-
Балалар қазір далада жылдың қай
мезгілі ?
Балалардың
жауабы: күз мезгілі.
Дұрыс
айтасыңдар қазір жылдың күз мезгілі.
-
Күзде ауа райы қандай болады?
Балалардың
жауабы: суық болады.
Дұрыс
айтасыңдар, қазір күз айының соңғы
айы далада өте суық.
Билингвальді
компонент:
күз – осень – autumn
Жағдаят
кезеңі:
Телефон
шырылдайды. Алло бұл кім екен :
Сәлеметсіз
бе әже ! Халыңыз қалай ? Әрине барамыз
, сізге көмектесеміз.
Балалар
бізді әже ауылға үйіне шақырып жатыр.
Ауылға әженің үйіне барамыз ба балалар
?
Балалардың
жауабы: Әрине барамыз.
Ендеше
кеттік, балалар ауылға жету үшін біз
көптеген тапсырмаларды орындауымыз
керек.
№
1
тапсырма:
Балалар
ауылға тез жету үшін біз төте жолмен
жүруіміз керек сонда тез жетеміз. Ал
төте жолымыз иір – иір жол екен. Ен
деше осы жолмен жүріп өтейік.
Балалар
ирелеңдеген жолмен жүріп өтеді.
Тақтада
жасырылған суреттер болады.
-
Балалар мында жасырылған суреттер
бар екен. Мен әрқайсысын ашып көрсетемін,
ал сендер сол суретке қарап артикуляциялық
жаттығуларды жасауларың керек. Балалар
шеңбер болып тұрады.
Суретте:
Ат, қоңырау, піл, шар, кірпі, тосаптың
суреттері болады. Балалар дыбыс шығару
арқылы артикуляциялық жаттығуларды
көрсетеді.
№
2
тапсырма:
Балалар
жолымызды жалғастырайық. Мына жерде
көпір бар екен .Бір аяқпен өтуіміз
керек. Балалар бір аяқтап өтеді.
Міне
біз әженің үйіне де жетіп келдік.
Сәлеметсіз
бе әже , біз келдік.
Әже
:
сәлеметсіңдер ме балалар, келгендеріңе
қуаныштымын, айналайындарым сол.
Сендер маған көмектесуге келдіңдер
ме ?
-
Ия біздің балалар сізге көмектесуге
келді.
Әже:
менің үй жануарларымның төлдері
аналарынан адасып қалыпты. Сендер
соны тауып беруге көмектесесіңдер
ме?
Балалардың
жауабы: көмектесеміз әже сізге. Мында
нелерді көріп тұрсыңдар ?
Балалардың
жауабы: Сиыр, ат, қой , ит, мысық.
-
Балалар бұл қандай жануарлар?
Балалардың
жауабы:
Үй жануарлары
Дұрыс
бұл үй жануарлары.
Үй
жануарлары қалай дыбыстайды екен,
көрсетіңдерші ?
Балалар:
Сиыр мө-мө-мө, ат ио-ио-ио, қой бә-бә-бә,
ит аф-аф-аф , мысық мияу-мияу- мияу деп
даусын салады.
Енді
осы үй жануарларын төлдерін анасымен
қосамыз .
Балалар
екі топқа бөлінеді, бірінші топ тақтада
анасымен төлін сызық арқылы қосады.
Екінші топ үстел – үстінде анасына
төлін табу арқылы қосады.
Үстел
үстіндегі суреттермен жұмыс жасайды.
№
3
тапсырма
Әже
: жарайсыңдар
балалар сендер анасына төлдерін тауып
бердіңдер. Енді менің бау – бақшамдағы
жемістерім мен көкөністерім пісіп
жерде төгіліп жатыр, соны жинауға
көмектесесіңдер ме?
-
Балалардың
жауабы:
әрине көмектесеміз.
Балалар
мынау әженің баубақшасы. Әжеге
жемістер мен көкөністерді жинауға
көмектесуіміз қажет, өйткені әжеміз
қартайды , белі ауырады екен.
Шарты:
ол үшін жемістер мен көкөністерді
түстеріне қарай бөліп, үш кәрзеңкеге
ажыратып салуымыз қажет.
Балалар
ажыратып жинайды.
Жарайсыңдар
балалар, тапсырманы өте жақсы
орындадыңдар
Әже:
сендер бау – бақшадағы жемістерім
мен көкөністерімді жинауға маған
үлкен көмек көрсеттіңдер рахмет
балапандарым. сендер саусақ ойындарын
білесіңдер ме ?
-
Әрине әже, біздің балалар саусақ
ойындарын біледі, қанекей балалар
көрсетейікші.
Саусақ
ойын жаттығуы.
Қуыр
– қуыр , қуырмаш
Балапанға
бидай шаш
Апаң
келсе есік аш
Қасқыр
келсе мықтап бас
Сен
тұр – қойыңа бар!
Сен
тұр – жылқыңа бар!
Сен
тұр – ешкіңе бар!
Сен
тұр – сиырыңа бар!
Сен
тұр – түйеңе бар!
Жарайсыңдар
балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер.
Әже біздің балабақшаға қайтатын
уақытымыз болды. Сау болыңыз әже!
|