400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әженің ауылында қонақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына байланысты тақпақ, санамақтарды қайталай отырып, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Дидактикалық ойындар арқылы білімдерін бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әженің ауылына қонақта»


Мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына байланысты тақпақ, санамақтарды қайталай отырып, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Дидактикалық ойындар арқылы білімдерін бекіту.


Оқу қызметінің жүрісі:

Балалар бөлмеге кіріп, қонақтармен амандасады.

Тәрбиеші: Балалар, айналамызға қарайықшы, біздер бүгін әженің ауылына қонаққа келдік.

(Алдарынан әже шығады)

Әже: Менің құлыншақтарым келіп қалыпты ғой, сәлеметсіндер ме балалар?

Балалар: Сәлеметсізбе Әже!

Тәрбиеші: Әже, бізідің балалар аптаның бес күнінде балабақшаға келеді.

Әже: Өте жақсы, оларыныз жақсы екен, балабақшаға міндетті түрде бару керек.

Тәрбиеші: Ал, екі күнінде демалады. Қане, балалар, әжеге сол туралы санамақ айып берейікші.

Санамақ

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада,

Сәрсебіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп,

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні кино көрдік клубта,

Жексенбіде үйде болып демалдық,

Осылайша өте шықты бір апта.

Әже: Тамаша екен балалар!

Тәрбиеші: Әже, бүгінгі демалыста сізге қонаққа келіп, үй жануарларын қарауға, сізге үй шаруасына көмектесуге келдік.

Әже: Жарайды балалар, олай болса мен сіздерді ертіп үй жануарларын көрсетейін. Міне мал қораға да келіп жеттік. Мынау қандай үй жануары?

Балалардың жауаптары:

-Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.

Әже: Дұрыс құлындарым.

Тәрбиеші: Әже біздің балалар үй жанурлары туралы тақпақ біледі, сізге айтып береді?


Тақпақтар:

Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секендеме демінді ал,

Селтеңдемей құлағың.


Құлын, құлын құлыншақ,

Желкідейді тұлымшақ.

Маңдайында жұлдызы,

Құйрығында құндызы.


Кіп-кішкене мамақан,

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным қозым деп.


Маң-маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Төрт аяғын тең басқан,

Түйе деген жануар.

Әже: Жарайсыңдар, құлындарым. Малдың иесі болады, оны сіздер білесіздер ме?

Балалардың жауаптары:

Жылқы атасы – Қамбар ата,

Сиыр атасы – Зеңгі баба,

Түйе атасы – Ойсыл қара,

Қой атасы – Шопан ата,

Ешкі иесі – Сексек ата.

Әже: Балалар сіздер төрт түліктің төлдерін білесіндерме?

Балалар:

Жылқы төлі – құлыншақ ,

Тұяғы жерге ұрыншақ.


Сиыр төлі – бұзау,

Сүйкімді әрі асау.


Түйе төлі – ботақан.

Мөлдіреп көзі ойнаған.


Қой төлі – қошақан,

Өріске қашқан қорадан.


Ешкі төлі – лақ,

Тыныш тұрмайды ол бырақ.


Д/О «Дауысын ажырат»

Ойының шарты: Үнтаспадан жануарлардың даусы естіледі, балалар қай жануардың дауысы екенін анықтайды.

Әже: Тамаша балалар үй жануарлары туралы көп білімдерін бар екен. Қараңдаршы, менде үй жануарларының суреттері бар, бірақ олардың бір мүшелері жетпейді. Оны қалай толықтыруға болады?


Д/О «Жануарларды құрастыр»

Ойын шарты: Балалар кірқыстырғыш арқылы жануарлардың сирақтрың суреттергі денелеріне қыстырады.


Әже: Жарайсыңдар балалар қараңдаршы, менің жануарларым өте көп, оларды санай алмай басым қатуда.

Тәрбиеші: Балалар, әжеге көмектесіп, жануарларын санап берейік.

Санамақ:

Бір дегенім –баспақ,

Бұзауды жүр бастап.

Екі дегенім-ешкі,

Ешкі қойдан өсті.

Үш дегенім-үйрек,

Жем бер, қолға үйрет.

Төрт дегенім-тайлақ,

Тайлақты қой байлап.

Бес дегенім – бие,

Құлынына ие.

Әже: Балалар сендердің көмегіңізбен жануарларымды санадым. Рақмет сендерге.

Тәрбиеші: Әже, біздің балалар үй жануарларының келтірер пайдасын біледі.

Әже: Кәне, айта қойыңдар, мен тыңдап көрейін.

Балалардың жауабы.

Әже: Балалар, сіздер үй жануарлары туралы көп біледі екенсідер.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы устел үстінде карточкалар бар. Бұл карточкалардың ішіндегі аналарымен төлдерін сызық арқылы табуларыңыз керек.


Д/О «Сызық арқылы төлін тап»

Ойын шарты: Балалар суретте бейнеленген анасымен төлдерін фломастермен сызып табу керек.


Әже: Жарайсыңдар балалар.

Әже: Балалар, сіздерге әженің ауылына қонаққа келген ұнады ма? Әженің ауылында қандай қызық болды?

Балалардың жауаптыры.

Қонақтармен қоштасады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.04.2023
320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі