400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әжемнің жіп шумақтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы





№14 «Самал» бөбекжай - бақшасы













Қызылорда қаласы



Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет салу

Тақырыбы: Әжемнің жіп шумақтары

Тәрбиеші: Қапанова Қ

«Ботақан»тобы



































Бекітемін:

Күні:

Тобы: ІІ-ші кіші топ



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет салу

Тақырыбы: Әжемнің жіп шумақтары


Мақсаты: а) Балаларды түрлі-түсті фломастерлермен жіп орамының суретін салуға, фломастерді қатты қыспай, қағаздың ортасынан бірнүктені белгілеп,сол жағынан жоғарыдан бастап қолды үзбей дөңгелетіп салуды үйрету;

ә) Балалардың қол-қимылдарының қозғалысын дамыту;

б) Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Ойын, түсіндіру,көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауаптар.

Қолданылатын көрнекіліктер: Демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: Әртүрлі жіп орамдары, әр балаға бір-бірден сары қағаз,фломастерлер.

Сөздік жұмыс: нүкте,орам.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінін іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Айсұлудың үйіндегі мысығы ойнап жүріп,әжесінің жіп шумақтарын тарқатып тастапты.Айсұлу сендерден сол жіп шумақтарын орауға көмек сұрай келіпті.


Педогог өткенде әдемі жіптердің суретін салғандарын есіне салып өтеді.Себеттегі жіптерді балаларға таратып береді.

-Алдарыңда тұрған жіптерді орап,Айсұлудың әжесіне көмектесулеріңе болады.


Балалар ынта қойып тыңдайды.





Балалар естеріне түсіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру











«Жіп орамы» ойыны

Ойынның шарты: Балаларға себеттегі тарқатылған жіптерді беріп орату.Жіпті орап болған балалар,жіптің түсін атап,түрлі-түсті себеттерге салулары керек.


-Балалар,енді әже сендердің ақылды,епті екендеріңді білетін болды.

Сергіту сәті:

Бір дегенде орнымыздан тұрайық,

Қолымызға жіпті ұстап алайық.

Екі-үш рет жібімізді орайық,

Қайта барып орнымызды табайық.


-Балалар, сендер Айсұлудың әжесіне жіпті орап бердіңдер,Айсұлу сендердің суретті де жақсы салатындарыңды біледі,енді жіп орамының суретін салып берулеріңді сұрайды.Ол үшін ауада бірнеше рет жаттығу жасап көрейік.

Қарындаштарын алып,бір нүктеден бастап қолды үзбей сызық сызуға жаттығады.


Педагог балаларға қағаздың сол жағынан, жоғарыдан бастап ортасынан бір нүктені белгілеп,қолды үзбей дөңгелетіп,жіп орамын салу керектігін көрсете отырып,үлгіге қарап бірнеше жіп орамдарын салып,балаларға да осылай салуды ұсынады.



Қиналған балаларға көмек көрсетіліп,бағыт-бағдар беріледі.


Айсұлу балалардың жұмысын мадақтап,әжесі мен өзінің атынан алғысын білдіріп,себеттегі жібін алып баратынын айтып қоштасады.

Балалар алдарындағы тұрған жіптерді орап,түстеріне сай себеттерге салады.













Бірнеше жіп орамдарын өздеріне ұнаған түсте салады.











Балалар үлгі

Бойынша жіп орамдарын салады.









Салған жұмыстарын Айсұлуға көрсетеді.


Балалар Айсұлумен қоштасады.

Рефлексивті-түзетушілік


Педагог балалардың жұмысынан көрме ұйымдастырып,бүгінгі жұмысқа кімнің қалай қатысқанын айтып,қорытындылады.

Балалар өздерінің жұмыстарын тамашалайды.




Күтілетін Нәтиже:


қайталайды: Жіптің орау арқылы жиналатынын.


Түсінеді: Жіптердің түстерінің әр түрлі болатындығын.


Қолданады: Жір орамының суретін қағаз бетіне бір нүктеден бастап қолын үзбей салуды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
774
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі