Шымкент қаласы білім
басқармасы
«Болашақ» бөбекжай бақшасы мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Ұйымдастырылған
оқу
қызметі
Тақырыбы: «Әке - бәйтерек»
Қазақ тілі мұғалімі: Беспаева
Г.С.
Шымкент 2020ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық»,
«Әлеуметтік».
Оқу қызметі: Тіл
дамыту.
Тақырыбы: «Әке -
бәйтерек»
Мақсаты: Жанұядағы әкенің
орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын
ояту. Әкеге құрмет көрсету. Жанұядағы әке мен бала арасындағы
қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты, әке
орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын
ояту. Әке туралы нақыл сөздердің тәрбиелік мағынасын түсіндіру.
Қазақ тіліндегі тән дыбыстарды анық айтқызып үйрету.
Әдіс-тәсілдер:
Сұрақ-жауап.
Билингивалық
сөздер: құрмет, сыйлау, жақсы көремін, мейірімді, мекің
әкем.
Тақырып барысы:
Құрметті әкелер, қонақтар
сіздерге арналған «Әке - асқар тау» атты ұйымдастырылған оқу
қызметін ашық деп жариялаймыз. Әке - шаңырақтың негізгі тірегі,
ерекше тұлға. Әрбір бала өз әкесіне қарап өсетін нысанасы. Әке -
ақылшым, тірегім дей отыра, бүгінгі сый-құрмет өздеріңізге
арналады.
Ән: «Менің әкем, ең жақсы
адам»
Музыка әуенімен ортада
балалар, вальс билеп кіреді.
Мұғалім: Балалармен
сәлемдеседі. Қонақтармен
сәлемдесуге
шақырады.
Шаттық
шеңбері
Балалардың
сәлемдесуі:
Жарқырап күнде
ашылды
Күн нұры түгел
шашылды.
Қайырлы күн қонақтар,
Біз бердік сізге
сәлемді.
Мұғалім:
Балаларды орындарына
жайғастырып, отырғызады. Қыс мезгілі туралы сұрақ-жауап
алынады.
Балалар:
Сұраққа толық дұрыс
жауаптарын береді.
Мұғалім:Балалар, бүгін бізге кімдер қонаққа
келді?
Балалар:
Әкелеріміз.
Мұғалім:
Олай болса, бүгінгі
кешімізді, әкелеріміздің құрметіне арнап, барлық сыйластығымызды
көрсетейік. Балалар, сендер әке туралы қандай тақпақ
білесідер?
Балалар өлең-тақпақтарын
оқиды.
1-оқушы:
Арқа сүйер
панасың,
Ақылы мол
данасың.
Адал етіп
өсірген,
Мендей ерке баланы.
2-оқушы:
Әкетайым
асылым,
Жақсы көрем
өзіңді.
Құрметтеп мәңгі
өтемін,
Мәпелеген
өзімді.
Мұғалім:
Ой, бәрекелді! Ал енді
әкелер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Балалар:
1-оқушы: Әкеден
-ақыл
Анадан -
мейір.
2-оқушы: Әкені көріп ұл
өсер.
Анасын көріп қыз
өсер.
3-оқушы: Сайына қарай -
саласы
Әкесіне қарай -
баласы.
Мұғалім:
Жарайсыңдар, балалар!
Балалар әке деген кім?
Балалар:
1-оқушы: «Әке - отбасыныі
тірегі»
2-оқушы: «Әке - асқар
тау»
3-оқушы: «Әке - баланың
қорғаны»
Мұғалім:
Балалар мен сендерді
ертегі көруге шақырамын, ертегіні бірге
тамашалайық.
«Әке мен
бала»
Сергіту
сәті
Орнымыздан тұрайық,
Бойымызды жазайық.
Бір отырып, бір
тұрып,
Орнымызды табайық.
Мұғалім:
Балалар сендер ертегіден
нені түсіндіңдер, ертегінің қандай тәрбиелік мәні
бар?
Балалар:
Әкенің ақылын тыңдау,
құрметтеу, еріншек-жалқау болмау. Мұғалім:
Дұрыс, міне біз ертегіні
көріп, әкеміздің ақылды, қамқоршы, дана адам екенін
білдік.
Мұғалім:
Әкелерді ойынға шақырады.
Балаларды да, ойынға шақырады. Ойын: «Өз әкеңді
тап!»
«Өз балаңды тап!»
Мұғалім:
Әкелерге алғысын
айтады.
Қорытынды:
Балалар, бүгін біз
сендермен қандай тақырыпта әңгіме жүргіздік?
Балалар:
Әкелер
жайлы.
Мұғалім:
Біздің әкелереміз қандай
адам екен?
Балалар:
Ең жақсы адам, ақылды,
батыр, мейірімді, қамқоршы.
Мұғалім:
Жарайсыңдар, әрқашанда,
әкелеріңді құрметтеп, сыйлаңдар,
тәртіпті және білімді болып өсе
беріңдер!
Мұғалім:
Қонаққа келген әкелерден
бата сұрайды.
Құрметті әкелер, бүгінгі біздің «Әке -
бәйтерек» атты, ұйымдастырылған оқу-қызметіміз осымен аяқталды.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, алғысымызды
білдіреміз. Келген аяқтарыңызға гүл бітсін!
Келесі кездескенше cay-саламат
болыңыздар!
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
Әке туралы өлең шумақтарын
жатқа айта біледі.
Игереді:
Әке деген ұғымды,
отбасындағы әкелердің құрметін түсінеді, игереді.
Меңгереді:
Қазақ тіліндегі тән
дыбыстарды анық айта біледі. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін дұрыс
түсіне меңгереді.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Әке мен бала ертегісі. Ыбырай
Алтынсарин
2. Отбасы және балабақша №6 (160)
2013ж.
3. Ән «Әкетайым». Бота
Бейсенова