Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әженің ауылына саяхат
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Педагог: Каипбердиева Г.Т.
Пәндік орта: Танымдық-зияткерлік, шығармашылық іс – әрекет дағдыларын дамыту.
Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы: «Әжемнің ауылына саяхат»
Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Көрнекілік арқылы 6,7,8,9,10 сандарының пайда болуымен, 0-ден 9-ға дейінғі цифрмен таныстыру. Шынайы бейнесіне қарап, сандарды мүсіндеу.
Міндеттері
Білімділік: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру; жасырылған тапсырмаларды орындай білу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балаларды көрнекілік арқылы сандардың пайда болу дағдысын дамыту; ермексазбен сандардың шынайы бейнесіне қарап мүсіндеу дағдысы мен қолдың ұсақ маторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, эстетикалық дағдыны сақтай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сергіту сәті, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, мүсіндеу.
Құрал-жабдықтар: сандар, компьютер, аудио таспа, ойынға қажетті заттар, хат, қоржын, ермексаз, тақтайша, майлықтар.
Қостілділік компоненті: сан-цифр, әже-бабушка, қонаққа барамыз- идём в гости.
Сөздік жұмыс: әженің ауылына қонаққа бару, асық, құрт.
-
Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қонақтармен амандасып, шаттық шеңберімен ұйымдастырылған іс-әрекетімізді бастайық.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жайнай түсті қаламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
-
Рефлексиялық түзетушілік
Балалар, бізге ауылдан әжеміз қоржын беріп жіберіпті. Ол қоржын жай қоржын емес сияқты. (Қоржынды ашады.)
Мұнда бір хат салып жіберіпті хатта былай депті. «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді өзімнің ауылыма қонаққа шақырамын. Ол үшін сендер бірнеше асықтары бар аяладамалардан өтулеріңе тура келеді. Әр аялдамаларда асықтарда тапсырмалар жасырылған. Олай болса, өздеріңнің тапқырылықтарыңды көрсетіп, менің ауылыма жылдам жетіңдер»
Тәрбиеші: Балалар ол үшін біз әр аяладамаларда берілген асықта жасырылған көптеген тапсырмаларды орындауымыз керек. Сендер дайынсыңдар ма?
Олай болса, біз ауылға бару үшін автобусқа мінейік. (Тәрбиеші автобустың рөлін ұстап, балалар тәрбиешіден ұстап, автобусқа мініп саяхатқа аттанады).
Тәрбиеші: Балалар, біз міне бірінші аялдама «Сиқырлы сандар» аялдамасына келдік.
1 аялдаманың тапсырмалары
1 асық тапсырмасы: 1-ден 10- ға дейінгі сандарды тура және кері сана.
Балалар 1-ден 10-ға дейінгі сандарды барлығы бірге тақтада ілініп тұрған сандарды көрсетіп тура және кері санайды. Жақсы дұрыс санаған балаларды атап өтіп, мадақтау.
(Бірінші асықты қоржынға салады)
2 асық тапсырмасы: «Көршісін тап» ойыны
Шарты: тәрбиеші бір баланы шығарып кез келген санды айтады сол санды бала алады 1,2,3 дегенде келесі екі бала келіп, көрші сандарды тауып алып орындарына тұра қалады. Ойын барвысында жақсы қызыға белсенді қатысқан балаларды мақтап, атап өтіп, ойынды қорыту.
(Екінші асықты қоржынға салады.)
3 асық тапсырмасы: 10- ға дейінгі сандарға санамақ айтыңдар.
Бастарында сандар киген балалар шығып әр санға байланысты санамақтар айтады. Барлық бала санамқты жақсы айтқаны үшін соңында балалар мадақталды. (Үшінші асықты қоржынға салады.)
Тәрбиеші: Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.
Екінші аялдама «Кім жүйрік?» аялдамасына келдік.
2 аялдаманың тапсырмалары
1 асық тапсырмасы: «Кілемшені пішіндерден құрастыр»
Шарты: балалар геометриялық пішіндерді бір-бірден алып, түсін, пішінін, қостілділік компонентке тоқталып өтіп пішіндердің түстеріне, пішіннің атауына орыс тіліндегі аудармасын атап өтеді. Үшбұрыш-триугольник, қара-зеленый, тіктөрт бұрыш- прямоугольник, шеңбер-круг. Пішіндерді орындарына орналастырып қою арқылы кілемше құрастыру. Соңында, балалар белсенділігі үшін мадақталды. (Төртінші асықты қоржынға салады.)
2 асық тапсырмасы: «Саусақ жаттығуын» жаса. Тапсырманы орынау үшін балалар орындарына отырады.
Саусағымыз айқасып,
«Жеңемін» деп шайқасып,
Бірін-бірі тартады.
Білекке сенім артады. Жарайсыңдар, балалар өте жақсы керемет!
(Бесінші асықты қоржынға салады.)
3 асық тапсырмасы: Дидактикалық ойын: «Санына қарай суреттерді орналастыр»
Шарты: Түрлі заттардың суретін сандарына қарай өз орындарына жапсыру. Ойын барысында тапсырманы орындау қиынға соққан балаға жеке көмек беру. Ойын соңында өзін белсенді көрсетіп алғашқы болып орындаған балаларды мадақтау. (Алтыншы асықты қоржынға салады.)
Тәрбиеші: Балалар енді апта күндеріне байланысты сергіту сәтін қимылмен жасап алайық.
Сергіту сәті:
Дүйсенбіде доп ойнадық далада,
Сейсенбіде серуен құрдық аулада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік бақшадан,
Сенбіде кино көрдік клубтан,
Жексенбіде үйде болып демалдық.
Тәрбиеші келесі аялдама «Ғажайып есептер» аялдамасына да келіп жеттік.
3 аялдаманың тапсырмалары
1 асық тапсырмасы: Дидактикалық ойын: «Кірпіге көмектес»
Шарты: Ағашта алма мен алмұрттарды қосу, азайту арқылы мысал есептер құрастыра отырып, кірпіге есеп шығаруға көмектесеміз. Шыққан санды (жауабын) себетке жапсырамыз. Есепті дұрыс орындап, өзінің алғырлығын көрсеткен балаларды мадақтау.
(Жетінші асықты қоржынға салады)
2 асық тапсырмасы: Сұрақ-жауап (ауызша есеп) орында.
-
Айлинде 5 алма, Азаматта 3 алма кімнің алмасы көп? Кімнің алмасы аз?
-
Таразының оң жағында 4 кг қант бар, ал сол жағында 6 кг қант бар? Салыстырайық. Қайсысынңы салмағы ауыр? Қайсысыныңкі жеңіл?
-
Раминаның қолында 3 қарындаш, Мариямның қолында 3 қарындаш. Салыстырайық. Кімнің қарындашы көп? Кімнің қарындашы аз немесе бірдей, тең? Логикалық есепті жеке балалардан сұрай отырып, дұрыс жауап берген балаларды мақтап, мадақтау. (Сегізінші асықты қоржынға салады.)
3 асықтың тапсырмасы: «Сандарды мүсінде» (топтық жұмыс)
Шарты: Балаларды 5 топқа бөліп, әр топқа бір-бір санды ермексаздан мүсіндеуді ұсыну.
Балалар сендер қонақтарға неше алма бергілерің келеді? Қанша алма бергілерің келсе, сендер 5 топқа 2-2 балаладан бөлініп, сол ойлаған сандарыңды ермексаздан топ болып бірігіп жасаңдар. Ерекше білімді қажет ететін бала мен кейбір тапсырманы орындау қиынға соққан балаларға жеке барып көмектесу. Соңында жақсы жылдам бірінші орындаған топтарды атап, мадақтау. (Тоғызыншы асықты қоржынға салады.)
Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар, сендер барлық аялдамадан кедергісіз өттіңдер, тапсырмаларды мұқият орындадыңдар. Әне- міне, дегенше әжеміздің ауылына да келіп жеттік.
Әже: Амансыңдар ма, балаларым! Қош келдіңдер! Сендер мен жіберген барлық тапсырмаларды орындадыңдар ма? Қане, менің асықтарым түгел ме? Санап алайын. (Балалармен бірге санайды.) Иә, балалар, сендер тапсырмаларымды дұрыс орындапсыңдар барлық асығым түгел екен. Рақмет, сендерге!
Балалар: Иә, біз сіз жіберген тапсырманың барлығын да орындадық.
Әже: Жарайсыңдар, балаларым! Міне сендерге арналған тосынсыйымда бар сендерге арнап құртымды да бауырсағымды да әзірлеп қойдым. Тәрбиеші апайларың берейін сендерге балабақшаға барғанда тарту етеді. Рақмет, сендерге!
Тәрбиеші: Балалар, енді біз әженің ауылынан кері балабақшамызға да қайтатын уақыт келіп қалыпты. Автобусымызға отырып, балабақшамызға қайтайық.
(Автобусқа мініп, балабақшаға қайтады)
Қорытынды:
-Балалар сендерге бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміз ұнады ма?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Неше аялдамадан өттік?
-Қайда саяхаттап бардық?
-Әже бізге не берді?
-Жарайсыңдар, сендер бүгін жақсы қатыстыңдар?
Олай болса, әжеміздің құртын сендерге таратайын.
Рақмет, сендерге балалар! Қонақтармен ризашылығымызды білдіріп, қоштасайық.
Балалар: Қош, сау болыңыздар!
«Қарағанды облысының білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Гүлдер» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Ашық кіріктірілген түрде
ұйымдастырылған қызметінің жоспары
(математика негіздері, сөйлеуді дамыту, мүсіндеу - танымдық-зияткерлік, коммуникативтік, шығармашылық
іс-әрекет дағдыларын дамыту)
Тақырыбы: «Әжемнің ауылына саяхат»
№9 «Раушан» мектепалды тобы
Өткізген тәрбиеші:
Каипбердиева Гулмайра Тилеубердиевна
Теміртау қаласы 2023 жыл