жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Әжемнің жіп шумақтары"
Бекітемін.
Күні:
Тобы: II-ші кіші топ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Сурет салу
Тақырыбы: Әжемнің жіп шумақтары
Мақсаты: а) балаларды түрлі түсті фломастерлермен жіп орамының суретін салуға, фломастерді қатты қыспай, қағаздың ортасынан бірнүктені белгілеп, сол жағынан жоғарыдан бастап қолды үзбей дөңгелетіп салуды үйрету;
ә) балалардың қол қимылдарының қозғалысын дамыту;
б) ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: ойын ,түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Қолданылатын көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: әртүрлі жіп орамдары, әр балаға бір-бірден сары қағаз, фломастерлер.
Сөздік жұмыс: нүкте, орам.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Айсұлудың үйдегі мысығы ойнап жүріп әжесиниң жіп шумақтарын тарқатып тастапты.Айсулу сендерден сол жіп шумақтарын орауға көмек сұрай келіпті. Педагог өткенде әдемі жіптердің суретин салғандарың есине салып өтеді. Себеттегі жіптерді балаларға таратып береді. -Алдарыңда тұрған жіптерді орап, Айсұлудың әжесіне көмектесулеріңе болады.
|
Балалар ынта қойып тыңдайды.
Балалар естеріне түсіреді. |
Ұйымдастыру-іздестіру
|
«Жіп орамы » ойыны Ойынның
шарты:Балаларға себеттегі тарқатылған
жіптерді беріп орату. Жіпті орап
болған балалар жіптің түсін атап,
түрлі-түсті себеттерге салулары керек
.
- Балалар, енді әже сендердің ақылды, епті екендеріңді білетін болды.
Сергіту сәті: Бір дегенде орнымызда тұрайық, Қолымызға жіпті ұстап алайық, Екі-үш рет жібімізді орайық, Қайта барып орнымызды табайық.
-Балалар, сендер Айсұлудың әжесіне жіптерін орап бердіңдер, Айсұлу сендердің суретті де жақсы салатыңдарыңды біледі, енді жіп орамының суретін салып берулеріңді сұрайды.ол үшін ауада бірнеше рет жаттығу жасап көрейік. Қарындаштарын алып, бір нүктеден бастап қолды үзбей сызық сызуға жаттығады.
Педагог балаларға қағаздың сол жағынан, жоғарыдан бастап ортасынан бір нүктені белгілеп, қолды үзбей дөңгелетіп, жіп орамын салу керектігін көрсете отырып, үлгіге қарап бірнеше жіп орамдарын салып, балаларға да осылай салуды ұсынады. Қиналған балаларға көмек көрселіліп, бағыт-бағдар беріледі.
Айсұлу балалардың жұмысын мадақтап, әжесі мен өзіннің атынан алғысын білдіріп, себеттегі жібін әжесіне алып баратынын айтып қоштасады.
|
Балалар алдарыңдағы тұрған жіптерді орап, түстеріне сай себеттерге салады.
Балалар өлең жолдарыңдағы сөздерге сәйкес қимылдар жасайды.
Бірнеше жіп орамдарын өздеріне ұнаған түсте салады.
Балалар үлгі бойынша жіп орамдарын салады.
Салған жұмыстарын Айсұлуға көрсетеді.
Балалар Айсұлумен қоштасады. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Педагог балалардың жұмысынан көрме ұйымдастырып, бүгінгі жұмысқа кімнің қалай қатысқанын айтып қорытындылайды.
|
Балалар өздерінің жұмыстарын тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жіптің орау арқылы жиналатынын.
Қандай түсініктерді игерді: жіптердің түстерінің әр түрлі болатындығын.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жіп орамының суретін қағаз бетіне бір нүктеден бастап қолын үзбей салуды.
Бекітемін:
Күні:
Тобы: 1-ші кіші топ
Білім беру саласы: "Таным"
Бөлімдері: Құрастыру
Тақырыбы: "Машина"
Мақсаты: Балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру; Тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып, машина құрастыра білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар, ойын.
Қолданылатын құралдар мен көрнекіліктер: жеңіл машина және автобустың суреті, құрылыс материалдары; түрлі-түсті текшелер.
Сөздік жұмыс: алға, артқа
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа, Батамыз да қаламыз. Әңгімелесу. Тәрбиеші екі түрлі машинаны: жеңіл машина мен автобустың суреттерін көрсетіп, балалардан қандай машина екенін сұрайды. Суреттерді тақтаға іліп, айырмашылығын айтуларын өтінеді. |
Балалар өлеңді қайталап, қимылдар жасайды.
Балалар жеңіл машина, автобус екенін айтады. - Жеңіл машина кіші, автобус үлкен,- деп жауап береді. - Автобусқа көп адамдар отырады |
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Құрылыс материалдарын көрсетіп, түсін, көлемін сұрайды. Енді осы материалдардан қандай машина құрастыруға болатынын көрсетеді. Ол үшін: - Бір сары кірпішті және бір қызыл текшені аламыз. Сары кірпіштің үстіне қызыл түсті текшені орналастырамыз, суретке мұқият қарап алыңдар, сонда машина дайын болады. Кірпішті және текшені дұрыс орналастыра білуге басым көңіл бөлінеді.
Ойын: "Менің машинам" Текшені сары кірпіштің үстіне ауыстырып қою арқылы алға қарай, артқа қарай машинаның жүру бағытын өзгертуге тапсырма береді.
Ойын: "Бағдаршам" Тәрбиеші үш түсті дөңгелектерді: қызыл, сары, жасыл бағдаршам түстерін кезек көтеріп көрсетеді. Қызыл түс- қозғалмау; Сары түс - дайындалу; Жасыл түс - жүру.
|
Кірпіштер, текшелер. Түстері сары, қызыл, жасыл. Балалар өздері таңдаған кірпіштерден түстеріне сәйкес машинаны құрастырады.
Балалар өздері құрастырған машиналарын үстел үстінде текшені кірпіштің "алдына" және "артына" қою арқылы бағытын өзгерте отырып жүргізіп ойнайды.
Балалар орындарынан тұрып, қызыл жанғанда қимылдамай тұрады, жасыл жанғанда орындарынан жүреді, сары жанғанда қолдарын қозғалтып, дайындық жасайтындарын қимыл-қозғалыспен көрсетеді. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Тәрбиеші балалардан қандай машиналармен танысқандарын сұрайды. Машиналар қалай жүрді? - Алға, артқа жүру үшін не істедік? Құрылыс материалдарымен жұмыс жасаудағы жетістіктері, түстерді ажырата алуына сәйкес іс-әрекет барысында балаларға мадақтаулар жасалады.
|
Балалар машиналар қалай бағытын өзгерткенін және ойындар ұнағанын айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: машинаны екі түрлі құрылыс материалдарынан: кірпіш және текшеден құрастыруды және түсі, көлемі, пішінін ажырата алуды;
Қандай түсініктерді игерді: "алға" және "артқа" деген ұғымдарды меңгерді және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: "Шығармашылық
Бөлімдері: «Сурет»
Тақырыбы: «Әжемнің жіп шумақтары»
Тобы: 1-ші кіші топ
Тәрбиеші : Ахметова А
«Ерке-наз» балабақшасы»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген