400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әке -отбасы тірегі.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әке -отбасы тірегі"-атты Әкелер мектебі аясында өтілген аудандық семинар сабақ-7сынып оқушыларымен бірге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып

8«Ә»

Күні:

«Бекітемін»



Сынып жетекшісі: Жаикбаева А.

Тақырыбы

«Тәуелсіздік жетістіктері»

01.09.2021ж

Уақыты:

Мақсаты

Оқушыларға

Оқушының қабілеті

Жалпы адамзаттық,мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау зерттеушілік дағдылары дамыған, Әке –ананы құрметтейтін, Отансүйгіш тұлға болып қалыптасу.

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары

  1. Құрметтеу,

  2. Азаматтық жауаптылық;

  3. Сыйластық..

Мектеп миссиясымен үндестігі

Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жекетұлғаны тәрбиелеуге бағытталған білім ордасы- мектеп. Қазақстанда әр отбасында Әкенің қәдірін,Ананың,Отбасының қәдірін әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру.

Жаһандық азаматтық тұлғасы

Өз Отбасын қатты сүйетін, құрметтейтін ,өз елін, туған өлкенің , салт-дәстүрін сыйлай білетін, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға.

Көрнекіліктер

1. Интерактивті тақта, бейне баян, түрлі-түсті парақшалар, макеттер,ноутбук

 


Сабақ кезеңдері

Жұмыстың түрі

Ресурс

 

Сабақтың басы

  Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесіп, олардың назарын сабаққа аудару,ынтымақтастық атмосферасын орнату. Оқушылар шеңбер құрып, әр елдің амандасу салтын жасау .Үштілділік.

Топқа бөлу.

Ұлттық бірегейлікті сақтау.

Білімнің салтанат құруы.

Бәсекелік қабілет.

 Суреттер арқылы топқа бөлу. 

Оқушылар қорапшадан түрлі қағаз алады, сол қағаздағы сурет бойынша топтарға бөлінеді.

1-топ. «Әке»

2-топ. «Ана»

3-топ . «Бала»

Қорабша, суреттер

Сабақтың ортасы

Бейнеролик көрсетіледі.

«Әке» туралы бейнеролик.Осы бейнеролик арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Әке ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Әкені ренжітпей, оның айтқан үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен.

Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. Әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулап отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбекқорлығының бала тәрбиесіне ықпалы көп.Әке-Отбасы тірегі,Ана-оның жүрегі.



Топтық жұмыс

«Ойлан, бірік, бөліс»-топтық жұмыс.Үштілділік.



1-топ. «Әке» Эссе жазу. Өлең шумақтарын арнау

2-топ. «Ана». Өлең шумақтарын арнау

постер қорғау.

3-топ . «Бала» Сөзжұмбақ құрастыру. Өлең шумақтарын арнау .«Дыбыстар сөйлейді» әдісі.

О-

Т-

Б-

А-

С-

Ы-

Сергіту сәті. Ата-Анаға телефон шалу.

Зияткерлік тапсырма

 «Қадамнан қадамға»,

«Шаг за шагом»

«Step by step» стратегиясы білім бәйгесі.

Отан,Туған жер, Отбасы туралы мақалдарды толықтыру керек.

1. Отан — … да ыстық. (оттан)

2. Туған жерге … тік. (туың)

3. … көлін аңсайды,… туған жерін аңсайды. (Аққу) (Ер жігіт)

4. Туған жердің … де ыстық, … де ыстық. (күні) (түні)

5. Отан … басталады. (отбасынан) (бесік).

7. Абыройлы анаң да – Отан,… әкең де – Отан. (Асқар тау)

8. … өскен жерінде,Адамның жаны – туған елінде. (Ағаш)

9. Туған жердің … да тәтті. (жуасы)

10. …– көлінде патша,…– суында патша,…– елінде патша. (Бақа) (Балық) (Ер жігіт)



Әуенді кезек. «Әкелер.»

Топпен бірге ән айту. Ән-күй.

 




Кеспе қағаз.

Суреттер, ноутбук

Өлең жазу

Мәтін

плакат

Маркер, плакат











Кеспе қағаз.

Суреттер, ноутбук

Өлең жазу

Мәтін

плакат

Маркер, плакат







Сабақтың соңы

КЕРІ БАЙЛАНЫС «ТІЛЕК АҒАШЫ»

Макет

Бағалау

Оқушыларды бағалап,  смайликтер тарату.

Смайликтер































Күні: 01.09.2021 жыл. Мектеп: С.Сейфуллин атындағы жом кмм Сыныбы: 8 «Ә» Мұғалімі: Жаикбаева Айнұр Сырғабайқызы.


Бекітемін:

Мектеп директоры : Омаш Сәуле Шапайқызы

Сабақтың тақырыбы:

«Тәуелсіздік жетістіктері».

Сабақтын мақсаты:


Оқушыларға еліміздің Тәуелсіздік алғалы 30-жылда жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары

  1. Құрметтеу,

  2. Азаматтық жауаптылық 3.Сыйластық..

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі:

Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті,

Нақыл сөздер, слайд, видеобейне

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Жаңа оқу жылындағы Білім күнімен оқушыларды құттықтау.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.






Бейнебаян


Сабақтын ортасы

20 минут

















































































Ой қозғау

10минут

Кіріспе .Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» - баяндамасынан үзінді:

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

Қазақстан Республикасының Президенті

Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. Оның әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр.  

Мен азаттықтың алғашқы онжылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атар едім. Осы уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды.

«Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдадық. Шығыстағы көршімізбен шекарамызды бекіттік. Басқа да іргелес мемлекеттермен шекара жөніндегі келіссөздер қарқынды жүргізіле бастады. Ел аумағын ядролық қарудан толық тазарттық. Елордамызды Арқа төсіне көшірдік. Нарықтық экономикаға өтіп, жекеменшік институтын берік орнықтырдық. Отандық бизнестің негізін қаладық. Жастар әлемнің маңдайалды оқу орындарында білім ала бастады. Түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді.

Екінші онжылдық – Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі. Осы жылдарда мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзінде бекіттік. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендедік. Солтүстік Аралды құтқарып, қашқан теңізді қайтардық. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиттерін өткізуге және басқа да бірқатар маңызды халықаралық жобаларға бастамашы болдық. Елімізге шетелден қомақты инвестиция тарттық. Есілдің жағасында бой көтерген еңселі елордамыз ұлттық идеямызға айналды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. Тұрғын-үй құрылысы да бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамыды. 

Үшінші онжылдықта шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік.Әр бағыт бойынша «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» сияқты ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. Саяси және экономикалық реформалармен қатар рухани жаңғыруға баса мән бердік. Осынау толағай табыстардың бәріне Елбасының дара көшбасшылығының һәм халқымыздың даналығы мен парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, Елбасы Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан болар едік.  Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет. Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.  

Оқушылар :

Отан,Туған жер, Отбасы туралы мақалдарды толықтыру керек.

1. Отан — … да ыстық. (оттан)

2. Туған жерге … тік. (туыңды)

3. … көлін аңсайды,… туған жерін аңсайды. (Аққу) (Ер жігіт)

4. Туған жердің … де ыстық, … де ыстық. (күні) (түні)

5. Отан … басталады. (отбасынан) (бесік).

7. Абыройлы анаң да – Отан,… әкең де – Отан. (Асқар тау)

8. … өскен жерінде,Адамның жаны – туған елінде. (Ағаш)

9. Туған жердің … да тәтті. (жуасы)



Слайд арқылы мәлімет беру



© egemen.kz





































https://egemen. kz/article/ 260146-tauelsizdik-barinen-qymbat














© egemen.kz

Сабақтың соңы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
827
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі