Материалдар / "Әжелер сайысы"балабақша
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Әжелер сайысы"балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әжелер сайысы" балабақша тәрбиеленушілерінің әжелеріне балабақша мен ата -аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған сайыс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
4034
20 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Бала өмір жалғасы ,халықтың мұрагері,әже тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны туралы түсінік беру.Қазақтың ұмытылып келе жатырған салт-дәстүрлерімен кішкентай бүлдіршіндерімізді таныстыру.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті әжелер, армысыздар,

Бәріңізде есен-саумысыздар.

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен кіші,жасыңыз,кәріңізде.

Төрлетіңіз қадірменді әжелер.

Гүл-гүл жайнап мынау біздің төрімізге.

Немере үшін ең мейірімді жан-әже.Ақ сүт берген аналарымыздың ,әкелеріміздің анасы-әже. «Жан-жүрегім, жарығым»деп немересін ,шөбересін жүрегіне теңейтін де әже.

Әжемнің саясында ер жетем мен

Аялы ақ бесігі тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды,

Таппаймын айналсамда жер бетінде.

Балабақшамыздағы «Ақ көгершін» тобы мен «Қошақан»тобының әжелерінің сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты әжелерімізге әділ баға беретін әділ қазылар алқасын сайлайық.

Біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

1.кезең: «Сәлем сөздің анасы» (таныстыру)

2.кезең: «Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын» (қолөнер)

3.кезең: «Халық тәлімі тәрбие бастауы» (мақал-мәтел)

4.кезең: «Сыр сандық» (Сұрақ-жауап)

5.кезең: «Қазағымның салт-дәстүрлері -ай» (Салт – дәстүрмен таныстыру)

6.кезең: «Әжелердің таңсық тағамы-ай» (Қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстыру)

1.кезең: «Сәлем сөздің анасы» дегендей сөз кезегі өздеріңізге беріледі.Немерелер әжелерін таныстырады.

Жүргізуші:Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға,

Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда,

Қолөнер әдемі сәнділікпен

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда,-дегендей біздің 2 .кезеңіміз «Сыр сандық» деп аталады яғни алдарымыздағы сұрақтарды алып жауап беріп көрейік.

1 сұрақ

1.Тілашар қай кезде жасалады?

2.Балаларңызға дастархан басында қандай ескерту көп жасайсыз?

3.Ұйқасын табыңыз:Өзінше ноян,қорқақ қоян.

2 сұрақ

1.Жеті ата қалай аталады? (Ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене)

2.Немелеріңізге ертегі айтып бересіз бе? (бір ертегі айтып беріңіз)

3.Ұйқасын табыңыз:Үні ғажап дүлдүл,Бақта сайрар бұлбұл.

3 сұрақ

1.Үш арсыз қалай аталады? (ұйқы арсыз,тамақ арсыз,күлкі арсыз)

2.Қазақ халқы баласына қандай тәрбие береді? (Басқа ел халықтарынан ерекшелігі)

3.Ұйқасын табыңыз:Тұмсығымен теріп шымшып,Құт тереді шымшық.

4 сұрақ

1.Әженің бала тәрбиесіндегі маңызы қандай?

2. Бес дұшпанды атаңыз. ( Өсек,өтірік,еріншек,мақтаншақ,бекер мал шашпақ)

3.Ұйқасын табыңыз:Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

5 сұрақ

1.Базарлық деген не? (Алыс жолдан ат арылтып келген адамдар құр қол келмей өздерінің базарлықтарын ала келген)

2.Қазақстан республикасының рәміздерін атаңыз.(Ту,елтаңба,әнұран)

3.Ұйқасын табыңыз:Аю отыр партада

6 сұрақ

1.Немереңізге айтатын бесік жырын айтып беріңіз.

2.Сүйінші қай уақытта сұралады? (Қуанышты жаңалық,хабар болған жағдайда біреу естіртерде сүйінші сұрайды)

3.Ұйқасын табыңыз:Ұзын құлақ сұр қоян….

Жүргізуші:Қазақ халқының үлгі , тәрбие құралдарының бірі мақал-мәтелдер.Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен , жат пиғылдан , орынсыз қылық , теріс мінездерден сақтандырады. Олай болса біздің 3 кезеңіміз «Өнерлінің қолы алтын» деп аталады әжелерімізге үй тапсырмасы берілген болатын өз қолдарынан жасаған заттарымен таныстыру.

Жүргізуші:Әже маған үлгі сөзіңіз,

Өнегесіз өзіңіз.

Жақсылыққа талпынар

Біздің нағыз кезіміз.

Жамандық деген немене

Осындайда әжетай ,

Айтыңызшы өнеге,-деп кезекті «Халық тәлімі тәрбие бастауы»атты 4 кезеңіне береміз.Мақал мәтелдің жалғасын табу.

1 мақал.

1.Сабырлының бағына алма бітер,

Сабырсыздың бағына қауға бітер

2.Құр судан май шықпайды,

Құр сөзден мән шықпайды.

3.Мал басынан байланады,

Адам тілінен байланады.

2 мақал.

1.Көп қыдырған кезбе болар,

Көп сөйлеген езбе болар.

2.Сезген емес,білгеніңді айт,

Естіген емес көргеніңді айт.

3.Ақымақ ішкен жегенін айтады,

Ақылды көрген білгенін айтады.

3 мақал

1.Ақылды жігіт атқа да отырар,

Таққа да отырар.

2.Ағайын –туғанның қызығы алыс-беріс,

Құдалықтың қызығы барыс-келіс.

3.Жақсының айтқан ақылы,

Алуа ,шекер балмен тең.

4 мақал

1.Жаманмен жолдас болсаң кесірі жұғар,

Жақсымен жолдас болсаң несібі жұғар.

2.Адал еңбек аздырмас,

Арамдық бойды жаздырмас.

3.Еңбек етпесең елге өкпелеме,

Егін екпесең жерге өкпелеме.

5 мақал

1.Ермек қуған пәлеге жолығады,

Еңбек қуған қазынаға жолығады.

2.Жүйрік тоқтығын білдірмес,

Жомарт жоқтығын білдірмес.

3.Бала күлкіге тоймас,

Жаман ұйқыға тоймас.

6 мақал

1.Айтулы достың малы бір,

Кемедегінің жаны бір.

2.Еңбек етте мақтан,

Ойнап күлде шаттан.

3.Жаның сау болса ,сорлымен деме,

Тәнің сау болса,жарлымын деме.



Жүргізуші:Қарттық деген қасиетті ұғым бар,

Мен өзіңнің пейіліңмен жалындар.

Балалардың болашағын аңсаған,

Бойларығда бір керемет жылу бар ,-дей келе «Қазағымның салт дәстүрлері -ай» яғни 5 кезеңімізге береміз.Әжелеріміз қазақы салт-дәстүрден көрініс көрсетеді.

Жүргізуші: Әжем шағын зауыттай,

Ас пісірер жалықпай

Қолдан шыққан мәзірі,

Тіл үйірер балдай,-деп соңғы кезеңіміз 6 кезең «Әжелердің таңсық тағамы-ай»деп аталады ,әжелеріміз үйден дайындап әкелген ұлттық тағамдармен таныстырады.

Жүргізуші:Ана жанын әже болсаң ұғарсың,

Алдыңдағы ол биік құзар шың.

Немере үшін кеуде керіп мақтанып,

Немере үшін биіктенде құларсың,-дей келе бүгінгі сайысымызда мәреге жетті.Бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелерімізге өздерінің үлгі өнегелерін мына отырған ұрпақтарына көрсетті деп есептеймін.

Марапаттау

Жүргізуші:Әже мерейі күн көзімен пара пар,

Тұла бойға қуат беріп таратар.

Өзімізге шуақ шашып әрқашан,

Көп жасаңыз ақ ниетті әжелер,-дей отырып бүгінгі сайысқа қатысқан ақ ниетті әжелерімізге көп рахмет айтамыз.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!