Материалдар / Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі

Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
әжелер мектебі
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Абылай хан атындағы №4 орта мектеп»

КММ-нің






Ашық тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі!»







Сыныбы 4 «Б»

Сынып жетекшісі: Есимова Ж.С.

Тақырыбы: «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі!»

Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақтың салт - дәстүр, әдет – ғұрыптарын бойға сіңіру. Өнерлерін ортаға салу.

Жақсылық

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Аслан

Бал бөбегін баптаған.

Әжем үшін мақтанам!

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын жақсы адам.

Мұхтар

Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі - әжем.

Мұғалім : Қадірменді қонақтар, ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Әженің тәлім - тәрбиесін көріп, үйренбеген немере болмас! Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық.

Ади

Кішкентай арулар мен әжелер де келіп жетті танысуға

Бойындағы бар дарынды дарытуға

Қорықпастан сахнаға келіп жетті

Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Таныстыру

Әр топ өз ауылдарын таныстырады.

Айсұлтан

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Бүгінгі мейрамды «Әжетайым» әнімен бастайық!

Мұрат Рамазан

Өнегесіз, сіз бізге,

Жақсылыққа талпынтар,

Біздің нағыз кезіміз.

Жақсы деген немене?

Жаман деген немене?,

Осындайда, әжетай

Айтыңызшы өнеге?





Түелбай Рамазан

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Мұғалім: «Білгенге маржан» Әжелерге – тыйым сөздер, немересіне – мақал - мәтелдер беріледі сол берілген нақыл сөздер мен

мақал –мәтелдерді жалғастыру керек. Мағынасын түсіндіру керек.

Білім туралы мақал-мәтелдер:

1.Оқу- білім азығы,

Білім- ырыс қазығы,


2.Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

*** 

3.Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

***

4.Білімдіге дүние жарық.

Білімсіздің күні ғаріп.

*** 

5. Жер - ырыстың кіндігі,

Білім - ырыстың тізгіні.


ә) Ата-ана, отбасы туралы

1.Карға баласын “аппағым” дейді.

Кірпі баласын “жұмсағым” дейді.


2.Ана алдында құрмет,

Ата алдында қызмет.


3.Ананың ізін қыз басар,

Атаның ізін ұл басар.


4.Ана сүті бой өсіреді,

Ата тілі ой өсіреді.

5.Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.

Ақылды бала: "ай - күнім — анам" дейді.

6.Ақ жаулығы ананың

Ақ көрпесі баланың.

7. Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.

8.Атадан өсиет,

анадан қасиет.
9.Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.

10.Атаның салған жолы бар,
Ананың тіккен қолы бар.
Тыйым сөздер!

  • Дастарханды, тамақты баспа.

  • Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.

  • Малды, ыдысты, тамақты теппе. 

  • Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.

  • Көкті жұлма, шашыңды жұлма.

  • Үй айнала жүгірме.

  • Босағаны керме, құшақтама.

  • Табалдырықты баспа, отырма.

  • Үйді сабама, малды басқа сабама.

  • Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.

  • Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма.

  • Итке ожаумен ас құйма.

  • Түнде үй сыпырма, түнда тырнағыңды алма.

-

Әжелер биі

Түелбай Рамазан,Базарбаев Бекжан. Мұрат Батыр

Бекжан

Тентек болсам, ашынып,
Жақсы іс қылсам, асырып,
Маған сақтап жүреді
Тәттіні де жасырып.
Келгенімше мектептен
Күтеді ылғи асығып.
Ұрысады апам, жатса егер
Кітаптарым шашылып.
Паналаймын сонда оны
Мойынына асылып.

Ринат
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай
Әжетайым бар менің!

Батыр

Менің әжем, бұл әжем

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем.

Менің әжем, нар әжем

Көп жасаған кәрі әжем.

Ауырғанда мен үшін

Әр сүйгені дәрі әжем.

Менің әжем, жыр әжем

Шуағы мол, нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп

Аман – есен жүр, әжем!




Қол өнері     халқымның    өрістесін,

Әрқашан     Алла     берсін     берекесін.

Осымен     жыр     кестесін     аяқтаймын,

Өнерлі    жастарымыз     өсіп     өнсін.-дей келе әжелерімізді ортаға шақырамыз! Шебердің қолы ортақ демекші,

«Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі»әр әжемізден бір өнегелі іс үйренсек!

-Әжелер ортаға шығып өз шеберліктерін көрсетеді.


-Жағдаяттан шығу, әрбір әже өзіне берілген жағдаяттан шығады.


-4 Б сынып сұлуларының орындауында «Әжетайым» әнін қабыл алыңыздар!


Ясина

Данышпан Әжем менің жаның таза,

Мейріммен сөзін айтқан күн шуақта.

Білімді, қайдан жидың парасатты,

Өзіңдей ақыл айтқан Сократ та.


Жансая

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!


Құрметті қонақтар, әжелер мен оқушылар! «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне де жақындады.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі