Материалдар / «Әжемнің текеметі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Әжемнің текеметі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойындар арқылы танымдық,ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту, іс – тәжірибе жасауға қызығушылығын арттыру. Халқымыздың мәдени мұрасын жаңғырту, ата- бабаларымыздың асыл қазынасының бірі жүннен жасалатын бұйымдар туралы, жүннді қалай пайдаланатыны туралы мағлұмат беру. Жүннен киіз басуды, ою-өрнектерді безендіру үйрету. Жұмыс барысында балалардың шеберлігін, ой- өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, көрсету үлгісі бойынша жұмыс жасай білуге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2023
1009
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Әжемнің текеметі»

Мақсаты: Ойындар арқылы танымдық,ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту, іс – тәжірибе жасауға қызығушылығын арттыру. Халқымыздың мәдени мұрасын жаңғырту, ата- бабаларымыздың асыл қазынасының бірі жүннен жасалатын бұйымдар туралы, жүннді қалай пайдаланатыны туралы мағлұмат беру. Жүннен киіз басуды, ою-өрнектерді безендіру үйрету. Жұмыс барысында балалардың шеберлігін, ой- өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, көрсету үлгісі бойынша жұмыс жасай білуге баулу.

Көрнекілігі: В.Воскобовичтің «Күлгін орман» тақтасы, текемет, қойдың ақ және боялған жүндер, су сепкіш, сабынды су, тор мата, сабау таяқшалары, қазақтың ою- өрнектері, жайлау бейнеленген суреттер, ермексаз, гуашь бояуы.

Әдіс – тәсілі:  көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, жасату.

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

Мейрімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Апайлар сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.

Балалардың назарын В.Воскобовичтің «Күлгін орман» тақтаға аудару.

-Балалар, тақтадан ненің бейнесін тамашалап тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар.

Бұл жайлау бейнесі. Жайлауды кімдерді, нелерді көріп тұрсыңдар?

Олар не істеп жатыр?   

Балалардың жауаптарын тыңдау.

- Дұрыс айтасыңдар. Жайлауда киіз үй тігіліп тұр. Балалар жүгіріп ойнап жүр. Әжелеріміз тамақ жасап жатыр, аталарымыз текеметтің устінде шай айтып отыр.

- Бүгінгі бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы осы текемет туралы болады. Тақырып бойынша білімімізді толықтыру үшін «Білім» еліне саяхатқа шығамыз. Онда бізді түрлі тапсырмалар күтіп тұр.

Дайынбыз ба?

 1. «Әдебиет әлемі»

Тақтадан текеметтің суреті көрсетіледі, мағлұмат беріледі.

Текемет – сәндік-қолданбалы өнер туындысы, бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы.

   Ол қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй ішіне жылылықпен қатар әсемдік те әкеліп әрі киіз үйдегі адамдарды астынан өтетін сыздан қорғап, аурудың алдын алу рөлін де атқарады. Текемет күзем жүннен жасалады. Оның көлемі әр түрлі. Алдымен қойды қырқады, тазартады, сабап, шыбықтайды, жуады, бояйды, кептіреді. Текеметтің бейнесін құрудың өзіндік ерекшеліктері бар.  

«Текемет» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

 2. «Айналаны тану әлемі»

 Көрме жасау. Төрт – түлік мал туралы әңгіме жүргізіп, олардың пайдасы туралы әңгімелеу. Жүндерінен текемет жасайтынын атап өту.


Сергіту жаттығуы.

Киіз үйдің төрінде

Текемет тұр жайылып.

Қос аққудың бейнесі

Жарасып тұр сән құрып.


 3. «Шығармашылық әлемі»

  Әженің аулына келіп қалғандарын айтып, әжемізбен сәлемдесу. Әженің тапсырмасын орындау. Балаларды үш топқа бөліп, үш түрлі тапсырма беру.

Топқа бөлу: текемет пішіндермен

 1 – тапсырма: Жүнмен киіз бастыру.

 2 – тапсырма :Текеметті  ою – өрнектер жапсырып тігу.

 3 – тапсырма: Текеметті ермексазбен жасату.

Әжеміз балалардың жұмыстарын ұнатып, оларға кәмпит салынған қоржын береді.

  Балалардың жұмыстары  мадақталып, тобымызға оралу.

 Сұрақ – жауап:

-          Балалар, сендерге саяхат ұнады ма?

-          Қандай аялдамалар кестесті?

-          Ол аялдамаларда қандай тапсырмалар орындадық?

-          Әжеміздің тапсырмасы ұнады ма?

- Текеметті неден жасайды?

Бағалау : «Білім қоржыны » арқылы

-Балалар бүгінгі әрекет ұнаса өте жақсы түсінсе жасыл асықты қоржынға салу, жақсы түсінсе сары асықты салу, әліде іздену керек болса қызыл асықты қоржынға салу.

-Жарайсыңдар, балалар! Маған да сендердің оқу іс-әректке белсене қатысып, жұмыстарды жасағандарың ұнады. Рақмет! Қонақтарымызбен қоштасайық.

 





















Жоспары:

1. Жылулық шеңбері

2 . В. Воскобовичтың «Күлгін орман» ойыны

3. «Әдебиет әлемі»

4. «Айналаны тану әлемі»

5. Сергіту жаттығуы.

6. «Шығармашылық әлемі»

7. Топқа бөлу:

1 – тапсырма: Текеметті жүнмен бастыру.

 2 – тапсырма :Текеметті  ою – өрнектер жапсырып тігу.

 3 – тапсырма: Текеметті ермексазбен жасату.

8. Рефлексивті-түзеткшілік кезең: сұрақ-жауап

9. Бағалау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!