында әжелер арасында өткелі отырған «Әжелер сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің бұл сайысымыз атында тұрғандай әжелер және олардың немерелері арасында өтпек. Барлық сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып сайыста жеңістен үміткер сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар\әжелерді таныстыру\

1. Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі сайысымызда ардақты әжелеріміздің әділ бағаларын беретін әділқазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Әділқазылар алқасына мына кісілер ұсынылып отыр. Ендеше, таныс болыңыздар. \әділқазылармен таныстыру\

2.Біздің сайысымыз мына кезеңдерден тұрады

1- кезең: Жеті атасын білген ер

Жеті жұрттың қамын жер

\Таныстыру кезеңі/

1.2- кезең Өнерлінің қолы алтын

Өлеңшінің сөзі алтын

\әжелер жүн түтіп жіп иіреді, өз қолынан жасаған бұйымдарын көрсетіп таныстырады. Ал немересі дайын оюды жапсырады/

2.3-кезең: «Халық тәлімі – тәрбие бастауы» деп аталады.

\Әжелер берілген уақыт ішінде тыйым сөздер, немересі алдын ала берілген тақырыпқа сай мақал-мәтелдерін айтып береді\

1.4- кезең Әже «Бесік жырын» орындайды немересі өз өнерін көрсетеді

2.5- кезең Сұрақ-жауап берілген сұрақтарға жауап беріледі

1.6-кезең «әжелердің жеңсік тағамы-ай»\жасап әкелген ұлттық тағамын әділқазылар алқасына көрсетулері/

ІІ. Негізгі бөлім

1.Ендеше сайысымызды бастаймыз

Жеті атасын білген ер

Жеті жұрттың қамын жер- дегендей сөз кезегі әжелерге беріледі әжелер мен немерелері өздерін таныстырады.

2.Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға

Сат-дәстүрі халқымның жалғасуда

Қол өнер асқан сәнділікпен

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда дегендей біздің 2-кезеңіміз

Өнерлінің қолы алтын

Өлеңшінің сөзі алтын деп аталады

Бұл кезеңде \әжелер жүн түтіп жіп иіреді,құрақ көрпелерін көрсетеді, немересі дайын оюды жапсырады

1.3-кезең қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының бірі-тыйым сөздер, мақал-мәтелдер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен, жат пиғылдан орынсыз қылық,теріс мінездерден сақтандырады. Олай болса біздің келесі кезеңіміз «халық тәлімі-тәрбие бастауы» деп аталады. Әжелеріміз уақытқа қарай тыйым сөздер, немерелері мақал-мәтелдер айтады

2.Әжем менің жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр әжем

1.Тентек болсам ашылып

Жақсы іс қылсам асырып

Маған сақтап жүреді

Тәттісін де жасырып

2.4- кезең әже бесік жырын орындайды. Немересі өз өнерін көрсетеді

1.5-кезең әжелері мен немерелеріне сұрақтар беріледі сол сұрақтарға жауап беруі керек

2.6- кезең Әжелердің жеңсік тағамы-ай деп аталады. Әр топтан өздері жасап әкелген ұлттық тағамдарын әділқазыларға көрсетулерін сұраймыз. Ал оқушылар өздерінің салған суреттері туралы айтады

1.Ана жанын әже болсаң ұғарсың

Алдыңдағы ол биік құзар шың

Немере үшін кеуде керіп мақтанып

Немере үшін биіктен де құларсың- дей отырып бүгінгі сайысымыз да мәреге жетті.

2.Бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі-өнегелерін мына отырған ұрпақтарға көрсетті деп есептеймін. Енді сайыс қорытындысы шыққанша бүлдіршіндерге кезек берейік

1.Көне көз әжелеріміздің бүлдіршіндерге арналған лебізін тыңдайық. Сайысты қортындылау. Әжелерді құттықтау, марапаттау

2.Әже мерейі күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

1.Өмірімізге шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңыз ақ ниетті аналар-дей отырып бүгінгі сайысымызға қатысқан асыл әжелерімізге көп рахмет айтамыз. Сіздердің үлгі-өнегелеріңізді өскелең ұрпақ жалғастырады деген ойдамыз

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.07.2018
631
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі