400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Әке – отбасының тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, тұлғаны адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, тәрбиелі жеке тұлға ретінде қалыптастыру барысындағы тәрбиелеу туралы ой-пікірлерімен бөлісу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жезқазған қаласы №10 ЖОББ мектебі.

Математика пәні мұғалімі: Аринова Бағдат Аманбаевна

Тақырыбы: Әке – отбасының тірегі

Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, тұлғаны адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, тәрбиелі жеке тұлға ретінде қалыптастыру барысындағы тәрбиелеу туралы ой-пікірлерімен бөлісу.

Өткізу формасы: семинар-тренингі

Әдісі: ой қозғау, пікірталас

1. Кіріспе бөлім Жүргізушінің сөзі

«Әке-шаңырақтың негізі тірегі»(әке туралы сөз, әкенің ролі қандай?)

2. Бейнефильм «Әке деген кім?»

3. Топпен жұмыс.

4. Сергіту сәті

5. «Мен үшін қымбат....» ( Ой қозғау )

6. Психологиялық ойын

7. Маслоу пирамидасы

8. Ойын (шармен)

9. Қорытынды.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: « Таныстыру тренингі»

1. Мұғалімнің сөзі: «Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке»-ге деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелерімізге арналған «Әке – отбасының тірегі » атты семинар-тренингіміз ашық деп жариялаймыз.

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі ашық семинар- тренингімізде әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо.

Оқушылардың сіздерге арналған әке туралы өлең жолдарын тыңдап көрейік.

Мекежан

Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.

Медеу

Әкем шытса қабағын -
«Байқа балам» дегені.
Алған көп - ақ сабағым,
Жақсы көрем мен оны.
Бойға қуат береді,
«Әй, жарайсың»дегені.
Мен әкемнен әр кезде,
Соны естігім келеді.

Диас

Қамқорсың әке өмірде,
Қуатым сенсің көңілге.
Әлпештеп мені өсірдің,
Ұшармын ертең көгіңде.
Аңсаймын жылы сөзіңді,
Ақылшым болған кезіңді.
Есімде әке сақтаймын,
Асқар биік өзіңді.

Мекежан

Асқар тау әкешім бар сүйенішім,
Ізгілік, адалдықты сүйеді шын.
Қабақ шытса балалық қылығыма,
Ешқашан болмақ емес ренішім.
Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым - биікке жетелеген.

Медеу

Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым - биікке жетелеген.
Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем,
Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.
Кіп-кішкентай жүрегім сендіреді,
Мен өзіңді, әкетай, бақытты етем!

2. Бейнефильм «Әке деген кім?»

Бейнефильмді көргенде қандай сезімде болдыңыздар? ( әкелердің пікірлері)

Мұғалімнің сөзі: Әке отбасының тірегі қандай жағдай болмасын, отбасында әкенің орыны ерекше екенін барлық адамзат баласы түсінеді, сондықтан біздің сіздермен кездесу жасап отырғанымыздың маңыздылығы да осында.

3. Топмен жұмыс. Әкеге арналған ситуациялық сұрақтар.

1-топ

Ертеде бір үлкен қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, - депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп, әкесі:
- «Балам анау не? – деп сұрапты.
- «Ол – түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол – түйе, түйе» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? - деп ренжіпті.
Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

Бұндай жағдай не себептен болды? ( 1 топ әкелер пікірі)

Мұғалімнің сөзі : Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әке. Әкенің бұл ролі бала – шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. Әрине, ер азамат өзінің әкелік борышын ұмытпағанда, әсіресе әйелімен қабағы жарасып, тату, сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін, өнегелі өміршең салтын, діни жол – жосығымызды ескергенде ғана оның қадір - қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды ағайын - туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек.

2-топ

Әкесі жұмыстан келе сала «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып демалғанға жететін не бар екен, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты тек ақымақтар ғана істесін» деп өзінен - өзі ызаланады. Осыны естіген 5 - сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен - күнге қиындап барады, басты ауыртып керегі не, бәрібір түсінбеймін» деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды.

(2 топ әкелер пікірі, жалпы осы екі жағдайға барлығыіыздың пікірлеріңіз)


Мұғалімнің сөзі: Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?


4. Сергіту сәті. Көңілімізді бір көтерейік сергіту сәтін жасайық.(Музыка)

Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- «иә» десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар;
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай ма?
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі отбасында кімде болу керек?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.
- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

5. «Мен үшін қымбат....» ( Ой қозғау )

Слайд көрсетіледі.

Мен үшін, сіздер үшін жалпы ата-аналар үшін қымбат кім? Әр әке өз баласының қасиеттерін жазады.


Shape1


Shape2 Shape3

Shape4

Бала

қасиеттері



Shape5 Shape6


Shape7

Shape9 Shape8







6. Психологиялық ойын

7. Маслоу пирамидасы. Жаңа өздеріңіз балаларыңыздың қасиеттерін жаздыңыздар, қандай әке болмасын баласының бойында жақсы қасиеттер болғанын қалайды. Ал осы кездесу барысында бірінші бөлімнен бастап сіздермен бала туралы, оған қатысты әртүрлі жағдайлар барысында сөз қозғап жатырмыз, ал сіздер әке ретінде балаңыздың бойында жақсы қасиеттер болуына және ертең өзін болашаққа азамат ретінде бағыттау үшін не істеп жатырсыздар.

(Әр әкеге Маслоу пирамидасы салынған қағаз таратылып берілді, бұл қағазға балаңызға сәби кезінен бастап осы кезеңге дейін не бердім деп ойлайсыз соны ретімен толтырады).

8.Ойын (шармен) Ән (Әке туралы жыр)Барлық әкелер қосылып айтады.

9.Қорытынды

Данышпан философ Фалес айтқандай

Дүниедегі ең үлкен нәрсе –кеңістік

Бәрінен жүйрік- ой

Бәрінен дана уақыт

Бәрінен жеңіл- басқаға ақыл айту

Бәрінен қиыны өзінді-өзің тану-дегендей балаларыңыздың өмір деген теңізде өз орындарын тауып, өз алдына мақсат қоя білетін білімді ұл мен қыз тәрбиелей берулеріңізге тілектеспін.

Құрметті әкелер! Бүгінгі «Әке – отбасының тірегі» атты тренингімізге келіп, бала тәрбиесіне ой қосып, ат салысып, пікірлескендеріңізге көп рахмет. Сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға мол бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Әріптестер және әкелер сонымен бүгінгі «Әке-отбасының тірегі» атты семинар-тренингімізді аяқтаймыз, сіздермен алда тағыда бала тәрбиесіне қатысты кездесулеріміз көп болсын, аман-сау, бай -қуатты болыңыздар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
1432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі